Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров. 10 қазан, 1991 жыл.
Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, авиация генерал-майоры Тоқтар Әубәкіров бүгін 80 жасқа толды. Ол 1946 жылғы 27 шілде күні Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған.
Тоқтар Әубәкіров туған жерде 1965 жылы орта мектепті аяқтаған соң, Ресейдегі Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесіне оқуға түскен, 1976 жылы ұшқыш-сынақшылар мектебін аяқтаған. Ол Совет одағы әскери-әуе күштерінде қызмет атқарды.
Советтік МиГ-31Б әскери ұшағымен әуеде 2 рет жанармай құйдырып, жерге қонбай солтүстік полюске дейін ұшқан, МиГ-29К жойғыш ұшағын советтік ұшақ тасымалдаушы "Тбилиси" крейсерінен тұңғыш рет әуеге көтерген әскери ұшқыш ретінде танылды. Жаңа әскери әуе техникасын сынау кезіндегі ерлігі мен батылдығы үшін Тоқтар Әубәкіров 1988 жылы Совет одағының батыры атағымен марапатталған.
1991 жылғы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров "Союз ТМ-13" ғарыш экипажы құрамында Байқоңырдан ғарышқа ұшты. "Мир" орбиталық кешенінде жұмыс істеп, 10 қазанда қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер болып Жерге оралған кезін кейін еске алғанда "халық қол-аяғымды жерге тигізбеді" деп сипаттады Әубәкіров.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, 1995 жылы Тоқтар Әубәкіровке ең жоғары мемлекеттік награда – "Қазақстанның халық қаһарманы" атағы берілді. Ол Қазақстанның қорғаныс комитеті (қазіргі Қорғаныс министрлігі) басшысының орынбасары, ел президентінің ғарыш саласындағы кеңесшісі, Ұлттық ғарыш агенттігінің алғашқы директоры болды.
Тоқтар Әубәкіров екі рет Қазақстан Жоғарғы кеңесінің, бір рет парламент мәжілісінің депутаты болып сайланды. Бірақ үшеуінде де заң шығарушы орган мерзімінен бұрын тарап кетті.
2009 жылы Әубәкіров біріккен "ЖСДП – Азат" партиясына қосылып, 2012 жылы осы партиядан парламент сайлауына кандидат болып түсті, бірақ партия парламентке өте алмады.
Бұдан соң Әубәкіров оппозициядан кетіп, "бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың командасында болғысы келетінін" мәлімдеді. Көп ұзамай ол "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы президентінің кеңесшісі болып тағайындалып, бұл қызметте 2018 жылға дейін істеді.
Бірнеше жылдан кейінгі сұхбаттарында ол "Қазақстанда оппозиция жоқ, бәрі биліктің айтқанымен жүреді" деп мәлімдеген.
2022 жылы қаңтардың басында Қазақстанда жаппай бейбіт шерулермен басталған наразылықтардың аяғы дүрбелеңге ұласып, бірнеше қалада тәртіпсіздіктер белең алып, жағдай мүлде шиеленісіп тұрған шақта зейнеткер Тоқтар Әубәкіров мемлекеттік телеарнадан ел аумағына сырттан ҰҚШҰ шектеулі әскери контингентін кіргізуді қолдап сөйледі. Әубәкіров осы сөзі қоғамда қатты сынға ұшырады. Ресми ақпарат бойынша, Қанды Қаңтар оқиғасы салдарынан кемінде 238 адам көз жұмған.
Кейінірек журналистер сұрағына берген жауабында тұңғыш қазақ ғарышкері "әркімнің өз көзқарасын білдіруге құқығы бар" деп жауап берді.
Қазақтың тұңғыш ғарышкері
1/1122 жыл бұрын, 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров «Союз ТМ» ғарыш кемесімен «Мир» орбиталық кешеніне совет космонавт-зерттеушісі ретінде ұшты. «Союз ТМ» экипажында одан бөлек, совет ғарышкері Александр Волков пен австриялық космонавт Франц Фибек болды. Ғарышкерлер «Мир» кешенінде бір аптадан астам уақыт жұмыс істеді. 10 қазанда экипаж Жерге оралды.
Тоқтар Әубәкіровтің Совет Одағы мен Австрия ғарыш экипажының мүшесі болған кезі. 2 қазан, 1991жыл.
Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда ғарышқа ұшты. Ғарышкердің президент кеңесшісі, оппозиция белсендісі, «Қазақстан темір жолы» президенті кеңесшісі кезіндегі суреттерінің топтамасы.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
2/11Тоқтар Әубәкіров (оң жақтан санағанда бірінші тұр) - қазақтың тұңғыш ғарышкері.
Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда ғарышқа ұшты. Ғарышкердің президент кеңесшісі, оппозиция белсендісі, «Қазақстан темір жолы» президенті кеңесшісі кезіндегі суреттерінің топтамасы.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
3/11Тоқтар Әубәкіров Қазыбек би ескерткіші алдында жастармен суретке түсіп тұр. Қарағанды, 10 қазан 2011 жыл.
Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда ғарышқа ұшты. Ғарышкердің президент кеңесшісі, оппозиция белсендісі, «Қазақстан темір жолы» президенті кеңесшісі кезіндегі суреттерінің топтамасы.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
4/111996 жылы Тоқтар Әубәкіров Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Әубәкіровтің Ресейдің "Роскосмос" федералды ғарыш агенттігінің зымыран ұшыру басқармасында "Союз ТМ-27" кемесінің ғарышқа шығуын бақылап отырған сәті. 1998 жыл.
Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда ғарышқа ұшты. Ғарышкердің президент кеңесшісі, оппозиция белсендісі, «Қазақстан темір жолы» президенті кеңесшісі кезіндегі суреттерінің топтамасы.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
5/112001-2007 жылдары Қазақстан парламенті депутаты болған Тоқтар Әубәкіров оппозицияға өтіп, ЖСДП мен "Азат" партиясының бірігу съезіне келді. Алматы, 24 қазан 2009 жыл.
Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда ғарышқа ұшты. Ғарышкердің президент кеңесшісі, оппозиция белсендісі, «Қазақстан темір жолы» президенті кеңесшісі кезіндегі суреттерінің топтамасы.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
6/11Тоқтар Әубәкіров оппозициялық ЖСДП мен "Азат" партияларының бірігу съезінде сөйлеп тұр. Алматы, 24 қазан 2009 жыл.
Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда ғарышқа ұшты. Ғарышкердің президент кеңесшісі, оппозиция белсендісі, «Қазақстан темір жолы» президенті кеңесшісі кезіндегі суреттерінің топтамасы.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
7/11Тоқтар Әубәкіров оппозициялық ЖСДП мен "Азат" партияларының бірігу съезінде дауыс беріп отыр. Алматы, 24 қазан 2009 жыл.
Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда ғарышқа ұшты. Ғарышкердің президент кеңесшісі, оппозиция белсендісі, «Қазақстан темір жолы» президенті кеңесшісі кезіндегі суреттерінің топтамасы.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
8/11"Азат" ЖСДП оппозициялық партиясының жетекшісі Жармахан Тұяқбай (ортада), осы партия төралқасының мүшесі, Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров (сол жақта) және оппозициялық саясаткер, сенаттың бұрынғы депутаты Зәуреш Батталова (оң жақта) Қазақстандағы сайлау проблемалары туралы конференция өткізіп отыр. Алматы, 18 қазан 2010 жыл.
Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда ғарышқа ұшты. Ғарышкердің президент кеңесшісі, оппозиция белсендісі, «Қазақстан темір жолы» президенті кеңесшісі кезіндегі суреттерінің топтамасы.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
9/11Тоқтар Әубәкіров (сол жақта) және «Азат» жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының бас хатшысы Әміржан Қосанов баспасөз мәслихатын өткізіп отыр. Алматы, 27 желтоқсан 2010 жыл.
Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда ғарышқа ұшты. Ғарышкердің президент кеңесшісі, оппозиция белсендісі, «Қазақстан темір жолы» президенті кеңесшісі кезіндегі суреттерінің топтамасы.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
10/11Тоқтар Әубәкіров жалпы-ұлтттық социал-демократиялық партия мүшесі ретінде сайлау алдындағы партия съезінде дауыс беріп отыр. Алматы, 26 қараша, 2011 жыл.
Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда ғарышқа ұшты. Ғарышкердің президент кеңесшісі, оппозиция белсендісі, «Қазақстан темір жолы» президенті кеңесшісі кезіндегі суреттерінің топтамасы.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
11/112012 жылы сәуір айында Тоқтар Әубәкіров оппозициялық «Азат» ЖСДП партиясынан шыққанын мәлімдеді. Бір айдан соң (мамыр) ол «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) АҚ президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. «Қазақстан темір жолы» компаниясы президентінің кеңесшісі Тоқтар Әубәкіровтің MissRailways-2012 («Теміржол аруы»-2012) фотоконкурсының іріктеуіне қатысып тұрған сәті. Фото «Қазақстан темір жолы» компаниясының ресми сайтынан алынды.