Accessibility links

Шоқан Уәлихановтың зираты мен мемориалдық музейі

Қазақтың көрнекті ғалымы, этнограф, фольклорист, саяхатшы һәм Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Түркістан халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуші Шоқан Уәлихановтың Жетісу өңірінде жерленгеніне биыл 151 жыл толды.

Шоқан (азан шақырып қойған есімі – Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865) өзінің қысқа ғұмырында ғылым саласында зор табыстарға қол жеткізіп, Орталық Азия халықтарының тарихы, географиясы, фольклоры мен қоғамдық-саяси құрылысы туралы көптеген құнды еңбектер қалдырды. 19-ғасырдағы орыстың белгілі ғалымдары мен саяхатшылары Шоқан Уәлихановты «ұлттық аймақтардан шыққан оқымысты, білімді адамдардың бірі» деп жоғары бағалаған.

Алматы облысында Шоқан Уәлихановтың құрметіне ашылған «Алтын емел» мемориалдық мұражай кешені бар. Ғалымның қайтыс болғанына 151 жыл толар күннің (ескі стиль бойынша 1865 жылғы сәуірдің 10-ы, жаңа стиль бойынша – 23 сәуір) қарсаңында Азаттық тілшісі осы кешенде болып қайтты.

Тағы

XS
SM
MD
LG