Accessibility links

Өзбекстандық "содыр" ұсталған соң иммигранттарды тексеру күшейді


Нью-Йорктегі шабуыл
please wait
Embed

No media source currently available

0:00 0:00:33 0:00

ВИДЕО: Нью-Йорк шабуылына күдікті адам

Нью-Йорктегі сегіз адам қаза тапқан "террорлық шабуылды" жасады деген күдіктінің АҚШ-қа Өзбекстаннан көшіп келгені анықталды. Ол қала көшесінде жүрген адамдарды көлікпен таптаған. АҚШ президенті Дональд Трамп иммигранттарды жаппай қатаң тексеруге бұйрық берді.

Трамп Twitter желісінде "Мен жаңа ғана еліміздің қауіпсіздік қызметтеріне қатаң тексеріске кірісуге бұйрық бердім. Саяси сыпайылық деген жақсы дүние, бірақ бұл жолы оның жөні жоқ" деп жазды. Ол шабуылды "ауру әрі есі ауысқан адам жасаған" дейді.

2017 жылы қазанның 31-і күні АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының Манхэттен ауданында жүк көлігі велосипед жолында жүрген ондаған адамды қағып, cегіз адам мерт болған. 10 адам жарақат алған. Шабуыл жасаған адам көлігімен жол жиегінде тұрған оқушылар автобусына соғылған. Полиция оны ұстағандарын хабарлады.

В результате инцидента с грузовиком в Нью-Йорке погибли несколько человек
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:27 0:00

Полиция ұсталған адамның 29 жастағы өзбекстандық Сайфулло Хабибуллаевич Саипов екенін мәлімдеді. Оқиға орнында болған куәгерлер адамдарды таптап, оқушылар автобусына соғылған көлік жүргізушісінің көшеде «Аллахуакбар» деп айғайлап біраз жүргенін айтады.

ВИДЕО: Шабуыл жөнінде Нью-Йоркте оқитын қазақстандық студентпен сұхбат

Нью-Йорктегі шабуыл жөнінде қазақстандық студентпен сұхбат
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:08 0:00

САИПОВ КІМ?

Азаттықтың Өзбек қызметі тілшілері сөйлескен АҚШ-та тұратын ​діни активист, блогер Мирахмат Муминов Саиповты танитынын айтады.

- Өзбекстаннан келгенде, ол Нью-Йоркте тұрды. Өзбекстаннан келген қызға үйленді. Екі баласы бар. Бірнеше жыл бұрын бес өзбек азаматы "Ислам мемлекеті" (ИМ - Қазақстанда тыйым салынған) террорлық ұйымына қаржылай көмек көрсеткені үшін қамауға алынды. Бұл сол өзбектермен достық қарым-қатынаста болған. Олар ұсталғанда өте қорқып жүрген болатын, - дейді Мирахмат Муминов.

«Сайфулло ташкенттік еді. Мен Огайо штатында өмір сүрген кезінен білемін. Ол жүк көліктерін жүргізді. Бұл жігіт табиғатынан ұрысқақ еді. Өте агрессивті еді. Бірақ радикал исламист еді деп айта алмаймын. Мешітке бір барса, бір бармай жүретін. Ондағы өзбектермен келісе алмағаннан кейін Флорида штаты Тампа қаласына қоныс аударған. Онда екі жарым жылдай тұрып, сосын Нью-Йоркке көшіп кетті» дейді Азаттыққа берген сұхбатында Мирахмат Муминов.

Көлік таптаған адамдардың велосипедтері. Нью-Йорк, 31 қазан 2017 жыл.
Көлік таптаған адамдардың велосипедтері. Нью-Йорк, 31 қазан 2017 жыл.

Ал Reuters агенттігінің хабарлауынша, Саипов АҚШ-тың Нью-Джерси қаласында тұруы, жүргізуші болып жұмыс істеуі мүмкін. Ол АҚШ-қа Өзбекстаннан жеті жыл бұрын көшіп келген. Осы уақыт ішінде ол АҚШ-тың бірнеше штаттарында - Огайо, Флорида және Нью-Джерсиде тұрған. Флоридада онымен араласқан өзбек иммигранты Қобилжон Матқаров Times газетіне "Саиповтың жүк көлігі жүргізушісі болғанын, Нью-Джерсиге көшкеннен кейін Uber таксисі болып жұмыс істегенін" айтқан. Матқаров "Мен білгенде ол жақсы адам еді. Оған АҚШ ұнайтын. "Жолым болды, бәрі жақсы" деп жүретін. Терроршыға мүлде ұқсамайтын, бірақ мен оның ішкі ойы қандай екенін білмеймін ғой" деген.

Times газеті Саиповтың шабуыл жасаған жерінен 60 километрдей жерде, Нью-Джерси штатындағы Патерсонда тұрғанын жазады. Қазір полиция Патерсон ауданын тексеріп жатыр. Бұл аудан - Нью-Йорктегі мұсылмандар ең көп шоғырланған жер. Онда шамамен 30 мыңдай мұсылман тұрады. Саиповтың бұған дейін бірнеше рет жол ережесін бұзғаны туралы мәліметтер бар. Соның бірінде оған рұқсат етілген көлемнен ұзын жүк көлігін айдағаны үшін айыппұл салынған. Ол айыппұлды почта арқылы төлеген.

ШАБУЫЛ ТУРАЛЫ ПОЛИЦИЯ МӘЛІМЕТТЕРІ

Полиция Саипов шабуылды жалғыз жасаған болуы мүмкін деп мәлімдеп жатқанда, БАҚ өкілдері көліктен хат тауып алғандарын хабарлады. Ол хатта "шабуылдың "Ислам мемлекеті" (ИМ - Қазақстанда тыйым салынған терррорлық ұйым) террорлық ұйымы атынан жасалғаны" жазылған.

Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио «Бұл - қорқақ адам жасаған террорлық шабуыл болды. Мерт болғандар өздеріне шабуыл жасалатынын білмеді» деп мәлімдеді.

ВИДЕО: Нью-Йорк полициясы брифингі (31 қазан, ағылшын тіліндегі видео Нью-Йорк полициясының ресми сайтынан алынды)

АҚШ ішкі қауіпсіздік департаменті баспасөз хатшысы бұл әрекетті "көрінеу террорлық шабуыл" деп атады. Билік қаза тапқан сегіз бейбіт адамның бесеуі Аргентина, біреуі Бельгия азаматы болғанын хабарлады.

Жедел жәрдем қызметкерлерінің мәліметіне қарағанда, ондаған адам жарақат алған. Оның ішінде 11 адам ауыр жараланған.

Полиция күдіктінің шаруашылық тауарларын сататын New Home Home Depot дүкенінен жалға алынған көлікпен келгенін, шабуылдан кейін қолдан жасалған қару ұстап жүргенін айтады.

Нью-Йорктегі шабуыл орнына келген арнайы қызмет көліктері мен қылмыскердің көлігі. 31 қазан 2017 жыл.
Нью-Йорктегі шабуыл орнына келген арнайы қызмет көліктері мен қылмыскердің көлігі. 31 қазан 2017 жыл.

Билік таратқан мәліметтерге қарағанда, полиция Саиповты оқиға орнында атып жаралап барып қолға түсірген. Мұнан соң ішінен жараланған оны Bellevue ауруханасына алып кеткен. Полиция ақпараты бойынша, жарақат оның өміріне қауіп төндіріп тұрған жоқ.

Нью-Йорк губернаторы Эндрю Куомо мұны "жалғыз адам жасаған шабуыл" деп атады. Оның сөзіне қарағанда, "шабуылды көп адам бірігіп ұйымдастырғанын көрсететін айғақтар жоқ".

Куомо Нью-Йорк қаласындағы әуежайлар, көпірлер, туннельдер мен адам көп жүретін жерлерде қауіпсіздік шаралары күшейтілгенін айтады. Ол Бүкіләлемдік сауда орталығы мұнарасы қызыл, ақ және көк бояулармен, яғни «еркіндік пен демократия» түстерімен жанып тұратынын мәлімдеді.

Шабуыл жасалған маңды бақылап жүрген тікұшақ пен полиция қызметкері. АҚШ, Нью-Йорк, 31 қазан 2017 жыл.
Шабуыл жасалған маңды бақылап жүрген тікұшақ пен полиция қызметкері. АҚШ, Нью-Йорк, 31 қазан 2017 жыл.

Қазанның 1-і Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Нью-Йорктегі терактіні айыптап, қаза тапқан адамдардың туыстарына қайғырып көңіл айтатынын мәлімдеді.

Мәлімдемеде "мұндай жантүршігерлік қатыгез қылмысты ешкі ақтап ала алмайды. Біз экстремизм мен терроризмнің кез келген түрін айыптаймыз. Өзбекстан бұл террорлық әрекетті тергеуге қолынан келген барлық көмегін аямайды" деп жазылған.

Былтыр Еуропа елдерінде адамдарды көлікпен таптаған бірнеше террорлық шабуыл болған еді. 2016 жылы шілде айында Францияның Ница қаласында Бастилия күнін тойлап жатқан бұқараны үлкен жүк көлігімен таптаған террорлық шабуыл болды. Жүздеген адам жараланып, 86 адам қаза тапқан. Ол шабуылды ИМ террорлық ұйымы мойнына алған.

Осы оқиғадан бес ай өткенде Германияның Берлин қаласында осы елден саяси баспана сұрап келген тунистік адамдарды көлікпен таптап, 12 адам қаза тауып, 48 адам жараланған. Тамыз айының 17-сі күні Барселона қаласында да бұқараны көлікпен таптаған шабуыл жасалып, 13 адам өлген. Бұл шабуылды ИМ содырлары мойнына алған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Көшпенділер ойынына асық шабандоз қыз
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:51 0:00
XS
SM
MD
LG