Accessibility links

Сариев: «Жээнбеков Атамбаевтың көлеңкесінде қалмайды»


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта), Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков (екінші қатарда) және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҰҚШҰ саммитінде түскен суреті. Минск, 30 қараша 2017 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта), Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков (екінші қатарда) және Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ҰҚШҰ саммитінде түскен суреті. Минск, 30 қараша 2017 жыл.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков шетелдерге алғашқы сапарын аяқтады. Ол Мәскеу мен Минскіге барып, қызметіне кіріспей тұрып туындаған кей проблемаларды шешті. Азаттықтың «Енді әріптес елдермен қатынас реттеле ме?», «Жаңа басшы өзін қалай көрсетті?» деген сұрақтарына саясаттанушы Марс Сариев жауап береді.

Азаттық: - Сооронбай Жээнбеков жаңа басшы ретінде алғашқы сапарын аяқтады. Оның сапары сарапшылар мен журналистердің назарында болды. Жұрт өзге ел басшылары жанында жаңа президент қалай көрінер екен деген ойда болды. Сіздіңше, Мәскеу мен Минскіге сапары кезінде ол қалай көрінді?

Марс Сариев: - Ол өзін сенімді ұстағандай көрінді. Еуразия Одағы (ЕАЭО) мүшелерінің бәрі оған жылы шырай танытқаны байқалды, ол да жақсы әсер қалдырды. Әйтеуір ақпарат құралдарының хабарларына, фотосуреттерге қарағанда, ол Қырғызстанды лайықты дәрежеде көрсеткені сырт келбетінен де, өзге ел басшыларының онымен қалай сөйлескенінен де байқалды. Оны тең дәрежелі тұлға ретінде қабылдап, қолпаштағаны байқалды. Меніңше, ол өзін сенімді тұлға ретінде көрсетті.

ВИДЕО: Қырғыздың жаңа президенті туралы не білеміз?

Қырғыздың жаңа президенті
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:06 0:00

Азаттық: - Минскіде Қырғызстанның жаңа президентінің қазақстандық әріптесімен жоспарланбаған кездесуі нәтижесінде екі жақты кей проблемалар шешілді. Тіпті алғашқы талпыныстан шешілді деуге болады. Үкіметтер деңгейінде ертеректе өткен кездесулерден тұшымды нәтиже шықпаған еді. Сонда қайшылықтарды шешу тұлғаларға ғана тіреліп тұрған ба?

Марс Сариев: - Мен қазақ-қырғыз дағдарысы тез арада реттеледі деп Жээнбековтің Мәскеу мен Минск сапарына дейін берген сұхбатымда айтқан болатынмын. Бұл - қисынды нәрсе, солай болуы тиіс болған. Жээнбеков қаласа да, қаламаса да, жағдай президенттер шешетіндей дәрежеге жетуі тиіс болды. Әлбетте, бұл жерде жеке тұлға факторы шешуші рөл ойнады. Мен Қырғызстанның экс-президенті Атамбаевты, оның позициясын айтып отырмын. Ол әлгі қадамдарға ішкі саяси міндеттерді шешу үшін барды. Мен сайлауалды науқанын айтып отырмын. Азия болғандықтан, бізде мұндай кезде жеке тұлға рөл атқарады. Премьер-министр келісім жасасуға тырысты, бірақ ол -Нұрсұлтан Назарбаевтың деңгейі емес. Ол жаңа президентпен көзбе-көз сөйлесуі керек болды.

ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ҮКІМЕТ ДАУЫ ТУРАЛЫ АЗАТТЫҚ МАҚАЛАЛАРЫ

Екі жақтың да абыройын сақтап қалуға тырысу элементтері бұл жерде де болды. Әлбетте, Минскінің алдында Мәскеуге барып, Путинмен оңаша сөйлескені де үлкен рөл атқарды. Ол жақта қазақ-қырғыз қатынасы қозғалды. Меніңше, проблемаларды тез шешу үшін бұл жерде үш елдің де мүддесі тоғысты деп ойлаймын.

ВИДЕО: Назарбаев пен Жээнбеков "бәрін жаңадан бастамақ" (30 қараша 2017 жыл)

Назарбаев пен Жээнбеков "бәрін жаңадан бастамақ"
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:54 0:00

Азаттық: - Алмазбек Атамбаевтың тұсында Қырғызстан Қазақстанмен ғана емес, кей мәселелер бойынша Беларусьпен де дүрдараз болатын. Қырғызстанның жаңа президенті келуіне байланысты енді қарым-қатынас түзеледі деп ойлайсыз ба?

Марс Сариев: - Әлбетте түзеледі. Меніңше, қазір Ресей ЕАЭО-ның орнықтырақ жұмыс істеп кетуіне өте мүдделі болып отыр. Беларусьпен арадағы және ЕАЭО-ға мүше болмағанымен, Тәжікстанмен арадағы экс-президент қалдырып кеткен проблемалар тез арада реттеледі деп ойлаймын. Өйткені Қазақстанмен салыстырғанда, олар онша қиын түйіндер емес болатын. Меніңше, Жээнбеков өздігінен әрекет етуге қабілетті екенін көрсетеді. Ол Атамбаевтың көлеңкесі болмайды дегенді мен бұған дейін де айтқанмын. Өйткені бұл оны құрдымға кетірер еді. Бірақ бұл Атамбаевтың ықпал аясынан бүтіндей шығады дегенді білдірмейді. Тұтастай алғанда, жағдайды Атамбаевтың командасы ұстап отыр, сондықтан мысалы, Чыныбай Тұрсынбеков (Жогорку Кенештің бұрынғы төрағасының отставкаға кетуін айтады – ред.) сияқты демарштар болмайтыны анық. Ол осы тұжырымдама аясында жұмыс істейтін болады.

Азаттық: - Кей сарапшылар әрі экс-президенттің өзі де ұлттық мүддені жанымды салып қорғадым, белгілі бір нәтижелерге қол жеткіздім, қызбалыққа салынғаныммен, есебім дұрыс дейді. Ол өзге елдермен қарым-қатынас жайлы қызбалықпен талай рет ауыр сөздер айтты. Атамбаев қызметінен кетер алдында ЕАЭО-ны сынады. Бірақ Жээнбековтің болмысы бөлек адам. Ол өз позициясын, ел позициясын аянбай қорғайды деп санайсыз ба?

Қырғызстандық саясаттанушы Марс Сариев.
Қырғызстандық саясаттанушы Марс Сариев.

Марс Сариев: - Экс-президент Атамбаев әдеттегі саясаткердің мінез-құлқы туралы орныққан стереотипті бұзды. Тіпті батырсынып кетті. Ол саясаткерлерге тән емес қылық көрсетіп, әрекет етті, оның әрекеттерінің ерекшелігі мен ұтымдылығы да осында болды. Бірақ меніңше, бұл аяқ асты әрекет емес, ойластырылған қадамдар болды. Ол ауыр сөздерімен мемлекет басшыларымен келіссөз жүргізу кезінде ұстанатын дипломатиялық этикетке қатысты орныққан шаблонды бұзды. Әрине, бұдан нәтиже шықты. Бірақ бұл саяси қайраткерлерге тән қылық емес. Бұл оның әлсіздігі болса керек. Өзге тәсілдер болмағандықтан, Атамбаев өз дегеніне мүлде өзгеше амалмен қол жеткізді.

Жээнбеков Атамбаев сияқты әрекет ете алмайды, көрші ел басшыларымен дәйекті түрде әрі дипломатиялық тұрғыда дауласу үшін Жээнбековте мықты негіз болуы тиіс. Ол - ұстамды адам, сондықтан әр іске кәсіпқойлықпен қарауы тиіс. Ол саяси сахнада Атамбаев сияқты ереже бұзып ойнай алмайды. Өйткені оның болмысы мүлде бөлек адам. Ол кісіге қиындау болады. Атамбаев өзінің ерекшелігіне сүйенді, оны жаратылысы бөлек адам деп тіпті Путин де айтқан. Бірақ бұл - дәстүрге сәйкес келмейтін әрі саяси аренада көп кедергіге тап қылатын мінез. Атамбаев кәсіпқой саясаткер емес қой, оның әлгі әрекеттерінің бәрі - әлсіздігінің кесірі. Бірақ оның саяси алаңда қолданатын бірқилы тосын тәсілдері стратегиялық болмаса да, тактикалық нәтижелерге жеткізетіні анық.

ВИДЕО: Атамбаевтың Қазақстан билігін сынаған сөзі (8 қазан 2017 жыл)

Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев қазақ билігін сынады
please wait

No media source currently available

0:00 0:07:23 0:00

Болот Колбаев пен Марс Сариевтің сұхбаты орыс тілінен аударылды.

XS
SM
MD
LG