Accessibility links

Венгрияда экс-премьер Орбанның әкесінің компаниясы күдікке ілінді

Венгриядағы жол құрылысы (көрнекі сурет)
Венгриядағы жол құрылысы (көрнекі сурет)

Будапешт полициясы Венгрияның бұрынғы премьер-министрі Виктор Орбанның әкесі Дёжё Орбанға тиесілі компанияға қатысты істі тергеп жатыр. Венгриялық "444" басылымының хабарлауынша, Дёжё Орбанның Dolomit Kft. компаниясы ірі тас жолды кеңейтуге пайдаланылатын қиыршық тас пен құрылыс тасын компания жариялаған бағадан екі еседен астам бағамен сатты деген күдікке ілінген. Тас жол құрылысын мемлекет қаржыландырады.

Dolomit Kft. компаниясынан қиыршық тас пен құрылыс тасын Венгриядағы ең бай адам деп саналатын миллиардер Леринц Месарошқа тиесілі V-Híd Zrt құрылыс компаниясы сатып алып отырған. Зерттеуші журналистер Месарошты Виктор Орбанның "әмияны" деп атайды, ал оның компаниялары Венгриядағы мемлекеттік келісімшарттар бойынша бөлінетін қаржы мен Еуроодақ субсидияларынан айтарлықтай үлес алады.

Бұған дейін Transparency International және тәуелсіз венгр саясаткері Акос Хаджази Dolomit Kft компаниясының үстінен шағым түсірген еді. Бас прокуратура істі Будапешт полициясына жолдады.

  • Виктор Орбан "Фидес" партиясын бұрынғысынша басқарып отыр және бұл қызметінде кем дегенде 2027 жылдың мамыр айына дейін қалады деп жазды BBC-дің Венгр қызметі. Басылым дерегінше, Орбанның партияластары саясаткерден сыбайлас жемқорлық жайлы айыптауларға байланысты "әлі күнге дейін ешқандай тұщымды жауап алмаған".
Айдар
XS
SM
MD
LG