Accessibility links

Қырымда жоғалғандарды қолдау акциясы

«Қырым SOS» қоғамдық бастама белсенділері Қырым татарлары ұлттық қозғалысы қатысушыларымен бірге Киевтегі Ресей елшілігі алдында Қырымда жоғалған азаматтарды қолдау акциясын өткізді. Шараға қатысушылар елшілік алдында Қырым түбегінде жоғалып кеткендердің аты-жөні жазылған плакаттар ұстап тұрды. Бұған қоса осы жерде перфоманс ұйымдастырылды: елшілік ғимараты алдындағы үстелге қойылған үш кесеге егде жастағы ер адам мен әйел кофе құйды. Үш ыдыстың біреуі хабарсыз кеткен ұлға арналған. Белсенділер мұндай акцияны ай сайын өткізуді жоспарлап отыр. (Азаттықтың Украин қызметінің суреттерінен фотогалерея.)

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG