Accessibility links

Аннексияны қолдаушыға қарсылық

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы "Линкольн орталығы" жанында бір топ адам Ресейдің Қырым түбегін аннексиялап алуына қолдау білдірген ресейлік джаз музыкантшы Игорь Бутманның келуіне қарсы акция өткізді. Шара бастамашылары "мұндай артистерді шақыру - әдепсіздік" деп біледі. Олар бұл туралы "Линкольн орталығының" джаз жөніндегі жетекшілігіне жазған хатында айтқан.

Игорь Бутман 2014 жылы наурызда Ресейдің Қырымды өзіне қосып алғанын қолдап, президент Владимир Путинге жазылған хатқа қол қойған ресейлік өнер қайраткерлерінің бірі. Бутман Нью-Йоркте өзіне қарсы өткен акция жайында әзірше ешқандай пікір білдірмеген.

Фотолар авторы – Юлия Городецкая


XS
SM
MD
LG