Accessibility links

Қырғыз референдумының жай-жапсары


Қырғызстанның Ош қаласында сайлау жәшігіне бюллетень салып жатқан әйел. (Көрнекі сурет)
Қырғызстанның Ош қаласында сайлау жәшігіне бюллетень салып жатқан әйел. (Көрнекі сурет)

Қырғызстан халқы желтоқсанның 11-і күні конституцияға енгізілетін өзгерістерге дауыс береді.

Олар конституциялық референдуммен жақсы таныс: Қырғызстан тәуелсіздік алған 25 жылда мұндай жағдай жетінші рет болып отыр. 1994 жылғы түзетулер президенттік билік тұсында енгізілді.

Әр референдумда қайталанатын әрекет: «иә» немесе «жоқ» деген жолдың тұсына белгі қою. Сайлаушылар жиырма шақты өзгерістің әрқайсын жеке таңдай алмайды.

Бәрінен бұрын билікті президент пен парламенттен премьер-министр мен үкіметке ауыстыруды көздейтін өзгеріс ерекше назар аудартты. Одан басқа да маңызды түзетулер баршылық.

Қырғызстанның қазіргі конституциясы 2010 жылдың маусымында, президент Құрманбек Бакиевті биліктен тайдырған кезде мақұлданған еді. Сол кезде Қырғызстандағы президенттік басқару нысаны парламенттік болып өзгертілді.

Солайша Орталық Азиядағы парламенттік жүйеге алғаш көшкен мемлекет – Қырғызстан болды. Ол конститутцияда 2020 жылға дейін ешқандай өзгеріс енгізбеу туралы да жазылған.

Бірақ қазіргі конституцияға түзету жасау керек дегендердің ішінде бұрынғы заң шығарушылар да бар. Референдумды сынаушылар «2017 жылдың қазанында президенттік сайлау өтеді, уақытты дұрыс таңдамады, конституцияға өзгерісті сол сайлаудан соң енгізген жөн еді» дейді.

Қалай болғанда да өзгерістер топтамасын парламент мақұлдады. Адамдардың көбі билікке қатысты өзгерістерге ғана мән береді, бірақ басқа да күмәнді түзетулер бар.

АДАМ ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ ӨЗГЕРІСТЕР

36-баптың 5-тармағы «Неке құру жасына толған азаматтар некеге отырып, отбасын құруға құқылы» деп тұрса, енді оны «Неке жасына толған ер мен әйел адам некеге отырып, отбасын құруға құқылы» деп өзгертпек, қыспаққа алынған ЛГТБ қауымдастығына қатысты ұстаным байқалады.

Олар мойындалған, ресми байланыс құра алмайды, Қырғызстандағы консервативтік көзқарас өкілдері мұндай қадамды «дәстүрлі емес» қатынасқа өздерінің қарсылықтарын заңдастыру деп қуанады.

41-баптың 2-тармағында «Халықаралық келісімшарттарға сәйкес, бұзылған құқық пен еркіндікке қатысты адам құқығы жөніндегі халықаралық мекемелерге жүгінуге әркімнің құқығы бар» деп жазылған.

Ал референдумда дауысқа салынатын өзгертуде осы сөйлемнің «Егер осы мекемелер адам құқығы мен еркіндігі бұзылғанын растаса, Қырғыз Республикасы шығынның орнын толтыру және/немесе қалпына келтіру үшін шара қабылдайды» деген жалғасын алып тастаған.

Өзбекстандық құқық қорғаушы, 2010 жылдың маусымында Қырғызстанның оңтүстігінде өткен бүлікке қатысқан Әзімжон Асқаровтың ісімен таныс жандар өзгерістің себебін түсінеді.

Оқи отырыңыз: Асқаров ісі бойынша БҰҰ шешімін орындамау Қырғызстан беделіне нұқсан келтіреді

Өзбек құқық қорғаушысы Әзімжан Асқаров сотта отыр. Бішкек, 4 қазан 2016 жыл.
Өзбек құқық қорғаушысы Әзімжан Асқаров сотта отыр. Бішкек, 4 қазан 2016 жыл.

2016 жылдың сәуір айында Адам құқығы жөніндегі БҰҰ комитеті Қырғызстанға Асқаровты дереу босатып, оған тағылған айыптың күшін жоюға шақырды.

Конституцияның 26-бабы кінәсіздік презумпциясы, сотқа беру құқығы, сотталушы азаматтың басқа да құқықтарына арналған. 26-бапқа енгізілген қосымшада талап қою мерзіміне қатысты заңды күшейтеді, бірақ «геноцид пен экоцидке» қатысты қылмыстарға қатысты талап қою мерзімі болмайтынын анық көрсетеді.

Қырғыз қоғамы елдегі экологияға алаңдайды, кен өндіруші компаниялар, жергілікті жұрт Қырғызстанда жұмыс істейтін шетелдік компаниялар жергілікті экожүйені құртып жатыр деп қауіптенеді. Шетелдік компанияларға қатысты бірнеше айыптаулар да айтылған еді.

Конституция кіріспесіне қосылған өзгертулерде қырғыз ұлтшылдарына ұнайтын жолдар бар. Онда «қырғыз мемлекеттілігін дамыту және бекітуге, мемлекеттік егемендікті және халық бірлігін сақтауға мызғымас сенім және табанды жігер таныта отырып» деген жолдарға «оның тілі (жекеше түрде ғана айтылады) мен мәдениетін дамытуға» деген сөздер қосылған.

50-баптың 2-тармағында Қырғызстан азаматын азаматтығынан айыруға ешкімнің құқығы жоқ екені баяндалған. Бірақ конституцияға өзгеріс енгізілсе, Таяу Шығыс немесе Ауғанстан, Пәкістанға кетіп, әсіредіншіл топтарға қосылған тұрғындарды азаматтығынан айыруға мүмкіндік беріледі.

БИЛІКТІ ЖАСАҚТАУ ЖӘНЕ АТҚАРУ ТУРАЛЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Енді үкіметте болатын өзгерістерге келсек. Қазіргі кезде премьер-министр «жергілікті кенештің ұсынысы бойынша заңда бекітілген тәртіппен жергілікті мемлекеттік әкімдік басшыларын тағайындайды және қызметтен алады» (89-бап, 7-тармақ). Өзгертуге ұсынған нұсқасы бұдан қысқалау, онда премьер-министр тек «жергілікті әкімдік басшыларын тағайындап және қызметінен босата алады» деп көрсетілген.

Қырғыз парламентіне келіп отырған үкімет мүшелері. Бішкек, 9 қараша 2016 жыл.
Қырғыз парламентіне келіп отырған үкімет мүшелері. Бішкек, 9 қараша 2016 жыл.

87-бапқа енгізілетін өзгерістер премьерге парламенттің мақұлдауымен министрлерді тағайындап, орнынан алуға мүмкіндік береді. Түзетулерге сай премьер-министр парламент депутаты болуы керек, қазіргі конституция оны талап етпейді.

Оған қоса, премьер-министр мен бірінші вице-премьер депутаттық мандаттарын сақтап және пленарлық отырыста дауыс бере алады. Егер аталған екі шенеунік отставкаға кетсе немесе қызметтерінен алынса, қандай да бір себеппен міндеттерін орындауды тоқтатса, «олардың депутаттық өкілеттілігі толық көлемде қалпына келтіріледі» (73-бапқа қосымша).

Өзгерістер бойынша, Қырғызстан президенті енді Қорғаныс кеңесін басқармайды, яғни, әскери және құқық қорғау мекемелеріне басшы саналмайды, оның орнына Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болады (64-бап, 9-бөлім, 1-тармақ). Қауіпсіздік кеңесінің жауапкершілік міндетіне не кіретіні түсініксіз.

Түрлі деңгейдегі соттардың, соның ішінде Жоғарғы соттағы судьяларды ауыстыра алады, абыройына кір келтірген адамдар мемлекеттік қызметте істей алмайды.

Мұнан өзге, биліктегі коалициядан шығару үшін парламенттік фракцияға арналған жаңа ережелер ұсынылып, премьер-министр лауазымына кандидат ұсынатын коалицияға 15 емес, 25 күн беру керек деген өзгерістер қамтылған.

68-баптың 2-тармағында қазіргі кезде «Президент мерзімінен тыс Жоғарғы Кенеш сайлауын тағайындай алмайды және үкіметті қызметтен кетіре алмайды» деп жазылған. Енді оған «президент сайлауы мерзімінен тыс өте қалған жағдайда оған қатыса алмайды» деген қосымша енгізілген.

Қырғызстанның тарихына шолу жасасақ, бұл референдумға азаматтар көп дауыс береді деп болжауға болады. Сайлаушылар өзгеріспен таныс болса да, оны құптай қоя ма деген сұрақ тұр.

Брюс Панниердің блогын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.

XS
SM
MD
LG