Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
09:32 1.3.2022

АҚШ-тың Ресейдегі бұрынғы елшісі Майкл Макфол "Настоящее время" телеарнасына берген сұхбатында Ресей шенеуніктері мен олигархтарына қарсы санкциялардың салдары туралы айтты.

"Енді олар Стэнфордта, Гарвардта және Лондонда оқи алмайды. Элитаның бұрынғы тіршілігі осымен бітті, енді Италиядағы демалыстар болмайды. Путинге қарсы көтерілісті күтіп отырғаным жоқ, бірақ олар оны қолдамайды. Бұл – режим үшін тығырық" деді бұрынғы елші.

09:57 1.3.2022

Украина астанасындағы әскери ахуал:

"Киев төңірегіндегі жағдай әлі ушығып тұр. Жау астанаға шабуылды жандандыруға тырысып жатыр... Украина қарулы күштері артиллерия мен «Байрақтар» дрондары арқылы барлық бағытта қорғанысты ұстап тұр» делінген Украина қарулы күштері Бас штабының мәлімдемесінде. Хабарламада елдің солтүстігінде Беларусь әскерінің күштері шоғырланғаны айтылады.

Maxar компаниясының спутниктен түсірілген суреттері Киевке солтүстік-батыстан Ресей әскери техникасының ауқымды легі келе жатқанын көрсетті. Нью-Йорк Таймс басылымының бағалауынша, лектің ұзындығы 20 шақырымнан асады. Колонна қаладан ондаған шақырым жерде келе жатыр.

10:23 1.3.2022

ХОК Ресей мен Беларусь спортшыларын жарыстарға қатыстырмауды ұсынды

"Ғаламдық спорт жарыстарының беделін қорғау және қатысушылардың қауіпсіздігі мақсатында ХОК Атқару комитеті халықаралық спорт федерациялары мен спорт шараларының ұйымдастырушыларына халықаралық жарыстарға Ресей мен Беларусь спортшыларын және ресми тұлғаларын шақырмауды ұсынады" делінген Халықаралық олимпиада комитетінің баспасөз хабарламасында.

ХОК сондай-ақ Ресей мен Беларусьтің туын, әнұранын, ұлттық нышандарын қолдануға болмайтынын, спортшылар тек бейтарап статуста өнер көрсете алатынын айтты.

Осы тұста Халықаралық тхэквондо федерациясы Владимир Путинді қатарынан шеттетіп, оны қара белбеуінен айырды. Ал ХОК Путиннің, Ресей вице-премьері Дмитрий Чернышенконың және президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Дмитрий Козакты олимпиада орденінен айырды.

10:34 1.3.2022

Украина әскери бөліміне шабуылда 70 сарбаз опат болды

Украинадағы Суми облысының басшысы Дмитрий Живицкий Ахтырка елдімекенінде Ресей артиллериясы Украина әскери бөлімін атқылап, салдарынан 70 әскери қызметкер мерт болғанын хабарлады.

"Үйінді астынан мәйіттерді шығару жалғасып жатыр. Төтенше жағдай мемлекеттік қызметі, еріктілер жұмыс істеп жатыр. Қаза тапқандар көп. Зиратта орын әзірленіп жатыр" деді ол.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG