Accessibility links

Ресейдің Белгород қаласы маңында мұнай қоймасы өртеніп жатыр. 1 сәуір 2022 жыл.
Ресейдің Белгород қаласы маңында мұнай қоймасы өртеніп жатыр. 1 сәуір 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 28 наурыз - 3 сәуір аралығында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

2 сәуір – Украинадағы соғыстың 38-күні. Негізгі оқиғалар:

  • Киев облысында Украина әскері Ресей армиясы тастап кеткен елді мекендерді бақылауына алып жатыр.
  • Жұма, 1 сәуірде Ресейдің Белгород қаласы маңындағы мұнай қоймасы атқылауға ұшырады. Ешкім зардап шекпеген. Ресей тарабының айтуынша, қойманы Ресей аумағына кірген украиналық екі тікұшақ атқылаған. Украина қорғаныс министрлігі оқиғаға қатысы жоғын айтты.
  • Бішкекте милиция Ресей басқыншылығын айыптаған наразыларды ұстады.
  • Украина бас прокуратурасы соғыс басталғалы бері елде 158 бала қаза болғанын, 254 бала жаралғанын айтты.
  • АҚШ әкімшілігі НАТО бойынша одақтастарымен Украинаға совет танкілерін жіберу мәселесін талқылап жатыр.
  • Ресей әскері Чернобыль АЭС аумағынан шығып, Ресейдің Белгород облысына жол тартты. Украина күштері орыс әскері қайта шабуылға дайындалу үшін топтасып жатыр деп санайды.
  • Запорожье облысында тараптар тұтқындармен алмасты.
  • Украина Жоғарғы радасы басқыншылықты қолдаған ресейліктердің мүлкін мемлекет меншігіне қайтаруды көздейтін заң қабылдады.
  • АҚШ сауда министрлігі Ресей басқыншылығына байланысты Ресей мен Беларусьтің 120 ұйымына экспорттық санкция салады.
  • ЮНЕСКО Украинадағы соғыста әлем мәдениеті үшін маңызды кемінде 53 мәдени нысан бүлінді не қирады деп мәлімдеді.

Жоғары лауазымды шенеунік: "Украинаның аумақтық тұтастығын қолдаймыз", "әр нәрсені өз атымен атаймыз"

Қазақстан өкілі алғаш рет Украинадағы соғысқа, Ресейге салынған санкцияға қатысты ашық ұстанымын білдірді. Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов еуропалық ақпарат желісі – Euractiv сайтына берген сұхбатында "Украинаның аумақтық тұтастығын қолдайтынын", соғысты соғыс деп атайтынын және санкция салынған тауарлардың Ресейге өтіп кетпеуіне бар күшін салатынын мәлімдеді.

Брюссельде сұхбат берген Сүлейменов Еуропаға сапарының мақсаты – "Қазақстан Ресейге АҚШ пен ЕО салған санкцияларды айналып өтудің құралы болмайтынын еуропалық әріптестерімізге дәлелдеу" екенін айтты.

"Біз Ресеймен сауданы тоқтатпаймыз, Ресейге инвестиция да саламыз, Ресейден инвестиция да тартамыз: біздің экономика үшін мұны басқаша жасаудың жолы жоқ. Бірақ біз санкция салынған тауарларды бақылауға бар күшімізді саламыз. Санкция салынған тұлғалар мен мекемелер Қазақстанға инвестиция салмауын бақылауға бар күшімізді саламыз" деді Тимур Сүлейменов.

Ресей Украинадағы соғысты "әскери операция" деп атайды, оны "соғыс" деп атағандарды қатаң жазалайды. Осыған дейін Қазақстанның ресми органдары бұл операцияға ашық баға бермей келген еді. Журналистің осы туралы сауалына жауап берген Сүлейменов "Әр нәрсені өз атымен атауда еш проблема жоқ. Ресей "соғыс" сөзіне тыйым салатын заң шығаруды ұсынды. Олар оны "арнайы әскери операция" дейді. Бірақ Қазақстанда біз оны өз атымен атаймыз" деді Сүлейменов.

Украинада соғыс басталғалы БҰҰ Бас ассамблеясы Ресейдің әрекетін айыптайтын екі бірдей қарар қабылдап, екеуінде де Қазақстан қалыс қалған. Осы туралы сауалға жауап берген Сүлейменов: "Ресей өз жағында болғанымызды қалайды. Бірақ Қазақстан Украинаның аумақтық тұтастығын құрметтейді. Біз Қырымдағы жағдайды (Украина құрамындағы Қырымның Ресей құрамына қосылуын – Ред.) да, Донбастағы жағдайды (Украинаның "ЛХР" және "ДХР" деген сепаратистік аймақтарының тәуелсіздігін – Ред.) да мойындаған жоқпыз, мойындамаймыз да, себебі оларды БҰҰ мойындаған жоқ. Біз Біріккен Ұлттар Ұйымы деңгейінде қабылданған шешімдерді ғана құрметтейміз" деп мәлімдеді.

Ресейге салынған санкциялар кесірінен Қазақстанның экспорт мүмкіндігі шектеліп қалғанына қынжылыс білдірген Сүлейменов Ресейді айналып өтетін бағыттарға басымдық беріп, "экспорт жолдарын әртараптандыру қажет" екенін айтты.

Бұған қоса, шенеунік Қазақстанды санкция салынған Ресей және Беларусь елдерімен бірге қарастырмауға шақырды.

"Өзімізді [олармен бір] себетке салғанын қаламаймыз және бұған бас тікпейміз. Сондықтан біз Еуропа одағы елдерімен және тегіс Еуроодақпен арадағы ынтымақтастықты арттырғымыз келеді. Біз – Орталық Азиядағы ең батысшыл елміз, ортақ құндылықтарымыз көп, себебі Қазақстанның 300 мың шаршы километр жері Еуропада жатыр. Қазақстанның ол бөлігі Еуроодақ елдерінің біразының аумағынан үлкен" деді Тимур Сүлейменов.

АҚШ Ресей мен Беларусьтің 120 ұйымына экспорттық санкция салады

АҚШ сауда министрлігі Ресейдің Украинаға басқыншылығына байланысты Ресей мен Беларусьтің 120 ұйымына экспорттық санкция салады. Құжат АҚШ федералдық тіркеу сайтында жарияланды.

Тізімге қорғаныс, аэроғарыш және теңіз саласымен байланысты ұйымдар енген. Арасында физика-оптика өлшемдері жөніндегі Жалпыресейлік ғылыми зерттеу институты, Мосэлектронпроект, "Звезда" кеме құрастыратын зауыты, Жуковский атындағы аэрогидродинамика институты және өзге мекемелер бар.

Тізімге сонымен бірге Беларусь мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің "Альфа" бөлімшесі, Беларусь ІІМ ішкі әскері және Гомель облыстық атқару комитетінің ішкі істер басқармасы да кірген.

Құжатта бұл ұйымдар "АҚШ ұлттық қауіпсіздігі немесе сыртқы саясатының мүддесіне қайшы әрекет еткен" деп көрсетілген.

Бұған дейін Америка билігі тізімге енген ұйымдар АҚШ-тың жоғары технологиясына лицензиясыз қол жеткізе алмайтындығын айтқан. Ал олардың лицензия алу бойынша өтініштері көп жағдайда мақұлданбайды.

Ресей қоршауында қалған Мариуполь қаласынан фотолар

Көшедегі қабірлер, жертөледегі жұрт, өртенген үйлер. Бір айда түгі қалмаған Мариупольден фотолар

Украина тарабының есебінше, Мариупольдегі инфраструктураның 80 пайызы қираған. Қалада атыс әлі жүріп жатыр. 
1/12 Украина тарабының есебінше, Мариупольдегі инфраструктураның 80 пайызы қираған. Қалада атыс әлі жүріп жатыр. 
Украинаның Мариуполь қаласы бес аптадан бері Ресей әскерінің қоршауында тұр. Қазір қаланың бір бөлігі Ресей, бір бөлігі Украина әскерилерінің бақылауында. Қалада әлі 150 мыңдай адам бар. Украина Қызыл крест халықаралық ұйымының көмегімен тұрғындарды эвакуациялауға тырысып жатыр.
Мариуполь билігі қалада бес мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза болды деп санайды. Тұрғындар марқұмдарды қаланың ішіне жерлеп жатыр. 
2/12 Мариуполь билігі қалада бес мыңға жуық бейбіт тұрғын қаза болды деп санайды. Тұрғындар марқұмдарды қаланың ішіне жерлеп жатыр. 
Украинаның Мариуполь қаласы бес аптадан бері Ресей әскерінің қоршауында тұр. Қазір қаланың бір бөлігі Ресей, бір бөлігі Украина әскерилерінің бақылауында. Қалада әлі 150 мыңдай адам бар. Украина Қызыл крест халықаралық ұйымының көмегімен тұрғындарды эвакуациялауға тырысып жатыр.
Украина қарулы күштерінің бас штабы 1 сәуірдегі мәлімдемесінде "Ресей әскерилері Мариуполь қаласын толық басып алуға тырысып жатыр" деді. Ал Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Алексей Арестович брифингте Мариуполь "берілген жоқ" деп мәлімдеді.
3/12 Украина қарулы күштерінің бас штабы 1 сәуірдегі мәлімдемесінде "Ресей әскерилері Мариуполь қаласын толық басып алуға тырысып жатыр" деді. Ал Украина президенті кеңсесінің кеңесшісі Алексей Арестович брифингте Мариуполь "берілген жоқ" деп мәлімдеді.
Украинаның Мариуполь қаласы бес аптадан бері Ресей әскерінің қоршауында тұр. Қазір қаланың бір бөлігі Ресей, бір бөлігі Украина әскерилерінің бақылауында. Қалада әлі 150 мыңдай адам бар. Украина Қызыл крест халықаралық ұйымының көмегімен тұрғындарды эвакуациялауға тырысып жатыр.
1 сәуірде қаладан шамамен 2 мың адам шығып, Запорожье қаласына аттанғаны хабарланды. Бірақ Мариупольде әлі 150 мыңдай адам бар. Суретте қала тұрғыны Ресей әскериімен сөйлесіп тұр. 
4/12 1 сәуірде қаладан шамамен 2 мың адам шығып, Запорожье қаласына аттанғаны хабарланды. Бірақ Мариупольде әлі 150 мыңдай адам бар. Суретте қала тұрғыны Ресей әскериімен сөйлесіп тұр. 
Украинаның Мариуполь қаласы бес аптадан бері Ресей әскерінің қоршауында тұр. Қазір қаланың бір бөлігі Ресей, бір бөлігі Украина әскерилерінің бақылауында. Қалада әлі 150 мыңдай адам бар. Украина Қызыл крест халықаралық ұйымының көмегімен тұрғындарды эвакуациялауға тырысып жатыр.
Қала тұрғындары аулада шахмат ойнап отыр. 
5/12 Қала тұрғындары аулада шахмат ойнап отыр. 
Украинаның Мариуполь қаласы бес аптадан бері Ресей әскерінің қоршауында тұр. Қазір қаланың бір бөлігі Ресей, бір бөлігі Украина әскерилерінің бақылауында. Қалада әлі 150 мыңдай адам бар. Украина Қызыл крест халықаралық ұйымының көмегімен тұрғындарды эвакуациялауға тырысып жатыр.
Мариупольде қалғандардың арасында балалар да бар. 
6/12 Мариупольде қалғандардың арасында балалар да бар. 
Украинаның Мариуполь қаласы бес аптадан бері Ресей әскерінің қоршауында тұр. Қазір қаланың бір бөлігі Ресей, бір бөлігі Украина әскерилерінің бақылауында. Қалада әлі 150 мыңдай адам бар. Украина Қызыл крест халықаралық ұйымының көмегімен тұрғындарды эвакуациялауға тырысып жатыр.
Қалада жарық, газ бен жылу жоқ. Жұрт тамақты отқа пісіруге мәжбүр.
7/12 Қалада жарық, газ бен жылу жоқ. Жұрт тамақты отқа пісіруге мәжбүр.
Украинаның Мариуполь қаласы бес аптадан бері Ресей әскерінің қоршауында тұр. Қазір қаланың бір бөлігі Ресей, бір бөлігі Украина әскерилерінің бақылауында. Қалада әлі 150 мыңдай адам бар. Украина Қызыл крест халықаралық ұйымының көмегімен тұрғындарды эвакуациялауға тырысып жатыр.
Ресей президенті Владимир Путин Украина әскері Мариупольден толық шыққанда ғана қаланы қоршаудан босатамыз деп мәлімдеген. 
8/12 Ресей президенті Владимир Путин Украина әскері Мариупольден толық шыққанда ғана қаланы қоршаудан босатамыз деп мәлімдеген. 
Украинаның Мариуполь қаласы бес аптадан бері Ресей әскерінің қоршауында тұр. Қазір қаланың бір бөлігі Ресей, бір бөлігі Украина әскерилерінің бақылауында. Қалада әлі 150 мыңдай адам бар. Украина Қызыл крест халықаралық ұйымының көмегімен тұрғындарды эвакуациялауға тырысып жатыр.
Ұрыс қаланың ортасында жүріп жатыр. 
9/12 Ұрыс қаланың ортасында жүріп жатыр. 
Украинаның Мариуполь қаласы бес аптадан бері Ресей әскерінің қоршауында тұр. Қазір қаланың бір бөлігі Ресей, бір бөлігі Украина әскерилерінің бақылауында. Қалада әлі 150 мыңдай адам бар. Украина Қызыл крест халықаралық ұйымының көмегімен тұрғындарды эвакуациялауға тырысып жатыр.
Мариупольде жүрген Ресей әскери техникалары. 
10/12 Мариупольде жүрген Ресей әскери техникалары. 
Украинаның Мариуполь қаласы бес аптадан бері Ресей әскерінің қоршауында тұр. Қазір қаланың бір бөлігі Ресей, бір бөлігі Украина әскерилерінің бақылауында. Қалада әлі 150 мыңдай адам бар. Украина Қызыл крест халықаралық ұйымының көмегімен тұрғындарды эвакуациялауға тырысып жатыр.
Үйлерінен айырылған тұрғындар жертөледе тұруға мәжбүр. 
11/12 Үйлерінен айырылған тұрғындар жертөледе тұруға мәжбүр. 
Украинаның Мариуполь қаласы бес аптадан бері Ресей әскерінің қоршауында тұр. Қазір қаланың бір бөлігі Ресей, бір бөлігі Украина әскерилерінің бақылауында. Қалада әлі 150 мыңдай адам бар. Украина Қызыл крест халықаралық ұйымының көмегімен тұрғындарды эвакуациялауға тырысып жатыр.
12/12

Previous slide
Next slide

Украина әскери күштерінің бас штабы Ресей әскерилері Харьков облысындағы Изюм қаласына бақылау орнатқанын хабарлады.

24 наурызда Ресей қорғаныс министрлігі Изюм қаласын басып алғанын айтқан еді, бірақ ол кезде Украина "қақтығыс жалғасып жатыр" деген.

Харьковтың оңтүстік-батысындағы Изюм Донецк пен Луганск облыстарына кіретін қақпа іспеттес қала әрі транспорт өткелі саналады.

Тағы

XS
SM
MD
LG