Құрбандарға құран оқу, "Назарбаевсыз Қазақстан" һәм наразыларды ұстау
Осы аптаның басында, яғни 16 желтоқсан күні Алматы мен Нұр-Сұлтанда 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі мен 2011 жылғы Жаңаөзендегі мұнайшылар наразылығы құрбандарын еске алу акциясы өтті. Тәуелсіздік монументінің жанына түрлі ұран көтерген екі жүздей адам жиналды. Кейін жұрт қаланың басты көшелерінің бірімен шерулетіп жүргенде полиция оларды ұстауға кірісті. Алматыда 16 желтоқсан күні болған оқиғалар Азаттық тілшісінің көзімен.
"Жазушылар одағынан ешкім шықпады". Желтоқсан ызғарында солған үміт
33 жыл бұрын, 1986 жылы 17 желтоқсанда, Қазақстанға бейтаныс адамды басшы етіп тағайындаған Мәскеудің шешіміне қарсы шыққан қазақ жастары билікке үнін бейбіт шеру арқылы жеткізуге талпынды. Бірақ олардың үміті ақталмады. Азаттық сол кездегі жұмысшы және студент жастардың алаңға қандай мақсатпен шыққанын, бұл оқиға олардың тағдырына қалай әсер еткенін өздерінен сұрап көрді.
"Өз еркімен кетудің шарты бар". Тасмағамбетовтің зейнетке шығуына реакция
Советтік комсомол жетекшісі, тәуелсіз Қазақстанда авторитарлы биліктің орнығуына атсалысып, әкім, министр, премьер-министрге дейін өскен Иманғали Тасмағамбетов зейнет жасына толысымен мемлекеттік қызметтен босатылды. Кей сарапшылар саяси амбициясы бар зейнеткерді билік өзіне жақын ұстауға тырысады деп санайды.
Тоқаевтың "саяси реформасына" белсенділер сенбейді
Желтоқсанның 20-сы күні Нұр-Сұлтанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық кеңестің жиыны өтті. Тоқаев жиналыста бейбіт митинг өткізу тәртібі, партия тіркеу ережесі өзгеретінін айтты. Кейбір белсенділер Тоқаевтың айтқандары "косметикалық сылап-сипау" десе, кеңес мүшелері "реформаға қадам" деп санайды.
"Дертін біле тұра босатпады". Семей түрмесінде ракқа шалдыққан тұтқын көз жұмды
Семей түрмесінде қатерлі ісікпен ауырған сотталушы Виктор Лузянин қайтыс болды. Сот "онкологиялық дертке шалдыққан" тұтқынның түрмеден ерте босатуды сұрап берген өтінішін қанағаттандырмаған еді.
Уран банкі мен қала шетіндегі ядролық қалдық полигоны
Қазақстандағы уран өндірісінің орталығында не болып жатыр? Белсенділер Өскеменде аз байытылған уран банкінің ашылуына байланысты алаңдаушылық білдірсе, сарапшылар қала аумағында улы заттарды сақтаудың тұрғындарға еш қаупі жоқ дейді.
"Ит Освенцимі". Қазақстанның батысындағы иесіз жануарлардың аянышты жағдайы
Бриджит Бардо халықаралық қорының өкілдері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жазған хатында елдің батыс өңірінде жануарларға қатыгездік таныту жиі қайталанатынын айтқан. Жануарларды қорғаушы белсенділер мемлекет басшысын дамыған елдердің иесіз жануарлармен жұмыс істеу тәжірибесін енгізуге шақырған. Ақорда халықаралық қордың хатына әзірге жауап берген жоқ. Жергілікті белсенділер иесіз жануарларды биліктің қолдауынсыз құтқаруға қолдан келгенше тырысып жүргендерін айтады.
ПІКІРЛЕР