Accessibility links

Скрипальдің улануын Ресейден көретін Лондонды төрт ел қолдады

Ұлыбритания Сергей Скрипальді улау ісіне қатысы бар деп санайтын ресейліктер Александр Петров (оң жақта) пен Руслан Бошировтың Солсбери қаласында бейнекамераға түсіп қалған суреті. Лондон, 5 қыркүйек 2018 жыл.
Ұлыбритания Сергей Скрипальді улау ісіне қатысы бар деп санайтын ресейліктер Александр Петров (оң жақта) пен Руслан Бошировтың Солсбери қаласында бейнекамераға түсіп қалған суреті. Лондон, 5 қыркүйек 2018 жыл.

АҚШ, Франция, Германия мен Канада ресейлік экс-агент Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальге биыл наурызда Солсбери қаласында у беріп қастандық жасауға Ресейдің қатысы бар деген Ұлыбританияның ұстанымын қолдады.

Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Германия және Канада басшылары біріккен мәлімдеме жасап, Ресейді Скрипальді улаған "Новичок" уын жасау тәсілін жариялауға шақырды.

Қыркүйектің 5-і күні британ премьер-министрі Тереза Мэй Скрипальдерді Кремльдің бұйрығымен әрекет еткен Ресей арнайы қызметінің қызметкерлері улаған деп мәлімдеген. Ұлыбритания прокуратурасы қастандыққа күдікті Александр Петров пен Руслан Бошировтың суретін жариялап, оларды Еуропа аумағына ене қалған жағдайда дереу тұтқындауға ордер берген.

"Британ билігінің мәлімдемесі шетел барлау қызметтерінің өз территориямызда жаулық пиғылдағы әрекетін тоқтату, химиялық қаруға тыйым салу, азаматтарымызды және өзімізді бізге қарсы зымияндықтан қорғау ниетімізді бекіте түседі" делінген бес басшыларының мәлімдемесінде.

Ұлыбритания Ресей барлауының бұрынғы агенті Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипаль СССР тұсында жасалған жүйкені зақымдайтын улы "Новичок" затынан уланған деп санайды. Ол екеуі наурыздың 4-і күні Солсберидегі сауда орталығы жанында ес-түссіз күйде табылып, ауруханада емделіп аман қалған.

Скрипальге қастандық қалай жасалды?

Скрипальді улау ісі бойынша күдіктілердің бірі - Александр Петров.
1/14 Скрипальді улау ісі бойынша күдіктілердің бірі - Александр Петров.
Екінші күдікті - Руслан Боширов. 
2/14 Екінші күдікті - Руслан Боширов. 
"Боширов" есімді күдікті Лондондағы Гэтвик әуежайында тұр. Бақылау камераларынан алынған кадр. Жұма, 2 наурыз, 16:22 (Лондон уақыты). 
3/14 "Боширов" есімді күдікті Лондондағы Гэтвик әуежайында тұр. Бақылау камераларынан алынған кадр. Жұма, 2 наурыз, 16:22 (Лондон уақыты). 
Ұлыбритания полициясы "Петров" деп атаған адам Гэтвик әуежайында. 2 наурыз, 16:22 (Лондон уақыты). 
4/14 Ұлыбритания полициясы "Петров" деп атаған адам Гэтвик әуежайында. 2 наурыз, 16:22 (Лондон уақыты). 
Күдіктілер Солсбери теміржол вокзалында Лондонға кететін пойызды күтіп тұр. Сенбі, 3 наурыз, 16:11. 
5/14 Күдіктілер Солсбери теміржол вокзалында Лондонға кететін пойызды күтіп тұр. Сенбі, 3 наурыз, 16:11. 
Жексенбі, 4 наурыз, 11:48. Күдіктілер Солсбериге қайта келген сәт. Олар теміржол вокзалынан шығып барады. 
6/14 Жексенбі, 4 наурыз, 11:48. Күдіктілер Солсбериге қайта келген сәт. Олар теміржол вокзалынан шығып барады. 
Күдіктілер Солсберидегі Уилтон-роуд көшесінде тұр. Сергей мен Юлия Скрипальды улар алдындағы сәт. 4 наурыз, 11:58.
7/14 Күдіктілер Солсберидегі Уилтон-роуд көшесінде тұр. Сергей мен Юлия Скрипальды улар алдындағы сәт. 4 наурыз, 11:58.
Күдіктілер Солсберидегі Фишертон көшесінен теміржол станциясына бара жатыр. 4 наурыз, 13:05. 
8/14 Күдіктілер Солсберидегі Фишертон көшесінен теміржол станциясына бара жатыр. 4 наурыз, 13:05. 
Күдіктілер Солсберидегі Фишертон көшесінен теміржол станциясына бара жатыр. 4 наурыз, 13:08. 
9/14 Күдіктілер Солсберидегі Фишертон көшесінен теміржол станциясына бара жатыр. 4 наурыз, 13:08. 
Күдіктілер Солсбериден Лондонға қайтып барады. 4 наурыз, 13:50. 
10/14 Күдіктілер Солсбериден Лондонға қайтып барады. 4 наурыз, 13:50. 
Күдіктілер Лондондағы Хитроу әуежайында төлқұжат тексеруінен өтіп жатыр. 4 наурыз, 19:28. 
11/14 Күдіктілер Лондондағы Хитроу әуежайында төлқұжат тексеруінен өтіп жатыр. 4 наурыз, 19:28. 
Полиция күдіктілер қонған City Stay Hotel қонақ үйін тексеріп жатыр. 5 қыркүйек. 
12/14 Полиция күдіктілер қонған City Stay Hotel қонақ үйін тексеріп жатыр. 5 қыркүйек. 
&nbsp;<span style="font-size: 1em;">Полицияның мәліметіне сәйкес, &quot;Новичок&quot; уын екі күдікті Ресейден әтірдің құтысына құйып әкелген де, уды Скрипальдің Солсберидегі үйінің сыртқы есігінің тұтқасына жағып кеткен. Құтыны маусым айында көршілес Эймсбери қаласының тұрғыны Чарли Роули тауып алған. Ол аман қалса да, досы Дон Стерджесс уланып өлген.&nbsp;</span>
13/14  Полицияның мәліметіне сәйкес, "Новичок" уын екі күдікті Ресейден әтірдің құтысына құйып әкелген де, уды Скрипальдің Солсберидегі үйінің сыртқы есігінің тұтқасына жағып кеткен. Құтыны маусым айында көршілес Эймсбери қаласының тұрғыны Чарли Роули тауып алған. Ол аман қалса да, досы Дон Стерджесс уланып өлген. 
Чарли Роули тауып алған Nina Ricci Premier Jour деген жазуы бар қорап.&nbsp;<span style="font-size: 1em;">Полиция құтының наурыздан маусымға дейін қайда боғанын әлі анықтай алмаған. Сол себепті ресейлік екі күдіктіге Стерджесті өлтірді деген айып әзірше тағылмаған.</span>
14/14 Чарли Роули тауып алған Nina Ricci Premier Jour деген жазуы бар қорап. Полиция құтының наурыздан маусымға дейін қайда боғанын әлі анықтай алмаған. Сол себепті ресейлік екі күдіктіге Стерджесті өлтірді деген айып әзірше тағылмаған.
Previous slide
Next slide

Интерпол Сергей Скрипаль мен қызы Юлия Скрипальді улауға күдікті ресейліктерді Лондонның көмегімен іздестіретіні туралы бұған дейін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Ұлыбританияның осы ұйымдағы тұрақты өкілі Карен Пирс мәлімдеген. Ол британ билігі ресейліктерді экстрадициялауды талап етпейтінін, себебі Ресей конституциясы ресейліктерді экстрадициялауға рұқсат бермейтінін айтқан.

Лондон "Скрипаль ісін" тергеу аясында Ресейдің 23 дипломатын елден шығарған. Мәскеу бұған жауап ретінде британдық 23 дипломатты Ресейден шығарып, Британ кеңесі бейсаяси ұйымының Ресейдегі өкілдігін жабу туралы шешім қабылдаған.

Ресей билігі Сергей және Юлия Скрипальдерге қастандық жасауға қатысы барын терістейді.

Сергей Скрипальді 2006 жылы Ресей соты "Ұлыбритания тыңшысы" деп айыптап, 13 жылға түрмеге қамауға үкім еткен. 2010 жылы Мәскеу АҚШ-та ұсталған ресейлік он агентті Ресейде Батыс мүддесіне тыңшылық еткен деген айыппен сотталған төрт адамға алмастырған кезде солардың арасында Скрипаль да болған. Ол содан бері Ұлыбританияда тұрып жатқан.

Айдар
XS
SM
MD
LG