Accessibility links

Құрылтай сайлауға дауыс беріп жатқан сайлаушы. Алматы, 23 тамыз, 2026 жыл.
Құрылтай сайлауға дауыс беріп жатқан сайлаушы. Алматы, 23 тамыз, 2026 жыл.

live ОСК сайлаушылардың 72% дауыс бергенін, ал бақылаушы ұйым адам аз келгенін айтады

09:15

Құрылтай сайлауына дауыс берген бұрынғы сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа журналистер вице-президент болуға дайынсыз ба деген сұрақ қойды.

Биыл шілдеден бастап күшін енген жаңа Конституция бойынша, Қазақстанның мемлекеттік басқару құрылымына вице-президент лауазымы жаңадан енгізілген. Вице-президентті ел президенті тағайындайды деп жазылған. Вице-президенттің қызмет міндеттерін де президент анықтайды, ал мемлекет басшысы қайтыс болған немесе қызметінен кеткен жағдайда, Конституцияға сәйкес, оның өкілеттігі вице-президентке беріледі.

09:07

Сондай-ақ Қазақстанның Малайзия, Сингапур, Индонезия мен Вьетнамағы дипломатиялық өкілдіктерінде Құрылтай сайлауға дауыс беру жалғасып жатыр.

Ал Иран мен Украинада сайлау учаскелері құрылған жоқ. Ресей басқыншылығына қарсы бесінші жыл шайқасып жатқан Украинадағы елдімекендерді Мәскеу зымыранмен және дронмен толассыз атқылап, салдарынан бейбіт адамдар қаза тауып, азаматтық инфрақұрылымдар өртеніп-қирап жатыр. Көктемде АҚШ пен Израиль бірлесіп әуе шабуылын бастағаннан бері Ирандағы жағдай ушығып тұр. Тегеран оларға қарымта ретінде Парсы шығанағындағы елдерді де атқылаған.

Бүгін Қазақстанның 61 шет мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктерінде 79 сайлау учаскесі ашылған, оларда 11 мыңнан астам сайлаушы тіркелген.

08:54

СІМ: 228 қазақстандық шетелдегі сайлау учаскелерінде дауыс берді

Астана уақытымен таңертеңгі сағат 8-дегі мәлімет бойынша, Қазақстанның шет мемлекеттеріндегі 26 сайлау учаскесінде дауыс беру басталған. Бірінші болып Токио мен Сеулде (Астана уақытымен сағат таңғы 3-те) қазақстандықтар дауыс берді деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігі.

Қазақстан уақытымен таңертеңгі сағат 8-ге дейін шетелдегі сайлау учаскелерінде 228 қазақстандық дауыс берген.

Қазақстанның 61 шет мемлекеттегі дипломатиялық өкілдіктерінде 79 сайлау учаскесі ашылған, оларда 11 402 сайлаушы тіркелген.

Токиодағы сайлау уческесінде дауыс беріп тұрған қазақстандық. 23 тамыз, 2026 жыл. Қазақстан СІМ баспасөз қызметі таратқан фото.
Токиодағы сайлау уческесінде дауыс беріп тұрған қазақстандық. 23 тамыз, 2026 жыл. Қазақстан СІМ баспасөз қызметі таратқан фото.
08:31

Алматыдағы сайлау учаскелеріндегі дауыс беру

Тағы

XS
SM
MD
LG