Accessibility links

Қырымда жоғалғандарға арналған шара

Киевтегі Ресей елшілігі алдында белсенділер ұйымдастырған «Эрвин қайда?» акциясы аясындағы шарада көрсетілген 3D графикасының көмегімен салынған шыңырау суреті Қырымда хабар-ошарсыз жоғалып кеткен азаматтардың тағдырына арналды.

«Эрвин қайда?» акциясы Бақшасарайда Қырым татарларының дүниежүзілік конгресі атқару комитетінің мүшесі Эрвин Ибрагимовті белгісіз біреулер ұрлап әкеткеннен кейін бірнеше айдан соң басталған. 2016 жылғы мамырдың 24-і күні ресейлік жол инспекторының киімін киген екі адам Ибрагимовтің көлігін көшеде тоқтатып, оны шағын автобусқа күштеп отырғызып алып кеткені бейнебақылау камерасына түсіп қалған еді. Содан бері Эрвин Ибрагимовтен ешқандай хабар жоқ. 25 сәуір 2017 жыл.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG