Accessibility links

Татарстан президенті татар және орыс тілін білуге міндетті


Татарстан парламентінің спикері Фарит Мухаметшин.
Татарстан парламентінің спикері Фарит Мухаметшин.
21 маусымда Татарстан парламентінің спикері Фарит Мухаметшин президенттік сайлау туралы заң қайта күшіне енгенін хабарлады. Ол заң федералды орталықтың «кандидаттарды аймақтық парламент мақұлдауы тиіс» деген шешімінен кейін тоқтап қалған еді.

Татарстанда бес жылдан кейін қайта күшіне енген заңға «президенттік кандидаттарды тек партиялар ұсынуы керек» деген өзгеріс енгізілді.

– «Үміткерлер ресми екі тіл – татар және орыс тілдерінде еркін сөйлеуі керек деген талап бұрынғысынша қалды. Басқа өзгерістер жоқ, – деді Фарит Мухаметшин Азаттық тілшісіне бейсенбі күні.

Ресей аймағындағы елдер ішінде тек Татарстан ғана федералды орталықпен лауазымды қызметтерді бекіту келісіміне бес жыл бұрын қол қойған. Бұл келісімге сәйкес, Татарстан өз басшысын «президент» деп атап, өзі шешім қабылдай алады.

– Бұл мәселені әзірге терең талқылай қойған жоқпыз. Бізде әлі де 2015 жылға дейін өз ұсыныстарымызды жасай алатын уақытымыз бар. Соған жеткенде, көре жатармыз. Оған дейін біз академиктеріміз бен саясаткерлерімізді жинап, 28 шілдеде бізге беріліп отырған келісімдегі билікті бөлісу саяси құқықтарын талқылаймыз, – дейді татар парламенті спикері Фарит Мухаметшин.

Татарстан парламентінің басым бөлігі коммунистер енгізген, бір адамның екі мерзімнен көбірек сайлануына тыйым салатын өзгерістерге қарсы дауыс берді.
Оппозиция шеру. Татарстан, 12 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Оппозиция шеру. Татарстан, 12 маусым 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Сонымен қатар тәуелсіз кандидаттардың сайлауға қатысуына жол беретін ұсынысты парламент мақұлдамай қойды.

Татарстанның бүкіл аймағындағы депутаттар ішінде «Единая Россия» партиясының өкілдері 8 мыңнан асады. Одан кейінгі орында 150 депутаты бар Коммунистік партия мен 82 өкілі бар «Справедливая Россия» партиясы тұр.

Татарстан парламентінің спикері Фарит Мухаметшин Мәскеудегі орталық федералды билікпен арадағы бес жыл бұрынғы келісім «ауыр жылдарда ауыр жолдардан өте отырып жасалғанын», «оны екі жаққа да керек деп тапқанын», «сол шарт негізінде іс жасайтынын» айтады.

2004 жылға дейін Ресей губернаторлары мен аймақ басшылары тікелей сайланып келген еді. Бірақ Ресей өңірінде көбейіп кеткен террорлық шабуылдардан кейін (нақтырақ айтқанда, Беслан мектебін кепілдікке алып, 380 адам қаза тапқан қайғылы оқиғадан соң) сол кездегі президент Владимир Путин губернаторлар сайлауын алып тастап, Ресейдің жоғары билігін күшейтуге тырысқан.

Бірақ Ресей аймағындағы республикалардың басшыларын сайлау жөніндегі заң алдағы айда қайтадан күшіне енеді. Бұл реформаны Дмитрий Медведев президент болған кезінде бастап, аймақтық атқарушы билік сайлаулары қалпына келтірілген.
XS
SM
MD
LG