Технологиялардың өмірге әсері туралы куәлік ететін суреттер.
Өмір мен өлім технологиясы
1
Байқоңырдан ExoMars ғарыш кемесін ұшырар алдында оны орбитаға шығаратын "Протон" зымыран-тасығышын әкеле жатыр. Миссия мақсаты - Марстан өмір белгілерін іздеу.
2
Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын баллистикалық зымыранның атылғанын бақылап тұр. Жақында Пхеньян АҚШ-Оңтүстік Корея әскери жаттығуларына жауап ретінде ядролық шабуыл жасайтынын мәлімдеді.
3
АҚШ ескертпесіне қарамастан, Иран баллистикалық зымырандарын сынап жатыр.
4
Сириялық азамат Дамаск шетіндегі қираған аудандардың бірінде мұндай жағдайда ең қолайлы көлік технологиясы - велосипед теуіп барады.
5
Босқын бала Грекия-Македония шекарасындағы теміржолда отыр. Бұл тасымал технологиясын босқындар пайдалана алмай қалды, өйткені олар үшін ЕО шекарасы қазір жабық тұр.
6
Ежелгі құрылыс технологиясы - кірпіштер. Пәкістанның Лахор қаласы.
7
Ауған әйел мобильдік телекоммуникациялық технологиялардың үшінші буыны - 3G логотипі жанында отыр.
8
Арнайы үйретілген бүркіт Нидерландтағы полиция жаттығулары кезінде дрон ұстап жатыр.