Accessibility links

Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теннистен "әлемнің бірінші ракеткасы" атанған қазақстандық Елена Рыбакинаны қабылдап, АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтап, оны ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады деп хабарлады дүйсенбі күні Ақорданың баспасөз қызметі.

– Сіздің жеңістеріңізден кейін балалардың тенниске қызығушылығы артып, секцияларға көптеп жазылады. Олар да чемпион болғысы келеді. Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз. Бұл – өте оң үрдіс. Өскелең ұрпақты спортқа баулу керек, өйткені бұл олардың келешегі үшін өте маңызды, – деген Тоқаев.

Елена Рыбакина биыл "Үлкен дулыға" (Grand Slam) турнирлерінде екі рет бас жүлдені жеңіп алды, қаңтарда ол Australian Open жарысында жеңімпаз атанған. Ол қазір WTA әлемдік рейтингінде ресми түрде 1-орында ("әлемнің бірінші ракеткасы") тұр.

Бұған дейін Рыбакина 2022 жылы Ұлыбританияда Wimbledon жарысында жеңіске жеткен еді. Енді Қазақстан теннисшісіне "карьералық Slam" жеңу үшін Парижде болатын Roland Garros жарысын ұту керек.

Мәскеуде туған Елена Рыбакина 2018 жылы Қазақстан азаматтығын алған.

Айдар
​
XS
SM
MD
LG