Мәскеу билігінің СССР тұсында салынған мыңдаған көппәтерлі тұрғын үйді сүру жоспары қарсылыққа кезікті. Бірақ Ресей астанасында "реновация" деп аталатын бұл жобаға дейін қабылданған үй сүру бағдарламасы іске асырылып жатыр.
Мәскеудегі үй сүру дауы

1
Совет заманында салынған үйдің орнын тазартып жатқан экскаватор. Мәскеу, 16 мамыр 2017 жыл.

2
Сүруге жатқызылған үйдегі пәтердің бөлмесі. Мәскеу, 16 мамыр 2017 жыл. Совет тұсында салынған төрт мыңға жуық көппәтерлі тұрғын үйді сүру туралы биліктің жақында ұсынған жоспары ондай үйлерде тұратындардың көпшілігін алаңдатып отырғаны туралы хабарланған. Жобада сүруге жатқызылған үйлердің тұрғындарын көшіруге қатысты айқындықтың жоқтығы биліктің реновация жоспарына қарсылық тудырған.

5
Сүрілетін үйдің подъезіндегі жазулар. Мәскеу, 16 мамыр 2017 жыл.

6
Үй сүруге қарсы қозғалыс белсендісі Кари Гуггенбергер жақында жөндеп бітірген пәтерінің ас бөлмесінде тұр. Пәтері орналасқан үйді сүруге қарсылық танытқан 35 жастағы тұрғын әйел Facebook әлеуметтік желісіне үй сүру бағдарламасына қарсы кампания ашқан. Гуггенбергердің әлеуметтік желідегі парақшасына 23 мыңнан аса қолданушы жазылған.

7
Билікті қолдайтын зерттеу ұйымы жақында жүргізген сауалнаманың мәліметі бойынша, Мәскеу тұрғындарының 80 пайызы тозығы жеткен көппәтерлі тұрғын үйлерді сүру бағдарламасын қолдайды. Reuters фототілшісі Сергей Карпухинның сөзінше, сүруге жатқызылған мына көппәтерлі үйдің тұрғындары реновация бастамасын қолдайды.

8
Ескі үйлерді сүру жоспарына енген ғимараттардың бірі. Мәскеу, 16 мамыр 2017 жыл. Қожайындары тастап кеткен кей пәтерлердің тоналғаны туралы хабарланған.