Accessibility links

Қазақстанда электросамокат пайдаланудың жаңа ережесі күшіне енді

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

25 тамыздан бастап Қазақстанда жаяу адам жүретін жол мен тротуарда электрсамокатпен жүруге тыйым салатын жаңа ереже күшіне енді. Электрсамокатпен велосипедке арналған жолмен және сызықтармен, сондай-ақ автокөлік жолының оң жақ жиегімен жүруге болады.

Оған сәйкес, 18 жасқа толған, кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі бар және басына қорғаныш шлем киген азамат жолдың автокөлікке арналған бөлігімен электрсамокат айдап жүре алады. Егер жалға алынған самокатпен кәмелетке толмаған бала жүргені анықталса, оның ата-анасына немесе қамқоршысына жауапкершілік жүктеледі.

Қазақстанда электрсамокаттың жылдамдығы сағатына 25 километрден аспауға тиіс.

Қас қарайған шақта самокат жүргізушінің үстінде жарық шағылысатын элементтері бар киім болуы шарт. Электрсамокатпен жолаушы немесе жүк тасымалдауға да тыйым салынады. Ал жолдың жаяу адамға арналған бөлігімен өткен кезде жүргізуші самокаттан түсіп, оны жетектеп жаяу жүруге тиіс.

Бұған қоса, жалға берілетін электрсамокат сақтандырылған және тиісті тіркеу нөмірімен жабдықталған болуы керек. Ал самокаттың техникалық жағдайын, жылдамдығын және орналасқан жерін бақылау міндеті кикшеринг компанияларға жүктеледі.

Айдар
XS
SM
MD
LG