Дүйсенбі, 25 сәуір
Әзербайжан/Грузия: Грузияның экономика министрі Вера Кобалия бір күндік ресми сапармен Әзербайжанға барады.
Грузия/Ресей: Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров 25 - 27 сәуірде Оңтүстік Осетия мен Абхазияға барады.
Қырғызстан: Қырғызстанға БҰҰ бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Есірткі мен қылмыс жөніндегі басқармасының атқарушы директоры Юрий Федотов барады.
Ресей: Мәскеуде өтетін халықаралық конференция «Бейкоммерциялық ұйымдардың мигранттар интеграциясындағы ролі» тақырыбына арналып, Көші-қон ұйымдары форумы юбилейіне (26 сәуір) орайластырылып отыр.
Тәжікстан: Бельгия елшісі Даниель Бертран Тәжікстанға бармақшы (1 мамыр).
Украина/Ресей: Мәскеу Патриархының Украинаға сапары аясында (27 сәуірге дейін) 1986 жылғы Чернобыль оқиғасы құрбандарына арналған құлшылық және ресми шаралар өтпек.
Сейсенбі, 26 сәуір
Әлем: Халықаралық интеллектуальдық меншік күні.
Беларусь: Минскіде ТМД қатысушы-мемлекеттерінің тұрақты өкілетті өкілдерінің мәжілісі өтеді.
Беларусь: “Европалық Беларусьтің” координаторы Дмитрий Бондаренконың соты Минскідегі Первомайский аудандық сотында өтеді.
Қазақстан/Пәкістан: Пәкістан премьер-министрі Юсуф Раза Гилани Қазақстанға ресми сапармен барады.
Ресей/ТМД: Үшінші Халықаралық "Инновациялық даму - интеллектуальдық меншік нарығы арқылы" форумы.
Ресей: РФ үкіметі төрағасы Владимир Путин Дания Корольдігі мен Швецияға жұмыс сапарымен барады (27 сәуірге дейін)
Ресей: Татарстан ұлы татар ақыны Ғабдолла Тоқайдың туғанына 125 жыл толуын және Ана тілі күнін атап өтеді.
Түркия: Еуропадағы Адам құқығы туралы соттың болашағы жайлы конференция (27 сәуірге дейін).
Украина: Чернобыль апатының 25 жылдығы.
Украина: Украина, Ресей және Беларусь басшыларының үшжақты кездесуі өтуі керек.
Сәрсенбі, 27 сәуір
Әзербайжан: Ирак сыртқы істер министрлігі басшысы Хошияр Зибари Әзербайжанға барады.
Әзербайжан: Бакуде Әзербайжан мен АҚШ арасындағы әскери ынтымақтастық болашағы талқыланады.
Беларусь: белорус оппозиционері, президенттікке экс-кандидат Андрей Санниковтың соты. "Еуропалық Беларусь" белсенділері Дмитрий Дроздь, Павел Виноградов, Владимир Хомиченко, Алесь Киркевич және Андрей Протасенялардың соты Минскідегі Октябрь аудандық сотында өтеді.
Беларусь: Минскіде өтетін "Достастықтың мәдени астаналары" мемлекетаралық бағдарламасы сарапшы тобының дайындық және жүзеге асыру жөніндегі отырысы (28 сәуір).
Қазақстан: Астанада Түріктілді мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің мәжілісі және ІІ пленарлық отырысы өтеді (29 сәуір).
Бейсенбі, 28 сәуір
Әлем: Халықаралық еңбекті қорғау күні.
Әзербайжан/Украина: Украина президенті Виктор Янукович Әзербайжанға ресми сапармен барады.
Армения: Арменияның оппозицияшыл халық конгресі Ереванның орталығында шеру өткізеді.
Германия: Мюнхенде "Азаттық үні - Батыстың килігуі ме? Мюнхен мен Прагадағы "Азат Еуропа Радиосына" 60 жыл (тақырыбында конференция өтеді (30 сәуірге дейін).
Молдова/Румыния: Молдова Республикасы президентінің міндетін атқарушы, парламент төрағасы Мариан Лупу 28–29 сәуірде Румынияға ресми сапармен келеді.
Ресей: Мәскеудің Хамовническ сотында 2010 жылы қарашада шабуылға ұшыраған, "Коммерсанттың" журналисі Олег Кашинге қарсы Жастар ісі жөніндегі федеральдық агент (Росмолодежь) басшысы Василий Якеменконың талабы бойынша процесс басталады.
Ресей: Александр Солженицын әдеби сыйлығын тапсыру салтанаты.
Тәжікстан: Малайзияның Тәжікстандағы елшісі (резиденциясы Ташкентте) Абдул Азиз бин Хорун тәжік астанасына екі күндік сапармен келеді.
Жексенбі, 1 мамыр
Әлем: Көктем мен еңбек мерекесі.