Accessibility links

Украина оппозициясы рақымшылық заңын қолдамады


Украинадағы рақымшылық
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:18 0:00

Украина Жоғарғы Радасы наразылық акциялары кезінде ұсталғандарға рақымшылық жасау туралы заң жобасын мақұлдады.

Украина парламенті 29 қаңтарда түнге қарай ұзақ уақыт талқылаудан кейін жаппай наразылық акцияларында ұсталғандарға рақымшылық жасау туралы заң жобасын мақұлдады.

Биліктегі "Аймақтар партиясының" депутаты Юрий Мирошниченко дайындаған заң жобасын 232 депутат қолдап дауыс берді. Құжат қабылдануы үшін кемінде 226 депутат қолдап дауыс беруі тиіс болатын. Жобаны қолдағандардың 189-ы - "Аймақтар партиясынан", 32 -сі - коммунистер, 11-і - ешқандай партияға мүше емес депутаттар.

Мирошниченконың айтуынша, жобада рақымшылық жасау үшін демонстранттарға жалғыз шарт бар – олар басып алған әкімшілік ғимараттарын босатуы тиіс. Сонымен бірге жобада ауыр қылмыс жасағандарға рақымшылық жасалмайтыны айтылған.

Бірақ оппозициялық "Батькивщина", "УДАР" және "Свобода" партияларының депутаттары бұл құжаттың қабылдануына түбегейлі қарсы болды. Оппозиция жетекшілері "рақымшылық ешқандай шартсыз жасалуы тиіс" дейді.

Оппозициялық "УДАР" партиясының жетекшісі Виталий Кличконың айтуынша,
Оппозициялық "УДАР" партиясының жетекшісі Виталий Кличко Тәуелсіздік алаңында жүр. Киев, 30 қаңтар 2014 жыл.
Оппозициялық "УДАР" партиясының жетекшісі Виталий Кличко Тәуелсіздік алаңында жүр. Киев, 30 қаңтар 2014 жыл.
билік "қоғамдағы шиеленісті бәсеңсітудің орнына өршітіп отыр". Оның пікірінше, рақымшылық туралы заң билік қамаудағы шерушілерді басып алынған үкімет ғимараттары босатылмайынша кепілде ұстауға жол ашады.

Кеше Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кравчук парламентте сөйлеген сөзінде елді "азамат соғысының алдында тұр" деп, депутаттарды "бар жауапкершілікпен қимылдауға" шақырған.

Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі жоғарғы комиссары Кэтрин Эштон Украинадағы барлық қарсы тараптарды "нақты диалог орнатуға" шақырған еді. Киевке президент Виктор Януковичпен және оппозиция жетекшілерімен келіссөздер жүргізуге келген Эштон "Қай жақтан шықса да, зорлық-зомбылық тоқтатылуы тиіс" деді.

Украинадағы ахуалға Еуропадағы "Вишеград тобы" деген атпен белгілі төрт ел - Чехия, Венгрия, Польша және Словакия да алаңдаушылық білдіріп, мәлімдеме жасады. Төрт елдің премьер-министрлері 29 қаңтарда Будапештегі кездесуде
Билікшіл "Аймақтар партиясының" депутаттары "Беркут" арнайы жасағының аты жазылған киім киіп отыр. Харьков, 30 қаңтар 2014 жыл.
Билікшіл "Аймақтар партиясының" депутаттары "Беркут" арнайы жасағының аты жазылған киім киіп отыр. Харьков, 30 қаңтар 2014 жыл.
бірлесіп жасаған мәлімдемесінде Украинада зорлық-зомбылықтың басылмай отырғанын айтып, саяси дағдарыстың бұдан ары шиеленісуі "Украинаның болашағына қауіп төндіріп, елді тұтас тұрақсыздық жайлауына әкеп соқтырады" деп ескерткен.

Төрт ел басшылары Украинадағы оқиғаларда "экстремистік топтардың да араласып отырғанына" алаңдайтындарын айтқан. Олар "шынайы әрі мағыналы диалог қана дағдарыстан шығу жолын көрсете алады" дейді.

Украина басшылығын әрекетін кеше Канада да сынаған еді. Ол ел үкіметі Украинаның жоғары шенді шенеуніктерінің елге кіруіне тыйым салатынын жариялаған. Канаданың азаматтық және миграция істері министрі Крис Александердің мәлімдеуінше, тыйым Украинадағы наразылық акцияларын басып-жаныштауға қатысы бар тұлғаларға салынады. Оның сөзіне қарағанда, Канада "еркіндік пен демократия жолында батыл және ашық күресетін украин халқын қолдай береді".

Крис Александердің мәлімдемесін Канада сыртқы істер министрі Джон Бэрд те қоштап, Киевке жаңа санкциялар салынуы мүмкін екенін ескертті.

Бұған дейін АҚШ та Украина билігіне шерушілерді басып-жаныштау тоқтатылмаса, санкция салынуы мүмкін екенін ескерткен.

Украинада Еуропа Одағымен саяси және экономикалық әріптестік орнатуды
Билікке қарсы шеруші. Киев, 30 қаңтар 2014 жыл.
Билікке қарсы шеруші. Киев, 30 қаңтар 2014 жыл.
жақтаушылар шеруінің басталғанына екі ай толды.

Бұл қарсылықтың соңғы апталарда ерекше өршуіне Украина парламентінің шерулерге тыйым салатын, оппозицияшыл депутаттарды жазалайтын, сөз бостандығына тосқауыл қоятын заң жобасын мақұлдағаны, оны президент Виктор Януковичтің бекіткені түрткі болған. Қаңтардың 28-і күні оппозициялық күштердің талап етуі бойынша Украина парламенті азаматтық бостандықты шектейді деп сыналған 12 заңның 9-ынан бас тартты.

Қазір Украинадағы шерушілер Киевтегі маңызды бірнеше ғимаратты, оның ішінде қалалық мэрияны да бақылауына алған. Екі айдан бері наразылық танытып келе жатқан наразылар қала орталығына баррикадалар орната бастады.
XS
SM
MD
LG