Accessibility links
Skip to main content
Skip to main Navigation
Skip to Search
Жаңалықтар
Саясат
AzattyqTV
Қаңтар оқиғасы
Адам құқықтары
Әлеумет
Әлем
Арнайы жобалар
Русский
Жазылыңыз
Басқа тілдерде
İздеу
РУС
Live
Live
İздеу
Бұған дейінгі
Келесі
Шұғыл хабар:
ФОТОРЕПОРТАЖ
Нью-Йорк белсенділері Путинді қарсы алды
28 қыркүйек 2015 жыл, 07:47
БҰҰ Бас ассамблеясына қатысуға және АҚШ президенті Барак Обамамен кездесуге Нью-Йоркке келген Ресей басшысы Владимир Путинге жергілікті белсенділер наразылық білдірді. Олар әсіресе Ресейдің Украинадағы саясатына наразы.
1
Нью-Йорк белсенділері Ресейдегі саяси тұтқындарды босатуды, егемен елдердің шекараларын қалпына келтіруді, Украинаның шығысында атып құлатылған Малайзия жолаушылар ұшағы апатына байланысты халықаралық трибунал өткізуді талап етті.
2
Жексенбі, яғни қыркүйектің 27-сі күні Путинге қарсы бірнеше жүз наразы БҰҰ-дағы Ресей елшілігі кеңсесі алдына плакаттар көтеріп келді.
3
Наразылар арасында АҚШ-тағы Украина диаспорасы өкілдері де болды.
4
Ресей саясатына қарсылық шарасына АҚШ-тағы басқа да қауым өкілдері қосылды.
5
Ресей президентінің АҚШ-қа келуіне деген қарсылықтарын Нью-Йорктегі жыныстық азшылық (ЛГБТ) белсенділері де білдірді. Олар Владимир Путинді гомофоб деп айыптады.
6
Наразылық шарасын АҚШ-та тұратын этникалық орыстар да қолдады.
7
Наразылар арасынан белорус диаспорасы өкілдерін де ұшырастыруға болады. Кейбір белсенділер Беларусь президенті Александр Лукашенко саясатын айыптайтын плакаттар ұстап келді.
8
Қарсылық шарасындағы бір ұран: Putin to trial ("Путин сотқа тартылсын!").
9
БҰҰ Бас ассамблеясы отырысына әлемдік лидерлердің көбі барған. Олардың арасында Рим папасы, Ресей, Қытай, Иран, Германия басшылары бар.
Нью-Йорк белсенділері Путинді қарсы алды
Back to top
XS
SM
MD
LG