Accessibility links

Ресей түн жамылып Киевке тағы шабуылдады

Киевте Ресей күштерінің әуе шабуылынан көпқабатты ғимаратта тұтанған өртті сөндіріп жүрген адамдар.
Киевте Ресей күштерінің әуе шабуылынан көпқабатты ғимаратта тұтанған өртті сөндіріп жүрген адамдар.

Ресей дүйсенбіге қараған түні Киевке әуеден шабуылдады. Украина ішкі істер министрлігінің деректері бойынша, шабуылдар салдарынан 21 жастағы қыз қаза тауып, кемінде 8 адам зардап шеккен. Жер үстіндегі метро станциясы бүлінген.

Киев мэрі Виталий Кличконың ақпаратына сәйкес, Соломенка ауданында дрон бөлшектері көпқабатты тұрғын үйге түсіп, үш адам жараланған.

Луцк, Ровно, Кропивницкий және Днепр қалаларына әуеден шабуыл жасалғаны туралы хабарлар түсті. Днепрде 84 жастағы қарт әйел зардап шеккен.

Украина президенті Владимир Зеленский 18 қазанда Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында өз елі әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарынан тапшылық көріп отырғанын айтып, Ресей адамдардың өмірін барынша қиындату мақсатымен Украина қалаларының инфрақұрылымына қарқынды шабуылдарды жалғастырып жатқанына тағы да назар аударған.

Зеленский АҚШ Украинаны Ресей алдында тізе бүгуге итермелеп отырғанын мәлімдеді. Ол сондай-ақ жуырда Украинадағы Starlink спутниктері арқылы интернет байланысы жүйесінің жұмысы Америка билігінің пәрменімен шектелгенін тағы да алға тартты.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп, мемлекеттік хатшы Марко Рубио және АҚШ-тың басқа да жоғары лауазымды өкілдері бұл мәлімдемелерді жоққа шығарған еді.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG