Билік металлургтер қаласы деп атайтын Теміртаудың бірнеше ауданында тұрғындардың орталықтандырылған жылу жүйесі мен сусыз, кәріз желісінсіз өмір сүріп жатқанына ондаған жыл болған. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев еңбек жолын бастаған болат құю комбинаты орналасқан моноқаланың шетіндегі аудандардың жағдайы жыл өткен сайын құлдырап барады.
Теміртаудың "ұмыт қалған" тұрғындары

1
Теміртаудың Оң жағалау деп аталатын шеткі ауданындағы бірнеше көпқабатты үйдің тұрғындары адам тұрғысыз жағдайда – орталық жылу жүйесі мен ыстық суы жоқ баспаналарында өлместің күнін кешіп жатыр. Суық суға тұрғындар жылдар бойы талап етіп жүріп осыдан бірер жыл бұрын ғана қол жеткізген.

2
Оң жағалаудағы көпқабатты үйлердің кей тұрғындары Азаттық тілшісін пәтерлеріне кіргізіп, баспананы қалай жылытатынын көрсетті. Кейбірі қолдан жасалған электр жылытқыш қосып отыр, енді біреулері буржуйка пеш жағады. Тұрғындардың айтуынша, дүкенде сатылатын кәдімгі жылытқыштан аязда қайран жоғын айтады. Орталық жылу жүйесінің жоқтығы және жылытқыш құралдарды көп қосқандықтан, тұрғындардың көбі электр қуаты үшін ай сайын 25-30 мың теңге төлеуге мәжбүр.

3
Зейнеткер Лидия Михайловна пәтеріндегі қолдан жасалған буржуйка пешке от жағып отыр. Айтуынша, екі бөлмелі пәтеріне пәтерін едәуір жылу беретін пештің күйе-түтінінен дем алу оңай емес. Оның үстіне мұндай пештер қауіпті саналады.

4
Зейнеткер Милита Екель пәтерін жылыту үшін сырттан көмірді қиналып әрең таситынын айтады. Қария биыл қыста көмір әкеле жатып бірнеше рет құлап қалғанын, қазір денесі, аяқтары ауыратындығына шағымданды.
- Көмірді төрт қабатты үйіміздің қасындағы арнайы сарайларда сақтаймыз. 21 ғасырда әрі қалада мынадай жағдайда тұрып жатқанымыз жабайылық қой. Бұған қоса, биыл көмірдің бағасы тіпті шарықтап кетті. Төрт тонна көмір үшін 54 мың теңге төледім! Билік ақыры орталық жылу жүйесін тартып бере алмайды екен, тым болмаса көмір жағынан қарайласса қайтер еді. Бұрын үйлердің бәрі орталық қазандықтан жылынатын. Қалған өмірімізді бірдеңе етіп сүрерміз, қайтеміз, тек соғыс болмасын, - дейді зейнеткер Милита Екель.

AzattyqTV
Фотогалерея
-
Жиынның іші мен сыртында
Алматы мен Астанада әкімдердің халықпен кездесуі
Көз сала отырыңыз
-
Әкіммен кездесу алдында
Полиция белсенділерді неге ұстады?
-
Жаңа бастама
Партия құруға өтініш берудің астарында не бар?
-
The Washington Post
Тәжікстанда Қытайдың "құпия" әскери нысаны бар