ЕҚЫҰ/ДИАҚБ байқаушылары президент Тоқаевтың сынына не деп жауап берді?
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы дауыс беру кабинасындағы түрулі шымылдық туралы түсініктеме берді
Орал қаласындағы Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Орал қаласындағы сайлау учаскелерінің бірінде дауыс беретін орында шымылдықтар түрулі тұрғанына байланысты түсініктеме берді.
"Бұл сайлау заңын бұзуға жатпайды, себебі бұл "Сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 39-бабының 1-тармағына, сондай-ақ "Сайлау учаскелері мен дауыс беру пункттеріндегі сайлау учаскелерін жабдықтау жөніндегі нұсқаулықтың" 4-тармағының 1-тармақшасына сәйкес келеді", - деп мәлімдеді аумақтық сайлау комиссиясы.
Олар сондай-ақ заңда дауыс беру кабиналарындағы шымылдыққа қойылатын нақты талаптар жоқ екенін атап айтты.
"Ең бастысы, кабинаның дизайны сайлаушының кім дауыс беріп жатқанын көруіне кедергі келтіреді, яғни сайлаушының еркін білдіруге бөгде адамдар араласа алмайды, осылайша дауыс беру құпиялығы қағидаты сақталады. Сайлаушылар бір-бірлеп дауыс береді, бұл әр кабинаға тек бір ғана сайлаушы кіруін қамтамасыз етеді. Дауыс беру процесі құпия саналады, яғни сайлаушы өз қалауы бойынша шымылдықты толық жабуға немесе кабинаның ішінде дауыс берген кезде оны жартылай жабық күйінде қалдыруға құқылы" деп мәлімдеді аумақтық сайлау комиссиясы.
Батыс Қазақстан облысындағы сайлау учаскелерінің біріндегі дауыс беруді байқаушы ретінде бақылап отырған Хәкім Меңдібаев заң ережесі бұзылғаны жайлы учаскелік сайлау комиссиясы төрағасын ескерткенін хабарлады
ОСК: сағат 10-ға дейін сайлаушылардың 18 пайызға жуығы дауыс берді
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы жексенбі күні сағат 10-ға дейін сайлаушылар тізімінде тіркелген Қазақстан азаматтарының 17,96% Құрылтай депутаттарын сайлауға дауыс берген деп хабарлады. Дауыс беру көрсеткіші жағынан ең төменгі орында Алматы қаласы тұр - 10 пайызға жетпейді.
ОСК мәліметі бойынша, сағат 10-ға дейін бүкіл ел бойынша 2 264 411 сайлаушы сайлау бюллетенін алған. Ресми дерек бойынша, сайлаушы ретінде 12,6 миллион адам тіркелген.