Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
17:57 1.3.2022

Киевтегі балалар ауруханасының жертөлесінде ондаған бала мен олардың ата-анасы жатыр. Олар мұнда бас сауғалап келген.

17:09 1.3.2022

Еуропарламент Украинадағы соғысты талқылап жатыр

Еуропарламенттің Страсбургтегі шұғыл сессиясында депутаттар Ресейдің Украинаға басып кіргенін сынға алды.

Еуропарламент Украинаның Еуропа одағына қосылу өтінішін қолдайды

Еуропарламент жиынына видео арқылы қосылған Украина президенті Владимир Зеленский елін тез арада Еуропа одағына қабылдауды сұрады. Зеленский сөзінен соң еуродепутаттар орнынан тұрып, қол соқты.

Еуропарламент Украинадағы соғысты халықаралық деңгейде тергеу жүргізуді талап етпек.

16:54 1.3.2022

Ресей билігінің соғысты "соғыс" деп атаудан бас тартқан тағы бір риторикасы

Ресей президенті Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков телефон арқылы өткен брифингте «ресейлік әскерилер азаматтық инфраструктураға шабуыл жасап жатқан жоқ» деді, ал Украинадағы соғысты "соғыс" деп атаудан бас тартты.

"Президент Путин бас қолбасшы ретінде арнайы операция жүргізуге бұйрық берді" дейді Песков.

Бірақ мынандай фотолардан Ресей әскерилерінің Украинаның қалаларындағы үйлерге, қала орталықтарына шабуыл жасағанын көруге болады. Бейбіт тұрғындар арасында да қаза тапқандар бар.

Өртенген ресейлік әскери техникалар, қираған үй, жертөледегі сәбилер. Шабуылға ұшыраған Харьков

Ресейдің шабуылынан қираған көпқабатты үйлердің бірі.
1/6 Ресейдің шабуылынан қираған көпқабатты үйлердің бірі.
Ресей билігі Украинада бейбіт тұрғындарға шабуыл жасап жатқан жоқпыз дейді. Бірақ 28 ақпанда Харьков қаласына Ресей ракетадан шабуыл жасап, тұрғын үйлер мен кемі бір мектепті қиратты.
Ресей шабуылынан опырылып түскен қабырға. 
2/6 Ресей шабуылынан опырылып түскен қабырға. 
Ресей билігі Украинада бейбіт тұрғындарға шабуыл жасап жатқан жоқпыз дейді. Бірақ 28 ақпанда Харьков қаласына Ресей ракетадан шабуыл жасап, тұрғын үйлер мен кемі бір мектепті қиратты.
Харьковта босанған әйелдер шабуылдан қашып, перзентхананың жертөлесінде отыр. 
3/6 Харьковта босанған әйелдер шабуылдан қашып, перзентхананың жертөлесінде отыр. 
Ресей билігі Украинада бейбіт тұрғындарға шабуыл жасап жатқан жоқпыз дейді. Бірақ 28 ақпанда Харьков қаласына Ресей ракетадан шабуыл жасап, тұрғын үйлер мен кемі бір мектепті қиратты.
Харьковтағы шабуылдан қираған мектеп.
4/6 Харьковтағы шабуылдан қираған мектеп.
Ресей билігі Украинада бейбіт тұрғындарға шабуыл жасап жатқан жоқпыз дейді. Бірақ 28 ақпанда Харьков қаласына Ресей ракетадан шабуыл жасап, тұрғын үйлер мен кемі бір мектепті қиратты.
28 ақпанда шабуылға ұшыраған Харьков қаласындаа қираған ресейлік әскери техника. 
5/6 28 ақпанда шабуылға ұшыраған Харьков қаласындаа қираған ресейлік әскери техника. 
Ресей билігі Украинада бейбіт тұрғындарға шабуыл жасап жатқан жоқпыз дейді. Бірақ 28 ақпанда Харьков қаласына Ресей ракетадан шабуыл жасап, тұрғын үйлер мен кемі бір мектепті қиратты.
Қала көшелерінде қаза тапқан ресейлік әскерилердің мәйіті де шашылып жатыр.
6/6 Қала көшелерінде қаза тапқан ресейлік әскерилердің мәйіті де шашылып жатыр.
Ресей билігі Украинада бейбіт тұрғындарға шабуыл жасап жатқан жоқпыз дейді. Бірақ 28 ақпанда Харьков қаласына Ресей ракетадан шабуыл жасап, тұрғын үйлер мен кемі бір мектепті қиратты.
Previous slide
Next slide

16:47 1.3.2022

Қысқа-нұсқа

  • Харьков қаласындағы қираған үйінділер астынан алты адамның мәйіті табылған. Жалпы қалада кемі он адам қаза тапқан. Ондаған адам жараланған. Бұл туралы жергілікті билік хабарлады. УНИАН ақпарат агенттігі қалада жарылыс дауыстары естіліп жатыр дейді.
  • Украина тарабының сұранысынан соң YouTube ресейлік Первый канал, "Звезда", ТНТ және басқа да телеарналардың осы желідегі каналдарын Украина аумағында бұғаттады.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Харьков қаласына шабуылдаған Ресейді "террорист мемлекет" деп атады.

Тағы

XS
SM
MD
LG