Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен. 
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр. 
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады. 
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған. 
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады. 
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді. 
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті. 
15:51 8.3.2022

Украинаның вице-премьері Ирина Верещук бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридор Мариуполь — Запорожье арасында ашылғанын мәлімдеді. 

15:54 8.3.2022

БҰҰ есебінше, соғыс басталғалы Украинадан екі миллион адам кеткен. Олардың басым бөлігі Польшаға өткен. 

БҰҰ бұл Еуропадағы Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең үлкен босқындар дағдарысы деп мәлімдеді. 

15:58 8.3.2022

Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді. Бұған қоса, компания Ресейдегі ұшақтарға арналған жанармай шығаратын сервис станцияларын да жабады. 

16:39 8.3.2022

Ресей - санкциялар бойынша лидер

Америкалық Castellum.AI технологиялық компаниясының есебінше, Ресей санкциялар саны бойынша әлемде алдыңғы қатарға шықты. Бұл елге 5500-ден астам санкция салынған. Путин әскері Украинаға басып кіргелі, яғни, 24 ақпаннан бері Ресей 2778 санкцияға ілікті.

  • Ресей - 5532 санкция
  • Иран- 3616
  • Сирия - 2608
  • Солтүстік Корея- 2077
  • Венесуэла - 651
  • Мьянма - 510
  • Куба - 208

Дереккөз: Castellum.AI

Тағы

XS
SM
MD
LG