Accessibility links

Қырғызстан парламентінің депутаттары сән көрмесінде итке қырғыздың ұлттық қалпағын кигізген дизайнерді жауапқа тартуды талап етті. Депутаттар ұлттық киімді жануар не үй хайуанына кигізуге болмайды деп санайды.

Бішкектегі сән үлгісі кезінде иттерге арналған киім үлгісі де көрсетілген. Ұйымдастырушылар мен дизайнерлер сахнаға қалпақ киген ит шығарған. Осыдан кейін кей белсенділер итке қалпақ кигізу қырғыз халқын қорлау, ұлтаралық араздықты қоздыру деп есептеп, қарсы шықты. Енді бұл шу парламентке де жетті.

Қырғыздың ұлттық қалпағын киген ер адамдар.
Қырғыздың ұлттық қалпағын киген ер адамдар.

Белсенділер Бішкекте қарсылық шарасын ұйымдастырып, сән көрмесін ұйымдастырушылар халықтан кешірім сұрасын деп талап етті. Олар президентке, премьер-министрге, парламентке хат жазбақ. Белсенділер итке қалпақ кигізгендер айыппұл төлеу керек деп санайды.

Желтоқсанның 28-і күні Қырғызстан парламентінің отырысында социал-демократ Рыскелді Момбеков бас прокуратура мен мемлекеттік қауіпсіздік комитетінен бұл істі тексеруді талап етті. Момбековты басқа да депутаттар қолдады.

"Қаланың ортасындағы ірі сауда орталығына итке қалпақ кигізу – ұлттық киімді сыйламау. Ұйымдастырушыларды жауапқа тарту керек. Иттің иесі қанша кешірім сұраса да оны жазалау қажет, - деді депутат Тазабек Икрамов.

Депутат дизайнерді, иттің иесіне нақты қандай жаза қолдану керектігін айтпады.

Парламент жиынына келген Қырғызстан президенті әкімшілігінің өкілі бұл шуға қатысты нақты мәлімдеме жасайтындары мәлімдеді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG