Киевте совет уақытында жол қатынастары халық комиссариатының (НКПС) "№1 құрылысы" деп аталған және «құпия» белгісі соғылған жобаны ел аузында "Сталин метросы" атап кеткен. Жобада Киевті жарып ағатын Днепр өзені астынан екі жағалауды жалғайтын темір жол салу қарастырылған еді. Қарама-қарсы бағытта қатынайтын пойыз жүретін рельстерді қажет болған жағдайда автомобиль немесе танк өтетіндей етіп жылжытуға болатындай етіп салу жоспарланған. Бірақ, Екінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейін бұл жоба аяқсыз қалған. Азаттықтың Украин қызметінің тілшілері Днепр жағалауында қаңырап жатқан ескі құрылыс орындарын суретке түсіріп қайтты.
1938 басталған құрылыс жұмыстары өте құпия жағдайда жүргізілген. Жоба бойынша, Киевте өзен астынан өтетін екі тоннель салу қарастырылған. Құрылысқа барлығы 12 мың адам (кей мәліміттер бойынша 20 мыңға жуық адам) жұмылдырылған. Тоннельдерді 1944 жылы пайдалануға беру жоспарланған, бірақ 1941 жылы Киевті басып алуға ұмтылған нацистер қаланы бомбаның астына алған соң құрылыс жұмыстары тоқтаған. 1943 жылы Киев нацистерден азат етілгеннен кейін жобаның жекелеген бөліктерінде жұмыстар қайта жалғасқан, бірақ арада бірнеше жыл өткенде Киевтің Днепр өзені астынан темір жол салу пайдасыз іс деп танылып,жол қатынастары халық комиссариатының "№1 құрылыс" жобасын таратқан. Кейін соның негізінде құрылған Киев метрополитені құрылысы басқармасы ("Киевметрострой") әлі күнге жұмыс істеп келеді.

ПІКІРЛЕР