Грузияда шаруа отбасында дүниеге келген, Совет одағын басқару дәрежесіне ие болған Иосиф Сталиннің өмірі бейнеленген фотогалереяны көріңіздер. (Материалды дайындаған - Руслан Меделбек).
Сталиннің өмірі

1
Иосиф Сталин қызы Светлананы көтеріп келеді (1935 жыл). 1926 жылы туған Светлана - Сталин мен Надежда Аллилуеваның қызы. Ол 1967 жылы екі баласын тастап АҚШ-қа қашып кетті. Ол 1984 жылы КСРО-ға оралып, 1986 жылға дейін Тбилиси қаласында тұрды. Кейін АҚШ-қа қайтып, сонда 2011 жылы қайтыс болды.

3
Иосиф Сталиннің анасы Кетеван Геладзе Джугашвилидің (1858-1937) портреті. Сталиннің анасы үй шаруасындағы әйел болған. Жас кезінде тігінші және кір жуу қызметімен айналысқан. Сурет 1930 жылы түсірілген деген болжам бар.

4
Сталиннің әкесі Висарион Джугашвили 1849/1850-1909), етікші. Фотоның қай уақытта түсірілгені белгісіз.

6
Сталиннің бірінші әйелі Екатерина "Като" Сванидзе (1885-1907). Бұл сурет 1904 жылы түсірілген. Олар 1906 жылы Тбилисиде үйленген. Екеуінің Яков Джугашвили есімді ұлдары 1907 жылы дүниеге келді. Екатерина 1907 жылы туберкулезден қайтыс болды. Екатеринаның ағасы мен әпкесі "Ұлы террор" кезінде дарға асылған. Ал Яков Джугашвили екінші дүниежүзілік соғыс кезінде артиллерия офицері болды. Ол 1941 жылы неміс әскерінің тұтқынына түсіп қалды. Неміс әскері Яковты тұтқындағы неміс солдаттарына ауыстыруды талап еткен. Бірақ бұл талаппен Сталиннің өзі келіспеді. 1943 жылы Яков белгісіз жағдайда қаза тапты.

8
Сталиннің екінші әйелі Надежда Аллилуева мен ұлы Василий екеуі түскен сурет. Фото 1922 жылы түсірілген. Сталин мен Аллилуева 1911 жылы танысып, 1919 жылы үйленді. Ол кезде Сталин 41 жаста, ал Надежда 18 жаста еді. Сталиннің екінші әйелі 1932 жылы қайтыс болды. Ресми құжатта "ол соқырішектен қаза тапты" деп жазылған. Бірақ "ол өз-өзіне қол жұмсады" деген деректер де кездеседі. Кей тарихшылар "оны Сталиннің өзі өлтірді" деген деректі де жоққа шығармайды. Сталин мен Надежданың ұлдары Василий 1921 жылы туған. Ол екінші дүниежүзілік соғыс кезінде ұшқыш болған. Соғыстан кейін генерал шенін алды. Сталин қайтыс болған соң Василий сегіз жылға түрмеге қамалды. Түрмеден 1960 жылы босап шықты. Екі жылдан кейін алкоголизмнен қайтыс болды.

11
1980 жылы Совет одағында Сталиннің фотоларымен шығарылған күнтізбе.