Accessibility links

Молдова Ресейдің әскери қимылына алаңдайды


Приднестровье сепаратистері мен Ресей әскері өткізген 9 мамыр шеруі. Тирасполь, 9 мамыр 2018 жыл. Көрнекі сурет

Молдова Ресейдің Приднестровьедегі әскери күштерінің ескертілмеген жүріп-тұрысына наразылық танытып, алаң болып отыр.

Молдованың Приднестровье аймағындағы саясатын үйлестіруші Реинтеграция саясаты бюросы атты мемлекет агенттігі маусымның 15-інде Кишиневтің ЕҚЫҰ-ға шағым түсіргенін мәлімдеді. Молдова үкіметі сепаратистер басқаратын аймақта Ресейдің әскери көліктері мен жауынгерлері алдын-ала келісілмеген түрде қозғала бастағанына наразы.

Өткен бейсенбіде Молдова билігі Ресей туы мен нөмірі тағылған 40 шақты әскери көліктің Приднестровье аймағының солтүстігі мен оңтүстігін жалғайтын күре жолмен әлдебір тарапқа бет алғаны көрінетін видео жариялаған. Бұл жол Молдованың шығысындағы Украинамен шекара түбін бойлап өтіп жатыр.

Приднестровьенің сепаратист үкіметі бұл қозғалысқа қатысы жоғын хабарлады. Ал ресейлік әскер өкілдері кейінірек мәлімдеме жасайтындарын айтты.

Маусымның 15-інде Молдованың сыртқы істер министрі Тудор Ульяновский БҰҰ Бас ассамблеясы маусымның 22-сінде Ресей әскерін Приднестровьеден шығару мүмкіндігін талқылайтынын жариялаған.

- Украинадағы дағдарысқа қатысты Ресей әскері мен Приднестровье күштерінің әскери белсенділігі Еуропа аймағындағы шиеленісті ушықтырып тұр, - деген Ульянович.

Молдова үкіметі мен аймақтағы басқа да елдер Ресей 2014 жылы Украинаның Қырым түбегін басып алып, Донбастағы сепаратистерге дем бергелі бері Мәскеудің саясатына сақсына қарап отыр. Шығыс Украинадағы қарулы соғыс кезінде 10 мыңнан астам адам қаза тапқан. 2014 жылы Ресей әскері мен сепаратист күштер оңтүстік Украинадан Приднестровье аймағына өтіп кетуі мүмкін деген қауіп туған.

Приднестровьедегі ресейлік әскери техника. Маусым, 2018 жыл
Приднестровьедегі ресейлік әскери техника. Маусым, 2018 жыл



Приднестровьедегі ресейшіл сепаратистер 1990 жылы Молдовадан тәуелсіз екендерін мәлімдеген. Совет Одағы ыдырап жатқан сол кезде бұл аймақтың Румынияға қосылып кетуі мүмкін деген болжам болған. 1992 жылы Приднестровье сепаратистері Молдова әскерімен соғысып, мыңнан астам адам өлген. Совет кезеңінде Кремль аймаққа әскер кіргізіп, сепаратистердің билігін қорғап қалған.

Приднестровьенің тәуелсіздігін ешбір ел мойындамаған. Тек Мәскеу сепаратистер құрған үкіметті ресми түрде жақтайды. 1992 жылы Ресей әскері делдал болып, екі тарап оқ атуды тоқтату туралы бітім жасаған.

Қазір сепаратист аймақта Ресейдің 1400 әскері бар. 1999 жылы өткен ЕҚЫҰ саммиті кезінде Ресей әскерін шығаруға міндеттенген.

ПІКІРЛЕР

AzattyqTV

Хашоггидің өліміне кім кінәлі?
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:38 0:00

Фотогалерея

XS
SM
MD
LG