Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен. 
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр. 
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады. 
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған. 
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады. 
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді. 
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті. 
12:49 2.3.2022

New York Times: 1 наурызда Украинадан Польшаға 98 мың адам өткен

Америкалық басылым Польшаның шекара қызметіне сілтей отырып, 24 ақпаннан бері Украинадан Польшаға 453 мың адам өткенін, оның 98 мыңы сейсенбі, 1 наурыз күні кіргенін айтты. БҰҰ босқындар жөніндегі агенттігі соғыс басталғалы Украинадан 677 мың адам бас сауғалағанын хабарлаған.

10:56 2.3.2022

"Сбербанк" Еуропа нарығынан шығады

"Еншілес банк топтары ақшаның жаппай шығарылуына тап болып, қызметкерлер мен бөлімдердің қауіпсіздігіне қатер төнді" делінген банктің баспасөз хабарламасында

10:28 2.3.2022

Украин теннисшісі Элина Свитолина Монтеррей (Мексика) жарысында ресейлік Анастасия Потапованы жеңіп, жарыстан қандай сыйақы алса да, бәрін Украина әскеріне беретінін айтты. Свитолина теннисшілер арасында әлем бойынша 15-орында. Ол 2020 жылы Монтерей жарысының жеңімпазы атанған.

Элина Свитолина
Элина Свитолина

 

10:15 2.3.2022

Путин шетелге 10 мың доллардан артық алып шығуға тыйым салды

Ресей президенті Владимир Путин сәрсенбі, 2 наурыздан бастап шетелге 10 мың доллардан артық ақша алып шығуға тыйым салды.

Тағы

XS
SM
MD
LG