Accessibility links

«Мемориал» ұйымының құрылғанына 25 жыл толды


Ресейдегі "Мемориал" ұйымы кеңсесінің қабырғасындағы "Шетел агенті" деген жазу. Мәскеу, 21 қараша 2012 жыл.
Ресейдегі "Мемориал" ұйымы кеңсесінің қабырғасындағы "Шетел агенті" деген жазу. Мәскеу, 21 қараша 2012 жыл.

Советтік саяси репрессия құрбандарын еске алатын және солар туралы құжаттарды іздестіретін топ ретінде құрылған «Мемориал» - ресейлік танымал құқық қорғау ұйымдарының бірі.

«Мемориал» Нобель сыйлығының иегері Андрей Сахаров сияқты танымал тұлғалардың бастауымен 1980 жылдардың соңында, Горбачевтік қайта құру кезінде құрылған еді.

Бастапқы кезде жүздеген белсендіні қамтыған бейресми ұйым 1989 жылдың 26-28 қаңтарында съезін өткізді. Осылайша «Мемориал» Ресейдегі алдыңғы қатарлы құқық қорғау ұйымына айналды.

ҰЙЫМНЫҢ МАҚСАТЫ

«Мемориалдың» жетекшісі Сергей Ковалев (83 жаста) Азаттыққа берген сұхбатында топтың әу бастағы мақсаты Совет Одағындағы саяси репрессия құрбандарын ақтап, оларды еске сақтау болғанын айтады.

– «Мемориал» деген – саяси репрессия құрбандарын естен шығармау. Оларды сол кезде ешкімнің ақтағысы келмеді. «Мемориал» құрылған кезде билік
«Мемориал» ұйымының жетекшісі Сергей Ковалев.
«Мемориал» ұйымының жетекшісі Сергей Ковалев.
өкілдерінің ешбірі репрессия болғанын мойындамады, – дейді Сергей Ковалев.

Ұйым өкілдері советтік жазбалар мен құжаттардың мұрағатын ақтарып, тарихшыларға мол қазына тауып берді. 1990 жылы Мәскеудегі Лубянск алаңында мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің (КГБ) штаб-пәтері алдында ГУЛАГ құрбандарына арнап ескерткіш тұрғызуға «Мемориал» бастамашы болды.

Сергей Ковалев 1990 жылдардың басында, Совет Одағы ыдыраған соң Ресей жоғарғы кеңесіндегі сайлауда жеңіске жетіп, саясатқа араласты. Ол президент Борис Ельциннің адам құқығы жөніндегі комиссиясын басқарып, мемлекеттік думаның адам құқығы жөніндегі комиссары қызметін атқарды.

Ол «Мемориалдың» қатысуымен «Саяси репрессия құрбандарын ақтау» туралы заң жобасын өткізді. Содан бері ұйымның құқық қорғауға қатысты жұмыстары тұтас Ресейді (соның ішінде екі соғысты бастан өткерген Шешенстан, жергілікті өктем басшылар мен исламшыл содырлар қақтығысынан зардап шеккен Солтүстік Кавказ да бар) қамтыды.

«ШЕТЕЛДІК ТЫҢШЫЛАР» ТУРАЛЫ ЗАҢ

Ұйым мүшелерінің жұмысы қауіп-қатерден ада деуге келмейді. 2009 жылы топ белсендісі Наталья Эстемированы Шешенстан астанасында ұрлап кетті, кейін оның мәйітін Ингушетиядан тапты. Бұл қылмысқа айыптылар сол күйі
Наталья Эстемированың қазасына наразы азаматтардың шеруі. Мәскеу, 23 шілде 2009 жыл.
Наталья Эстемированың қазасына наразы азаматтардың шеруі. Мәскеу, 23 шілде 2009 жыл.
табылмады. «Мемориалдың» танымал мүшесі Олег Орлов бұл қылмысқа Кремльге тәуелді Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты айыптады. Қадыров «жала жапты» деп Орловты сотқа тартпақ болды, бірақ Мәскеу соты 2011 жылы Орловты ақтап шықты.

Құрылғанына ширек ғасыр өткен соң «Мемориал» тағы да билікпен керісіп қалды. Ұйым бұл жолы шетелден қаржыландырылатын ұйымдарды «шетелдік агенттер» деп тіркеу туралы заңға қарсы шықты. Ресейде бұндай термин қорлау мағынасына ие, «бүлікшіл, заңға қарсы» деген мағына береді.

2012 жылдың соңында «Мемориалдың» мәскеулік кеңсесіне біреулер: «Шетел агенті» деп жазып кетті.

«Мемориал» бұндай заңның қолданылуына қарсы шықты. Желтоқсан айында Санкт—Петербург соты ұйымның жергілікті және дискриминацияға қарсы бөлімі (Ресейдің екінші ірі қаласында дискриминация мен ксенофобиядан жапа шеккендерге көмектесетін) шетелдік агент ретінде тіркелуге тиіс деген шешім қабылдады.

«Мемориал» мүшелері ұйымның азаматтық еркіндігіне нұсқан келтіретін қаулының зардабына байланысты мәлімдеме жасаған.

Азаттық тілшілері Кристина Горелик пен Том Бэлмфордтың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан.
XS
SM
MD
LG