Accessibility links

Самат Смақов "Атырау" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды

Самат Смақов
Самат Смақов

Қазақстандық спорт маманы Самат Смақов "Атырау" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Бұған дейін осы қызметі атқарған Владимир Чебурин Чебурин клуб басшылығы ауысқаннан кейін тараптардың өзара келісімі бойынша қызметінен кеткенін айтқан еді деп жазды атыраулық "Ақ Жайық" басылымы.

Смақов бұған дейін Шымкенттің "Ордабасы" командасында жұмыс істеген. Кейін ол Семейдің "Елімай" клубын басқарқан кезде команда Қазақстан премьер-лигасына шыққан. Сондай-ақ Смақов "Астана" клубында техникалық директор, "Жетісу" командасында бас бапкер болды.

Самат Смақов кезінде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы қатарында 76 ойынға қатысқан, алты рет Қазақстан чемпионы атанып, елдің үздік футболшысы атағын төрт мәрте иеленген.

"Атырау" командасы Қазақстан премьер-лигасының осы маусымындағы 19 ойыннан кейін 19 ұпаймен турнир кестесінде 13-орында тұр.

Айдар
XS
SM
MD
LG