Accessibility links

Каддафи үкіметінің тағы бір министрі отставкаға кетті


Ливия сыртқы істер министрі Муса Куса баспасөз мәслихатында. Триполи, 18 наурыз 2011 жыл.
Ливия сыртқы істер министрі Муса Куса баспасөз мәслихатында. Триполи, 18 наурыз 2011 жыл.

Ұлыбритания билігінің хабарлауынша, Ливия сыртқы істер министрі Муса Куса Каддафи үкіметінен кетіп, Лондоннан саяси баспана сұраған.


Ливия сыртқы істер министрі Муса Кусаның Каддафи режимінен кетуі «Вашингтон Ливия оппозициясына қолдау көрсету шараларын заңдастырған» деген хабарға тұспа-тұс келді. Қазір Ливия көтерілісшілері Каддафи күштерінің шабуылынан кейін елдің шығыс жағалауында басып алған аймақтарынан кете бастады.

«КАДДАФИ РЕЖИМІНІҢ ЫДЫРАУЫ»

Ливия жетекшісі Муаммар Каддафи жасақтары көтерілісшілерге қарсы шабуылын жалғастырып отырған тұста, ел сыртқы істер министрінің шетелге қашып кетуі ауыр соққы болды.

Муса Куса сәрсенбі күні Тунистен келе жатқан жолда Лондон сыртындағы әуежайда қалып қалған. Ұлыбритания сыртқы істер министрі Уильям Гааганың айтуынша, Каддафи үкіметінің жоғары лауазымды тұлғасы Куса қызметінен кететінін бейсенбі күні мәлімдеген.

Британ министрінің сөзіне қарағанда, Ливия министріне тергеуден құтқаратын дипломатиялық артықшылық берілмейді. «Бірақ оның Каддафи жақтастарының кетуі бұл режимнің ішінен ыдырай бастағанын көрсетеді» дейді Ұлыбритания сыртқы істер министрі.

– Ол мұнда өз еркімен келген. Өзінің қызметінен кететінін айтты. Онымен бұл мәселені талқылап жатырмыз, кейінірек егжей-тегжейлі хабарлаймыз. Каддафиді маңындағылардың тастап кетіп жатқанын қолдаймыз. Бұл Ливия халқының ұмтылысына сай шынайы реформалар жасап, саяси биліктің ауысуына жол ашатын ел келешегімен байланысты, – дейді Уильям Гаага.

Ал Ливия билігі Кусаның отставкасын жоққа шығарып, «сыртқы істер министрі Лондонға дипломатиялық миссиямен барды» дейді.

Осыған дейін Ливияның әділет және ішкі істер министрлері Каддафидің 40
Көтерілісшілер Бенгази мен Аждабия қалаларының арасында, коалиция күштерінің соққысынан қираған Каддафи жасағына тиесілі танкке шығып тұр. Ливия, 20 наурыз 2011 жыл.
жылдан бергі билігіне қарсы наразылықтар кезінде шерушілерге күш қолданылғанына қарсылық ретінде орындарынан кеткен. Муса Куса – Ливия күштеріне қарсы халықаралық күштердің әуе соққысы басталған наурыздың 19-ынан бері отставкаға кеткен алғашқы лауазым иесі.

Муса Кусаның бұл әрекеті Ливиядағы Каддафи күштерінің соққысынан кейін шығыс жағалаудан кері шегіне бастаған көтерілісшілерге тиімді болуы мүмкін.

Ұлыбританияның бұрынғы сыртқы істер хатшысы Джек Строу бейсенбі күні BBC-ге берген сұқбатында «Кусаның бұл қадамы Каддафиге қарсы шешуші факторға келуге мықты дәлел бола алады» деді.

Батыста білім алған Муса Куса кезінде елдің құпия қызметін басқарған. Ол енді Каддафиді биліктен қалай кетіруге байланысты барлау қызметінің құнды мәліметтерімен бөлісуі мүмкін.

«НАТО-НЫҢ МАҚСАТЫ – ХАЛЫҚТЫ ҚАРУЛАНДЫРУ ЕМЕС, ҚОРҒАУ»

АҚШ президенті Барак Обама Ливияның көтерілісшілеріне астыртын қолдау көрсетуге жол ашқан соң, ортада қалған оппозицияның сенімі қайта күшейді.

Ақпарат құралдарының жазуынша, Обама Орталық барлау агенттігінің жасырын операцияларына рұқсат беретін құпия құжатқа қол қойған.

The New York Times басылымы АҚШ билігінің атын атамаған өкіліне сілтеме жасап, «Орталық барлау агенттігі Ливиядағы оппозицияға қолдау болатын
Ливияның шығысындағы көтерілісшілердің қаруы. Ливия, 31 наурыз 2011 жыл.
барлау мәліметтерін жинауға өз өкілдерін жіберген» деп хабарлады. Бірақ АҚШ-тың Орталық барлау агенттігі бұған қатысты ештеңе айтпады.

Осы аптадағы Ливия күштеріне қарсы соғыс Батыстың шешімді әрекеттерге көбірек бармаса, көтеріліс сәтсіз аяқталуы мүмкін екенін көрсетті.

АҚШ, Франция және Ұлыбритания көтерілісшілерді қаруландыру мәселесін көтерген еді. Бірақ оған қатысты ешқандай шешім қабылданған жоқ.

Бұл ұсынысқа НАТО-ға мүше елдер қарсы шығып, НАТО бас хатшысы Андерс Фог Расмуссеннің өзі «альянстың мақсаты – адамдарды қаруландыру емес, қорғау екенін» айтты.

Қытай, Ресей және Германия «мақсат-мүддесі әлі де бұлыңғыр Ливия оппозициясына» қару жеткізуге қарсы екендіктерін білдірді.

Бірақ сарапшылардың пікірінше, жекелеген елдер НАТО-сыз ақ көтерілісшілерді қаруландыру жөнінде бір шешімге келу керек.

Лондондағы Экономика университетінің Таяу Шығыс саясаты бойынша профессоры Фаваз Гергес:

– Президент Обама мен бірқатар Батыс елдері көтерілісшілерді тікелей қаруландыру туралы не дейді? Көтерілісшілер қаруланып жатыр. қару-жарақ
Бенгази қаласына қашып бара жатқан отбасы. Ливия, 30 наурыз 2011 жыл.
оларға үшінші тараптан бәлкім Египет немесе басқа елдерден келіп жатыр, – дейді.

«Ол үшін Ливия үкіметінің тұтқындалған есеп-шоттарынан төленді. Сондықтан қателеспеу керек, көтерілісшілерді қаруландыру жүріп жатыр» дегенді айтады профессор Фаваз Гергес.

АҚШ Орталық барлау агенттігінің Ливиядағы атқаратын жұмысы әзірге айқын болмағанымен де, олар Ливия көтерілісшілерінің қажеттілігін анықтайды. Содан кейін Обама оларды қаруландыру мәселесін шешпекші.
XS
SM
MD
LG