Accessibility links

Патимат – Дағыстан ауылының жалғыз тұрғыны

Тау ішіндегі Кхюрдабах ауылына апаратын жол етегіне тас пен топырақ, құм араласа түсіп жататын жарқабақты жағалай өтеді. Жоғарыға қарасаңыз жардың басынан төніп тұрған жартылай құлаған ескі тас үйлерді көресіз. Тұрғындары баяғыда тастап кеткен бұл ауылда қазір жалғыз отбасы өмір сүріп жатыр.
Түгел оқыңыз

Қабырғаның орнына мұнда инедей шаншылған дөңгелек бөренелер мен арқалық ағаштарды көресіз. Ертеректе осындағы үйлерді тіреп тұрған олар қазір жартылай алқапқа түсіп кеткен. Дағыстанда бұл жерді осы маңдағы ірі елді мекеннің атауымен Корода дейді. Бірақ жергілікті аварлар оны Кхюрдабак – «жартастағы ауыл» деп атайды.
1

Бұрын ауыл тұрғындары ұлдары үйге келін әкелген кезде жас шаңыраққа үйді көшенің нақ төбесінен – жар үстіне қарай көтеріп сала беретін. Ауылда жер көлемі шектеулі болғандықтан жаңа үй салудың жалғыз амалы сол еді. Бұл қорғануға да ыңғайлы болатын әрі мал жаюға да жер қалатын. Қазір ауыл өмір сүруге қолайсыз боп қалды: үйлер ескіріп, тозған, оларға коммуникациялық желілер тарту мүмкін емес. Сол себепті тұрғындары бұл ауылды тастап, алқапқа көшіп кеткен. Жұрттың айтуынша, 1960-1970 жылдары мұнда әлі де болса тұрғындарды кезіктіруге болатын.
2

Ал қазір жұрттың бәрі көшіп кеткен ауылда тек жалғыз отбасы – Патимат әже ғана қалған. Әже принципті түрде ешқайда көшпей осында тұрып жатыр. Осы ауылда шаруа отбасында дүниеге келіп, өмір бойы осында еңбек еткен Патимат дәм-тұзы таусылар болса өз ауылында топырақ бұйырғанын қалайды. Оның нақты қанша жасқа келгенін ешкім білмейді: біреулер оны 77 жаста десе, енді біреулер әжей 89 жасқа келген дейді. Патимат орыс тілін білмейді.
3

Патиматтың басты жұмысы – осы ауылға бас-көз болу. Дағыстанда осы тәрізді тұрғындар тастап кеткен ауылдарда (олардың саны жеткілікті) әдетте сол елдімекенге ие болып бір отбасы қалады. Тірі жан тұрмаған соң тас үйлер тозып, әр тұсы құлай бастайды. Әрбір көшкін жүрген немесе қатты нөсер жауған сайын ескі үйдің қабырғасы сөгіліп, шөге бастайды.
4

Тағы

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG