Accessibility links

Бердімұхамедов халқын велосипедке мінгізбек


Бердімұхамедовтің велосипед тепкені
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:47 0:00

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Ашхабадтың көшелерінде велосипед тепті. (Видео Түркіменстанның мемлекеттік телеарнасынан алынған). 3 тамыз 2013 жыл.

Түркіменстанда велосипед тебудің артықшылығын насихаттайтын жаңа науқан басталды. Велосипед "жарысына" президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің өзі қатысты.

Жасыл телпек, қара-ала биялай киіп, жасыл көзілдірік таққан, өзінің сүйікті түсі – ақ шалбар киген Гурбангулы Бердімұхамедов тамыздың 3-і күні таңертең көлігінен түсіп, жасыл велосипедке мінді. Біркелкі көкшіл костюм киген шенеуніктер оның соңынан үнсіз ерді.

ЖАҢА БАСТАМА

Түркімен басшысының таңғы серуені мемлекеттік телеарналардан көрсетілді. Шара «Жол-көлік қауіпсіздігі – саулық кепілі» (түркімен тілінде бұл тіркестер поэтикалық ұйқаспен құрылған; мемлекеттік шараларды көркем сөзбен әсірелеу - түркімен бюрократиясының басты ерекшелігі) атты бір айлық кампанияның басталғанын білдірді.

Түркіменстандағы "велосипед науқаны". Видеодан алынған скриншот. (Көрнекі сурет)
Түркіменстандағы "велосипед науқаны". Видеодан алынған скриншот. (Көрнекі сурет)
Мемлекеттік телеарнаның жүргізушісі Бердімұхамедовтің бастамасы туралы аса бір көтеріңкі дауыспен хабарлайды: «Велосипед тебу адамдардың күнделікті дағдысына айналуы тиіс. Астана мен аймақтардағы спорт мектептері велосипедпен серуендейтін жол картасын дайындауы қажет».

Бердімұхаммедовтың бұйрығы бойынша Түркіменстан тұрғындары қыркүйектің 1-інен бастап ай соңына дейін жаппай велосипедке мінулері керек. Адамдар бұл көлікті пайдалану тәжірибесін барынша жетілдіруге міндетті.

Тележүргізушінің сөзіне сүйенсек, президенттің қамқорлығы барлық спорт түрін қамтиды, бірақ соның ішінде велосипедке ерекше көңіл бөледі. Бұқаралық дене шынықтыру жаттығуларын да Бердімұхамедов басқарған кезеңнің бір белгісі ретінде сипаттауға болады.

«ВЕЛОСИПЕД САТЫП АЛ ДЕМЕГЕНДЕРІНЕ РАҚМЕТ»

Жаппай велосипед тебу шарасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің тамыздың 3-і күнгі әрекетінен соң басталғаны кездейсоқ емес. Мемлекет ұсынатын барлық жобаларға тән сипат - шараға қатысушылардың көбі мемлекеттік қызметкерлер мен студенттер болады.

Солардың бірі 52 жастағы Атамұрат Азаттыққа «велосипед сатып алуға мәжбүрлемегендеріне қуанышты» екенін айтты.

Велосипед мінген ер адамдар. Түркіменстан. (Көрнекі сурет)
Велосипед мінген ер адамдар. Түркіменстан. (Көрнекі сурет)
- Демалысқа қарамастан, қызметкерлер шараға қатысу үшін шақырылды. Келгендерге велосипед берді. Әдетте мемлекеттік шараға қатысатын адамдар жеке құрал-жабдығын өзі сатып алатын еді. Осы жолы велосипед алуды талап етпегендеріне қуанып тұрмын, - дейді мемлекеттік қызметкер.

Аты-жөнін атаудан бас тартқан басқа мемлекеттік қызметкер Азаттыққа «велосипедтердің шетелден әкелінгенін, құны шамаман 200 АҚШ доллары тұратынын айтты». 200 доллар - Түркіменстандағы орташа жалақы.

Азаттықтың Түркіменстандағы тілшісі «шараға қатысушылар кешкі сағат 17:00-ге дейін велосипед тепкендерін, кейбірі 39 градус ыстықта құлап қала жаздағандарын» айтады. Жаңа бастама 2013 жылы сәуір айындағы жарыста аттан құлаған түркімен президентінің бос уақытындағы серуенін қауіпсіз көлікке алмастырғанын білдірсе керек.

«Арқадағтың» аттан құлағанын мына видеодан көре аласыз:

Түркімен теледидары Бердімұхамедовтің аттан құлағанын көрсетпеді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:33 0:00

Диана Кьюканың мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан

Пікірлерді көріңіз (5)

Бұл форум жабық. Бірақ пікірталасты Азаттықтың Facebook-парақшасында жалғастыра аласыз: https://www.facebook.com/azattyq
XS
SM
MD
LG