Accessibility links

Құрылтай сайлауға дауыс беріп жатқан сайлаушы. Алматы, 23 тамыз, 2026 жыл.
Құрылтай сайлауға дауыс беріп жатқан сайлаушы. Алматы, 23 тамыз, 2026 жыл.

Алғашқы Құрылтай сайлауы: президент саясатын қолдайтын партиялар өзара жарысқан науқан

15:47 23.8.2026

ШЫҰ байқаушылары Құрылтай сайлауында заң бұзу жайттары байқалмағанын айтты

Шанхай ынтымақтастығы ұйымынан (ШЫҰ) Қазақстандағы Құрылтай сайлауына дауыс беру барысын бақылауға қатысқан байқаушылар 23 тамызда күннің бірінші жартысында заң бұзу оқиғалары тіркелмегенін, ешқандай арыз-өтініш түспегенін мәлімдеді.

Шанхай ынтымақтастығы ұйымы бақылаушылар миссиясы құрамында 17 байқаушы бар. ШЫҰ байқаушылары түпкілікті қорытындыны дауыс беру аяқталған соң жариялайтынын айтты. Қорытынды баспасөз мәслихаты 24 тамызда өткізілмек.

ОСК мәліметінше, Құрылтай сайлауын бақылауға 42 мемлекеттен және 13 халықаралық ұйымнан барлығы 777 байқаушы тіркелген. Олардың қатарында ЕҚЫҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы және ТМД парламентаралық ассамблеясының өкілдері, сондай-ақ 41 елден келетін 138 парламент депутаты бар.

Астана опера театры ғимаратында орналасқан №228 сайлау учаскесінде дауыс беріп жатқан сайлаушы. 23 тамыз, 2026 жыл.
Астана опера театры ғимаратында орналасқан №228 сайлау учаскесінде дауыс беріп жатқан сайлаушы. 23 тамыз, 2026 жыл.
15:55 23.8.2026

Бостандығы шектелген белсенді сайлау күні өзін пробация қызметі тексеруді күшейткенін айтты

Солтүстік Қазақстан облысында тұратын белсенді Нұрбол Өнерхан денесінде электронды бақылау білезігі болғанына қарамастан, Қазақстанда Құрылтай сайлауына дауыс беру өтіп жатқан күні өзін пробация қызметкерлері қайта-қайта есеп беруге мәжбүрлегенін хабарлады.

"...Таң атпастан маған Ғабит Мүсірепов ауданының пробация қызметкері жазды. Ол мен жүрген жердің координаттарын жіберуді сұрады. Сағат сайын осылай жаса деді. Менде электрондық бақылау білезігі бар ғой, соған қарамастан осылай жасап жатыр. Бұдан соң шамамен сағат 13-те пробация қызметкерінің өзі келді. Ол тексеріп, суретке түсірді. Рузаевка ауданының полиция қызметкері де тексеріп жатыр" деді белсенді.

Биылғы жылдың басында сот Нұрбол Өнерханды "заңсыз ұйымның ісіне араласқаны үшін" жауапқа тартып, бостандығын бір жылға шектеп, үш жыл бойы қоғамдық-саяси қызметпен айналысуына тыйым салған еді.

Негізгі мамандығы мұғалім жігіт 2019 жылдың күзінен бастап Youtube, Instagram әлеуметтік желілерінде видеолар жариялап, билікті сынап мәлімдемелер жасап жүрген. Билік оны бұған дейін бірнеше рет жауапқа тартқан.

16:00 23.8.2026

Белсенді Әсет Әбішев үйінің маңын полиция торып жүгенін айтты

Алматылық азаматтық белсенді Әсет Әбішев 23 тамыз күні үйінің кіреберісін полицейлер торуылдап жүргенін хабарлады.

"Бұл менің сайлауға қатысу бойынша азаматтық құқығымды шектейді" деді белсенді.

Әсет Әбішев елдегі қоғамдық-саяси мәселелер жөнінде пікірін ашық жариялап, билікті сынап жүрген белсенділердің бірі. Сол үшін талай рет жауапкершілікке де тартылған.

Полиция оның торуыл жайлы айтқанына байланысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

16:18 23.8.2026

ОСК сағат 16-ға дейін сайлаушылардың 65 пайыздан артығы дауыс бергенін хабарлады

Орталық сайлау комиссиясы жексенбі күні сағат 16-ға қарай жария еткен дерек бойынша, Құрылтай сайлауына 8 млн 240 мың 336 қазақстандық, немесе тізімдегі сайлаушылардың 65,37 пайызы дауыс беру бюллетенін алған.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда 12,6 миллион сайлаушы тіркелген.

Ең көп дауыс берген сайлаушы бұрынғысынша Қызылорда облысында (81,38%), одан кейін Шығыс Қазақстан (79,33%), Жетісу (77,03%), Түркістан ( 76,73%), Ақтөбе (75,63%) облыстарында тіркелген.

Ақмола, Абай, Қарағанды және Қостанай облыстарында да сайлаушылардың 70 пайыздан астамы дауыс берген.

Ең аз көрсеткіш Алматы қаласында – 36,65%.

Тағы

XS
SM
MD
LG