Accessibility links

Сот Тұңғышбаевтың экстрадициясын мақұлдады


Мұратбек Тұңғышбаев сот залында тұр. Бішкек, 19 маусым 2018 жыл
Мұратбек Тұңғышбаев сот залында тұр. Бішкек, 19 маусым 2018 жыл

Бішкек соты қазақстандық белсенді Мұратбек Тұңғышбаевты Қазақстанға экстрадициялау туралы Бас прокуратураның шешімін қолдады.

Маусымның 25-інде Бішкектегі Октябрь аудандық соты Қырғызстан Бас прокуратурасының Мұратбек Тұңғышбаевты Қазақстанға экстрадициялау туралы шешіміне қарсы адвокат Нурбек Токтакунов түсірген арызды қанағаттандырмады. Сот отырсына қатысқандардың бірі, жергілікті құқық қорғаушы Рита Карасартова Азаттықтың Қырғыз қызметіне:

- Сот экстрадицияны дұрыс деп шешіп, "Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 131-бабына лайық бұған қарсы арыздансаңдар болады" деп қойды. Ол бапта "тергеу-тексеру істері жүріп жатқан жерден арызданса болады" деп жазылған. Бұл "Қазақстанға барып арызданыңдар" деген сөз. Ең басында қарап жатқанда "Бұл қылмыстық іс емес, прокуратураның жазған ұсынысын қарап жатырмыз" деген. Аяғында Қылмыстық-процессуалдық кодекске сүйеніп, басқа шешім шешім шығарып жіберді. Мұндай болмау керек, - деді.

Бұл "Қазақстанға барып арызданыңдар" деген сөз.
Рита Карасартова, құқық қорғаушы

Белсендінің тағдырына алаңдайтын құқық қорғаушылар мен адвокат "Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік қызметі комитетінің абақтысында отырған Тұңғышбаевты бүгін-ақ Қазақстанға тапсырып беруі мүмкін" деп қауіптеніп жатыр.

Көре отырыңыз: Тұңғышбаевтың соты

Қазақ блогері, белсенді Мұратбек Тұңғышбаевтың соты
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:02 0:00

Блогер әрі белсенді Мұратбек Тұңғышбаев Қазақстан билігінің сұрауымен 10 мамырда Бішкекте ұсталған. Ол қазір Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің (ҰҚМК) тергеу абақтысында отыр. Қазақстан билігі блогерді "экстремистік ұйым ретінде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" қозғалысын қолдайды" деп айыптап отыр. Тұңғышбаев пен оның туыстары бұл айыптың саяси астары барын мәлімдеп, халықаралық ұйымдардан араша сұрайды.

18 маусымда Бішкекте қырғызстандық және қазақстандық азаматтық белсенділер Тұңғышбаевты қудалауды тоқтатуды талап етіп, Қазақстан елшілігі алдында акция өткізген.

24 мамырда Қырғызстан Бас прокуратурасы Мұратбек Тұңғышбаевты Қазақстанға экстрадициялау туралы шешім шығарған. Бұған дейін оны қамауға алу туралы шешімге қарсы берілген шағымдардың ешқайсысы қанағаттандырылмады. Қырғызстанның миграциялық қызметі 5 маусым күні Азаттыққа Мұратбек Тұңғышбаевтың өзіне босқын мәртебесін беру туралы өтінішін қарастырып жатқанын хабарлаған.

19 маусымда Бішкекте Мұратбек Тұңғышбаевтың Қырғызстан прокуратурасының өзін Қазақстанға қайтару туралы шешімінің үстінен түсірген шағымы қарала бастаған. Сотта Тұңғышбаев қырғыз билігінің өзін Қазақстанға қайтару туралы шешімімен келіспейтінін мәлімдеп, егер сот прокуратура шешімін қолдаса, "радикалдық әрекеттер жасайтынын" айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG