Accessibility links

Мұжтаба Хаманеи Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы болып жарияланды
Мұжтаба Хаманеи Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы болып жарияланды

Мұжтаба Хаменеи Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы болып жарияланды

АҚШ пен Израиль бастаған соғыс жалғасып жатқанда Иран жаңа жоғары көшбасшы кім екенін жариялады. Әуе шабуылынан қаза тапқан әкесінің орнына 56 жастағы Мұжтаба Хаменеи билікке келді. АҚШ президенті Дональд Трамптың қарсылығына қарамастан, Иранның Сарапшылар кеңесі 8 наурызда осындай шешім қабылдады.

17:45 3.3.2026

БАҚ: Әли Хаменеиді Израиль барлауы Тегеран көшесіндегі камералар арқылы аңдыған

Израильдің барлау қызметі Иранның жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеиді өлтірерден көп бұрын Тегерандағы жол бойындағы бейнекамералардың түгеліне дерлік бұзып кіріп, қауіпсіздік қызметкерлерін сырттай бақылаған. Мұны дереккөздеріне сүйеніп Financial Times жазды.

Басылым сөйлескен екі адамның айтуынша, бейнебақылау камераларынан алынған жазбалар шифрмен кілттеліп, Тель-Авивтегі серверлерге жіберіліп отырған. Камералардың бірі Хаменеи резиденциясына келетін Иранның жоғары лауазымды шенеуніктерінің жүргізушілері көлікті қай жерге қойғанды жөн көретінін анықтауға мүмкіндік берген.

Барлау қызметі қауіпсіздік қызметкерлері жайлы деректерді: тұрғылықты мекенжайын, жұмыс кестесін, жүретін бағыттарын және кімдерді күзетіп, таситыны туралы мәліметтер жинаған.

"Біз Иерусалимді қалай жақсы білсек, Тегеранды да солай білдік, – дейді израильдік барлау қызметкерлерінің бірі. – Ал бір жерді өзің өскен көше сияқты бес саусағыңдай білсең, кез келген ұсақ-түйекті лезде байқайсың".

Сонымен қатар Израиль Хаменеи резиденциясы тұрған көше маңындағы он шақты ұялы байланыс мұнарасының жекелеген бөлшектерін істен шығарған. Осылайша қоңырау шалған адам желі бос емес екен деген әсерде қалатындай етіп, шабуыл қаупі жайлы ескертуді аятолланың күзет қызметіне жеткізбеудің амалын жасаған.

Әли Хаменеи жасырынбағанымен, соғыс кезінде сақтық шараларын жасаған. "Оның бункерінде болмауы – әдеттен тыс жағдай еді. Оның екі бункері бар, егер ол сонда болғанда, Израиль қолындағы бомбалармен оған жете алмас еді", – деді басылымға дереккөздердің бірі.

16:28 3.3.2026

АҚШ ирандық "шахедке" ұқсайтын дрондарын Парсы шығанағына жеткізді

Пентагонның камикадзе-дрондарымен қаруланған алғашқы әскери бөлімі – "Шаян" жедел тобы (Task Force Scorpion) қазір Таяу Шығыс аймағында жүр. Бұл бөлім Иранды атқылауға дайын екенін айтылады.

"Шаян" тобында ирандық атышулы "Шахед" (Shahed 136) дронына ұқсайтын америкалық "Лукас" (LUCAS – Low-cost Uncrewed Combat Attack System) камикадзе дрондары бар. Ол Иранға қарсы шабуылдарға қолданылуы ықтимал.

Ирандық "Шахед 136" дроны алғаш рет 2021 жылы көзге түскен. Иран осы дрондарын 2022 жылы Ресейге бере бастады. Мәскеу бұл дронмен Украина қалаларына тоқтаусыз шабуылдайды. 2023 жылы Ресей бұл дронды өз аумағында құрастыруды жолға қойды.

Кремль Тегераннан 1,75 млрд долларға лицензия алғаны мәлім болған.

Америкалық "Лукас" ирандық дронға қарағанда кішірек, ұшу жылдамдығы шабандау және соққы жасау қуаты әлсіздеу. Бірақ кейбір артықшылығы да бар. Бағасы – шамамен 35 мың доллар.

SpektreWorks компаниясының мәлімдеуінше, "Лукас" ирандық дронға қарағанда коммуникация желілерін бұғаттап, топ болып шабуылдауды автономды түрде үйлестіре алады. Сондай-ақ оның жүк бөлігіне миссия талаптарына қарай жарылғыш зат немесе барлау жабдығын орнатуға болады.

"Шахедтің көшірмесі". АҚШ ирандық үлгіге ұқсайтын дрондарын Парсы шығанағына жеткізді

2025 жылғы желтоқсандағы сынақ кезінде АҚШ әскери кемесінен "Лукас" (LUCAS – Low-cost Uncrewed Combat Attack System) камикадзе-дроны ұшырылды.

Бағасы арзан бұл дрон Иранның атышулы қаруына ұқсайды. Заманауи соғыс символдарының біріне айналған ирандық "Шахед 136" дроны алғаш рет 2021 жылы көзге түскен.
1/8 2025 жылғы желтоқсандағы сынақ кезінде АҚШ әскери кемесінен "Лукас" (LUCAS – Low-cost Uncrewed Combat Attack System) камикадзе-дроны ұшырылды.

Бағасы арзан бұл дрон Иранның атышулы қаруына ұқсайды. Заманауи соғыс символдарының біріне айналған ирандық "Шахед 136" дроны алғаш рет 2021 жылы көзге түскен.
Иранның атышулы "Шахед" (Shahed 136) дрондарына ұқсайтын америкалық камикадзе дрондар Таяу Шығысқа жеткізіліп, Иранды соққылауда қолданылуы ықтимал.
Ирандық "Шахед 136" дроны ұшыру қондырғысында тұр.

Иран 2022 жылы Ресейге осы "Шахед 136" дрондарын бере бастады. Мәскеу бұл дронмен Украина қалаларына тоқтаусыз шабуылдаған. 2023 жылы Ресей бұл дронды өз аумағында құрастыра бастады. Кремль Тегераннан 1,75 млрд долларға лицензия алғаны мәлім болған.
2/8 Ирандық "Шахед 136" дроны ұшыру қондырғысында тұр.

Иран 2022 жылы Ресейге осы "Шахед 136" дрондарын бере бастады. Мәскеу бұл дронмен Украина қалаларына тоқтаусыз шабуылдаған. 2023 жылы Ресей бұл дронды өз аумағында құрастыра бастады. Кремль Тегераннан 1,75 млрд долларға лицензия алғаны мәлім болған.
Иранның атышулы "Шахед" (Shahed 136) дрондарына ұқсайтын америкалық камикадзе дрондар Таяу Шығысқа жеткізіліп, Иранды соққылауда қолданылуы ықтимал.
Америкалық "Лукас" дронының әуеден түсірілген суреті.

"Лукасты" құрастыратын аризоналық SpektreWorks компаниясы бұл дронның арзанға шығатынын айтады. Өндіріс құнының төмен болуы "Шахедтің" де танымалдығын арттырған. Ресей Украинаға қарсы соғысында оны осы үшін кеңінен қолданған.
3/8 Америкалық "Лукас" дронының әуеден түсірілген суреті.

"Лукасты" құрастыратын аризоналық SpektreWorks компаниясы бұл дронның арзанға шығатынын айтады. Өндіріс құнының төмен болуы "Шахедтің" де танымалдығын арттырған. Ресей Украинаға қарсы соғысында оны осы үшін кеңінен қолданған.
Иранның атышулы "Шахед" (Shahed 136) дрондарына ұқсайтын америкалық камикадзе дрондар Таяу Шығысқа жеткізіліп, Иранды соққылауда қолданылуы ықтимал.
2022 жылғы қазанда Киевте жарылған "Шахед" дроны.

Бағасы салыстырмалы түрде төмен болғандықтан, ирандық дронды күн сайын топтап ұшыруға болады. Сөйтіп қарсы тараптың әуе шабуылынан қорғайтын жүйелерін титықтатуға болады. Мұндай дронның бір данасын әзірлеуге ондаған мың доллар кетеді.
4/8 2022 жылғы қазанда Киевте жарылған "Шахед" дроны.

Бағасы салыстырмалы түрде төмен болғандықтан, ирандық дронды күн сайын топтап ұшыруға болады. Сөйтіп қарсы тараптың әуе шабуылынан қорғайтын жүйелерін титықтатуға болады. Мұндай дронның бір данасын әзірлеуге ондаған мың доллар кетеді.
Иранның атышулы "Шахед" (Shahed 136) дрондарына ұқсайтын америкалық камикадзе дрондар Таяу Шығысқа жеткізіліп, Иранды соққылауда қолданылуы ықтимал.
АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет (ортада баяндамашының тыңдап тұр) камикадзе-дронның үлгісімен танысып тұр. Пентагон алаңы, 2025 жылғы шілде.

Америкалық "Лукас" ирандық дронға қарағанда кішірек, ұшу жылдамдығы төмендеу және соққы жасау қуаты әлсіздеу. Бірақ кейбір артықшылықтары да бар. Бағасы – шамамен 35 мың доллар.
5/8 АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет (ортада баяндамашының тыңдап тұр) камикадзе-дронның үлгісімен танысып тұр. Пентагон алаңы, 2025 жылғы шілде.

Америкалық "Лукас" ирандық дронға қарағанда кішірек, ұшу жылдамдығы төмендеу және соққы жасау қуаты әлсіздеу. Бірақ кейбір артықшылықтары да бар. Бағасы – шамамен 35 мың доллар.
Иранның атышулы "Шахед" (Shahed 136) дрондарына ұқсайтын америкалық камикадзе дрондар Таяу Шығысқа жеткізіліп, Иранды соққылауда қолданылуы ықтимал.
2025 жылғы желтоқсандағы сынақ кезінде АҚШ әскери кемесінен ұшырылған "Лукас" дроны.

SpektreWorks компаниясының мәлімдеуінше, "Лукас" ирандық дронға қарағанда коммуникация желілерін бұғаттап, топ болып шабуылдауды автономды түрде үйлестіре алады. Сондай-ақ оның жүк бөлігіне миссия талаптарына қарай жарылғыш зат немесе барлау жабдығын орнатуға болады.
6/8 2025 жылғы желтоқсандағы сынақ кезінде АҚШ әскери кемесінен ұшырылған "Лукас" дроны.

SpektreWorks компаниясының мәлімдеуінше, "Лукас" ирандық дронға қарағанда коммуникация желілерін бұғаттап, топ болып шабуылдауды автономды түрде үйлестіре алады. Сондай-ақ оның жүк бөлігіне миссия талаптарына қарай жарылғыш зат немесе барлау жабдығын орнатуға болады.
Иранның атышулы "Шахед" (Shahed 136) дрондарына ұқсайтын америкалық камикадзе дрондар Таяу Шығысқа жеткізіліп, Иранды соққылауда қолданылуы ықтимал.
АҚШ әскери кемесі "Лукас" дронын (кеменің артқы бөлігінде) ұшыруға дайындалып тұр. 2025 жылғы желтоқсан.

Пентагонның камикадзе-дрондарына арналған алғашқы әскери бөлімі – "Шаян" жедел тобы (Task Force Scorpion) қазір Таяу Шығыста. Бұл бөлім Иранды атқылауға дайын екенін айтылады.
7/8 АҚШ әскери кемесі "Лукас" дронын (кеменің артқы бөлігінде) ұшыруға дайындалып тұр. 2025 жылғы желтоқсан.

Пентагонның камикадзе-дрондарына арналған алғашқы әскери бөлімі – "Шаян" жедел тобы (Task Force Scorpion) қазір Таяу Шығыста. Бұл бөлім Иранды атқылауға дайын екенін айтылады.
Иранның атышулы "Шахед" (Shahed 136) дрондарына ұқсайтын америкалық камикадзе дрондар Таяу Шығысқа жеткізіліп, Иранды соққылауда қолданылуы ықтимал.
АҚШ-тың аты аталмаған әскери базасындағы "Лукас" дрондары. 2025 жылғы қараша.

"Шаян" жедел тобы 2025 жылдың аяғында Ақ үйдің "дрон үстемдігі" бастамасы аясында құрылған. АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет жақында АҚШ-ты "өте тиімді екенін дәлелдеген ұшқышсыз арзан платформаларға инвестиция салуға" үндеді.
8/8 АҚШ-тың аты аталмаған әскери базасындағы "Лукас" дрондары. 2025 жылғы қараша.

"Шаян" жедел тобы 2025 жылдың аяғында Ақ үйдің "дрон үстемдігі" бастамасы аясында құрылған. АҚШ қорғаныс министрі Пит Хегсет жақында АҚШ-ты "өте тиімді екенін дәлелдеген ұшқышсыз арзан платформаларға инвестиция салуға" үндеді.
Иранның атышулы "Шахед" (Shahed 136) дрондарына ұқсайтын америкалық камикадзе дрондар Таяу Шығысқа жеткізіліп, Иранды соққылауда қолданылуы ықтимал.
Previous slide
Next slide
16:00 3.3.2026

Уиткофф: ирандықтар 11 ядролық бомбаға жеткілікті уран бар деп бөскен

Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөзге қатысуға келген АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф. Женева, Швейцария, 26 ақпан, 2026 жыл.
Иранның ядролық бағдарламасына қатысты келіссөзге қатысуға келген АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткофф. Женева, Швейцария, 26 ақпан, 2026 жыл.

2026 жылдың басында АҚШ-пен келіссөздің алғашқы кезеңі барысында Иран өкілдері Тегеранның 11 ядролық бомба жасауға жеткілікті байытылған уран қоры барын мәлімдеген. Мұны сол келіссөзге АҚШ атынан қатысқан, президент Дональд Трамптың арнайы өкілі Стив Уиткофф Fox News арнасына сұхбатында айтты.

Оның сөзінше, ирандықтар Тегеранда 60 пайызға дейін байытылған 460 килограмм уран барын, олардың есебі бойынша, бұл 11 ядролық оқтұмсық жасауға жеткілікті екенін "еш қымсынбастан" мәлімдеген. Иран өкілдері мұнысын "мақтан тұтып", түрлі бақылау хаттамаларын айналып өте алғанын да айтты деген АҚШ президентінің арнайы өкілі.

Уиткофф келіссөздердегі Иранның ұстанымы оның ядролық бағдарламасы бойынша "әділ келісім" жасауға мүмкіндік қалдырмағанын айтты. "Оның мүмкін еместігі – шамасы, екінші кездесудің аяғына қарай – сол кезден-ақ айқын болды", деді ол. АҚШ пен Иран Оманның араағайындығымен жанама келіссөздің үш кезеңін өткізді, соңғысы 26 ақпанда Женевада, Израиль мен АҚШ Иранға шабуыл жасардан екі күн бұрын өтті. "Біз үшінші кездесуге оларға соңғы мүмкіндік беру үшін оралдық", деді Уиткофф, алайда үшінші кездесу де нәтижесіз аяқталды.

АҚШ Иран ядролық қаруға ие болмауы керек деген талап қойып келеді. Тегеран билігі ондай мақсат көздемейтінін мәлімдегенімен, уран байытуға құқылы екенін айтып, өз дегенінен қайтпай отыр – ол әрекет қысқа мерзім ішінде ядролық оқтұмсық жасауға жеткілікті қор жинауға мүмкіндік беруі мүмкін.

Былтыр жазда АҚШ Иранның ядролық нысандарына шабуыл жасап, оларға елеулі залал келтіргенін мәлімдеген еді. Алайда Тегеранның байытылған уран қорының тағдыры белгісіз болып қалды. Уиткоффтың сөзінен (Иран өкілдері әзірге бұған түсініктеме берген жоқ) ол қор жойылмағаны және Иран билігінің бақылауында қалғаны аңғарылады.

15:20 3.3.2026

АҚШ-тың Эр-Риядтағы елшілігіне екі дрон шабуылдады

АҚШ-тың Эр-Риядтағы елшілігі. 2026 жылғы 3 наурызда дрон шабуылынан кейін түсірілген фото.
АҚШ-тың Эр-Риядтағы елшілігі. 2026 жылғы 3 наурызда дрон шабуылынан кейін түсірілген фото.

3 наурызға қараған түні АҚШ-тың Эр-Риядтағы елшілігіне белгісіз екі дрон шабуыл жасаған. Сауд Арабиясының қорғаныс министрлігі X әлеуметтік желісіндегі парағына шабуыл салдарынан "шағын өрт" шығып, ғимаратқа "елеусіз материалдық залал" келген деп жазды. Оқиға кезінде ғимаратта адам болмаған.

Бұл дрондар Ирандыкі болуы мүмкін деген болжам айтылды.

АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операция бастағанын бүгін төртінші күн. Иран қарымта ретінде АҚШ базалары орналасқан Парсы шығанағындағы елдерге, соның ішінде Кувейтке, Қатарға, Бахрейнге, Біріккен Араб Әмірліктеріне және Сауд Арабиясына зымыран мен дрон атқылап жатыр.

Сейсенбі күні таңертең АҚШ-тың Кувейттегі елшілігі уақытша жабылатынын жариялады, ал АҚШ мемлекеттік департаменті сейсенбі күні Бахрейн, Ирак пен Иордания елдерінен кейбір қызметкерлерін эвакуациялайтынын хабарлады. Мемлекеттік департамент АҚШ азаматтарын Таяу Шығыстағы бірқатар елден мүмкіндігінше тезірек кетуге шақырды.

Тағы

XS
SM
MD
LG