Accessibility links

Эштон: ЕО мен АҚШ Украинаға қаржы береді


ЕО сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кэтрин Эштон (оң жақта) Украина президенті Виктор Януковичпен кездесіп тұр. Киев, 29 қаңтар 2014 жыл.
ЕО сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кэтрин Эштон (оң жақта) Украина президенті Виктор Януковичпен кездесіп тұр. Киев, 29 қаңтар 2014 жыл.
Еуропа Одағының (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон ЕО мен АҚШ Украинаға көп мөлшерде қаржылай көмек көрсету жоспарын жасап жатқанын мәлімдеді.

Wall Street Journal басылымына берген сұхбатында Эштон "көмек Украинаға келесі жылы өтетін президент сайлауының қарсаңында жасалатын саяси және экономикалық реформалар үшін берілетінін" айтады.

Эштон көмек қаржының көлемі "аз емес екенін", Украина оны алу үшін Халықаралық валюта қорымен ұзақ мерзімді келісім жасасуы міндетті емес екенін айтты. Ол "көмек тек қаржылай түрде ғана емес, инвестиция немесе украин валютасын кепілдендіру түрінде де жасалуы мүмкін" дейді.

Кэтрин Эштон өткен аптада Украина үкіметі мен оппозиция арасындағы диалогқа ықпал ету үшін Киевке барып қайтқан.

Украинадағы ахуалға өзге елдер де алаңдай бастады. 29 қаңтарда Еуропадағы "Вишеград тобы" деген атпен белгілі төрт ел - Чехия, Венгрия, Польша және
Шеруші темекі тартып отыр. Киев, 2 ақпан 2014 жыл.
Шеруші темекі тартып отыр. Киев, 2 ақпан 2014 жыл.
Словакия Украинаға байланысты мәлімдеме жасады. Төрт елдің премьер-министрлері Будапештегі кездесуде бірлесіп жасаған мәлімдемесінде Украинада зорлық-зомбылықтың басылмай отырғанын айтып, саяси дағдарыстың бұдан ары шиеленісуі "Украинаның болашағына қауіп төндіріп, елді тұтас тұрақсыздық жайлауына әкеп соқтырады" деп ескерткен.

Төрт ел басшылары Украинадағы оқиғаларда "экстремистік топтардың да араласып отырғанына" алаңдайтындарын айтқан. Олар "шынайы әрі мағыналы диалог қана дағдарыстан шығу жолын көрсете алады" дейді.

Украина басшылығын әрекетін Канада да сынаған еді. Ол ел үкіметі Украинаның жоғары шенді шенеуніктерінің елге кіруіне тыйым салатынын жариялаған. Канаданың азаматтық және миграция істері министрі Крис Александердің мәлімдеуінше, тыйым Украинадағы наразылық акцияларын басып-жаныштауға қатысы бар тұлғаларға салынады. Оның сөзіне қарағанда, Канада "еркіндік пен демократия жолында батыл және ашық күресетін украин халқын қолдай береді".

Крис Александердің мәлімдемесін Канада сыртқы істер министрі Джон Бэрд те
Үкіметке қарсы шеруге шыққан халық. Киев, 2 ақпан 2014 жыл.
Үкіметке қарсы шеруге шыққан халық. Киев, 2 ақпан 2014 жыл.
қоштап, Киевке жаңа санкциялар салынуы мүмкін екенін ескертті.

Бұған дейін АҚШ та Украина билігіне шерушілерді басып-жаныштау тоқтатылмаса, санкция салынуы мүмкін екенін ескерткен.

Украинадағы билікке қарсылық акциялары Янукович 2013 жылы қараша айында Еуропа Одағымен ассоциация келісіміне қол қоюдан бас тартқан соң басталған еді.

"Еуромайдан" деген атқа ие болған акциялар қаңтардың ортасында парламент бейбіт жиын өткізуді шектейтін заңды мақұлдап, оған Янукович қол қойған соң тіпті күшейген. 28 қаңтарда Украина парламенті - Жоғарғы Рада 16 қаңтарда қабылданған, азаматтық бостандықты шектеген 12 заңның 9-ынан бас тартты.

28 қаңтарда Украина премьер-министрі Николай Азаровтың отставкаға кетті. Ол "Қоғамдық-саяси ымыраға жол ашу және қақтығыстың бейбіт түрде реттелуіне қосымша мүмкіндіктер жасау үшін" кеткенін айтты.
XS
SM
MD
LG