Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
14:55 1.3.2022

Херсон көшелерінде Ресейдің брондалған техникасы жүр

Мұны Херсон облысы әкімшілігінің жетекшісі Геннадий Лагута "Украинская правда" газетіне берген сұхбатында мәлімдеді.

15:13 1.3.2022

Кореялық актриса Украинаға 83.5 мың доллар берді

Оңтүстік Кореяның танымал актері Ли Ён Э Украинадағы соғыс құрбандарына қолдау ретінде 100 миллион вон берді (83.5 мың доллар). Бұл туралы Украинаның Сеулдегі елшісі Дмитрий Пономаренко мәлімдеді.

"Танымал кореялық актриса Ли Ён Энің Украинаны қолдап, соғысты мейлінше тез тоқтатуды талап ете отырып, қомақты қаржы аударуы және жазған хаты бізді қуантып, жүрегімізді елжіретті! Ақша Ресей агрессиясының құрбандарына жолданады" деп жазды елші.

16:14 1.3.2022

Ұлыбритания қорғаныс министрлігінің барлауы:

"Кейінгі 24 сағатта Ресейдің Киевке жорығында жетістікке жете қойған жоқ. Шамасы, бұл – логистика қиындықтарының нәтижесі.

Ресей күштері Киевтің солтүстігіне, Харьков пен Чернигов маңына артиллериялық шабуылды үдетті. Ауыр артиллерияны халық тығыз орналасқан жерде қолдану бейбіт тұрғандардың қаза табуы ықтималдығын едәуір арттырады.

Ресей Украина әуе кеңістігін бақылауға алуда сәтсіздікке ұшырап, шығынына азайту үшін түнгі операцияларға ойысуға мәжбүр".

16:19 1.3.2022

Ресей спорты да қыспақта қалды

  • Халықаралық олимпиада комитеті спорт федерацияларына Ресей мен Беларусь спортшыларын жарыстарға қатыстырмауға шақырды.
  • Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) кеңесі мен Еуропа футбол одағының (УЕФА) атқарушы комитеті Ресейдің Украинаға соғыс ашқанына байланысты осы елдің құрамасы мен клубтарын барлық жарыстан шектеді. Польша, Чехия, Швеция биыл қыста Катарда болатын футболдан әлем чемпионатының іріктеу жарысында Ресеймен ойнаудан бас тартқан еді.
  • Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IIHF) Ресей мен Беларусь құрамасын барлық жарыстардан шеттетті.
  • Халықаралық коньки спорты федерациясы (ISU) Ресей мен Беларусьті мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, коньки жарыстарына қатыстырмайды.
  • Халықаралық гандбол федерациясы да Ресейді жарыстарға қатысу құқығынан айырды.
  • Әлемдік таэкондо федерациясы Ресей президенті Путиннің қара белбеуін қайтарып алды. Халықаралық дзюдо федерациясы Путинді құрметті президент атағынан айырды.
  • Футболдан Чемпиондар лигасының мамырда Санкт-Петербургте өтуі тиіс финалы Парижге ауысты.
  • Формула-1 автожарысының Сочидегі кезеңі де өтпейді. Халықаралық керлинг федерациясы қарашада Ресейде өтуі тиіс Еуропа чемпионатын басқа елге ауыстырады

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG