Accessibility links

Ресей-Украина соғысы қай кезеңге жетті? Әскери сарапшымен сұхбат


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақтан екінші), Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу (сол жақ шетте) мен Ресей қарулы күштері бас штабының бастығы Валерий Герасимов (оң жақтан екінші) "Батыс-2017" бірлескен әскери жаттығуы кезінде. 18 қыркүйек 2017 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақтан екінші), Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу (сол жақ шетте) мен Ресей қарулы күштері бас штабының бастығы Валерий Герасимов (оң жақтан екінші) "Батыс-2017" бірлескен әскери жаттығуы кезінде. 18 қыркүйек 2017 жыл.

Украинадағы соғыс неліктен "Путин соғысы" деп аталады? Ресей бұл соғыста тығырыққа қалай тірелді? Майданда не болып жатқаны неге бұлыңғыр? Вирджиниядағы CNA талдауы орталығындағы әскери сарапшы Михаил Кофман Азаттыққа берген сұхбатында осы және өзге сұрақтарға жауап берді.

АҚШ жиырма жыл ішінде Ауғанстан мен Иракта біршама әскерінен айырылса, Ресей Украинадағы соғыстың үш аптасында бұл екеуін қоса алғаннан көп адамнан айырылды деген деректер бар.

Америка мен ағылшын әскери шенеуніктері осы күнге дейін 7 мың ресейлік сарбаздың өлгенін хабарлады. Ал Украина қорғаныс министрлігі ел әскері Ресейдің он төрт мыңнан астам адамын өлтірді дейді. Мәскеу қаза тапқандар жайлы бір рет қана ресми мәлімет жариялады. 2 наурызда Ресей қорғаныс министрлігі 498 сарбаздың қаза тапқанын хабарлап, содан бері үнсіз қалды.

Қаза тапқан адамдар саны нақты емес және бұл статистика спутниктен түсірілген суреттер мен соғыстағы видеоларға сүйеніп жасалған дейді АҚШ ресми өкілдері мен тәуелсіз сарапшылар.

Қаза тапқандардың жалпы сан нақты болмағанымен, соғыста Ресейдің сәтсіздікке ұшырай бастағаны байқалды. Сарбаздардың моральдық рухы түсіп, олардың қаша бастағаны және материалдық-техникалық қиындықтар туғаны жайлы айтыла бастады.

Осы проблемаларға қарамастан, Ресей әскері Украинаның кей өңірінде ілгері басқандай болды. Екі тарап үшін де соғыстың шешуші кезеңі басталды.

Соғыстан енді не күтуге болатынын білу үшін Азаттық радиосы Вирджиниядағы CNA аналитика орталығында Ресей зерттеулері бағдарламаларын басқаратын әскери сарапшы Михаил Кофманмен сұхбаттасты.

Азаттық: Ресейдің Украинаға шабуыл жасағанына үш апта болды. Украина көп жағдайда Ресей басқыншылығына төтеп бере алды. Соғыс кезінде Ресей материалды-техникалық және басқа да қиындықтарға тап болды. Қазір соғыста не болып жатыр? Алдағы уақытта не болуы мүмкін?

Михаил Кофман: Қазір жағдайдың қандай екенін нақты айту қиын. Майданда не болып жатқаны жайлы нақты деректер жоқ. Дегенмен, Ресей күштерінің жетістігі аз деп ойлаймын. Олар болмашы ғана ілгері басты да, Украинаның қарсылығына тап болды.

Меніңше, қазір соғыста Ресей күштері тұрақты прогресске ұмтылып жатыр, [бірақ] қазір олар соғыстың басында қойылған мақсаттарға жете алады деп ойламаймын. Мысалы, олар Киевке шабуылдап, оны басып алады деп санамаймын. Қазір Ресей [Украина үкіметімен] саяси келісімге қарай аяқ басу үшін әскери мақсаттарын қайта қарап жатқандай [көрінеді].

Азаттық: Сіз Ресей Киевті басып алмайды деп отырсыз. Осыны ескерсек, жақын арада Одесса мен Киев секілді ірі қалаларға үлкен қысым көрсетіледі деп болжай аламыз ба? Ресей күштері әлсіреді, десек те, олар алға жылжи беретін болар?

Михаил Кофман: [Ресей күштері] расымен Одессаға жетеді деп ойламаймын. Қазір олар Николаевка қаласынан алыстай қоймады, олардың Одессаға дейін баратынына күмәнім бар. Жеткен күннің өзінде, оларда қаланы басып алатындай күш қалған жоқ. Амфибияға отырса да, онымен байланысатын ештеңе жоқ. Олар әлі де [қаладан] алыста жүр.

Украинаның Донбасқа қарсы бірлескен операция күштері, яғни, біршама бригада үздіксіз шайқас қаупіне тап болды. Украина күштеріне төнген ең үлкен қауіп осыда жатыр деп ойлаймын. Олар оңтүстік әскери округтарға кіретін Ресей әскерінің шабуылына ұшырап, кері шегінуі мүмкін. Ал солтүстік-батыстан батыс әскери округының әскері келе жатыр. Осылайша олар Украинаның Донбастағы әскерін қоршауға алуы немесе қауіпті жағдайға түсіруі мүмкін. Олар Киевті де қоршауға ала алады, бірақ оны басып ала алмайтын шығар. Қаланы қоршауға алса, олар бірнеше апта бойы тиімді жағдайда бола алады.

Азаттық: Соғыстың басында Ресей айтарлықтай дамыған әуе әскери күштеріне басымдық береді деген болжам болды. Бірақ соғыста бұл айтарлықтай рөл атқара алмағанға ұқсайды. Мұның себебі неде болуы мүмкін?

Михаил Кофман: Жұрт соғыста әуе кампаниясы мен әскери күштерінің бірлескен әрекеті болады деп болжады, сондықтан әскери іс-қимылдың көбі болжағандай болмай шықты. Мұның орнына Ресей әскері билікті ауыстыру операциясын жылдам өткізуге тырысты. Олар қақтығыс болмайды деп ойлады және [шайқастан расымен қашқақтады]. Осылайша олар біз күткендей әрекет етпеді.

Украина – әуе қорғанысы мықты ел. Бұл оңай емес. Жұрт Украинаның әскери мүмкіндіктерін жете бағаламады. Ең үлкен проблемалардың бірі осы болды. Бұл – Еуропадағы ең ірі қарулы күштердің бірі. Олар біліктілік, моральды рух, әскери белсенділік және мүмкіндіктер деңгейі жағынан бұрын соғысқан АҚШ әскерилерінен қатты ерекшеленеді. Бұған осы соғыс кезінде Батыс елдері Украинаға берген тактикалық мүмкіндіктерді қосыңыз. [АҚШ-тың] Украинаны қаруландыруға көмектескенін де атап өту керек.

Ұзын сөздің қысқасы, Ресей әуе күштері шектеулі әуе операцияларын жүргізді. Бірақ Украина әуе қорғанысы әлі де қабілетті болған соң, мұның өтемі ауыр болды. Ал шын мәнінде Ресей ұшақтарының әуе қорғанысына қарсы шығуға шамасы жете бермейді.

Азаттық: Киев НАТО елдерінен Украина аспанын әскери ұшаққа жабық аймақ деп жариялауды сұрап, бірнеше мәрте талпынса да келісім ала алмады. Бірақ біз АҚШ және Батыстағы өзге де елдердің Украинаға әуе-құрлық зымыраны мен басқа да қару-жарақ жібергеніне куә болды. Бұл соғыстың ендігі кезеңінде қандай рөл атқарады?

Михаил Кофман: Бұл шешуші фактор емес, бірақ көмегі болатыны сөзсіз. Украина әуе қорғаныс құралдарын көбірек қажет етеді деп ойлаймын. Украина әуе қорғаныс күштері [әзірге] жаман жұмыс істеп жатқан жоқ. [Бұл қорғанысты] тағы қаруландыру – басқа ұсыныстарға қарағанда жақсы идея. Ұшуға болмайтын аймақ деп жариялайтыны екіталай.

Азаттық: Ресей әскері соғыстың басында қойған мақсаттарының көбіне жете алмайды деп айттыңыз. Ресей мен Украина келіссөздерінің алға жылжи бастағаны жайлы айтылғанын көріп отырмыз. Осыны негізге алсақ, соғыс бәсеңдейді немесе мүлдем тоқтайды деп болжай аламыз ба?

Михаил Кофман: Қазір соғыс тығырыққа тірелген жоқ. Шын мәнінде екі жақтың да әскері қандай күйде екенін білмейміз. Украина әскеріне қарағанда, Ресей әскерінің қанша адамнан айырылғанын білмейміз. Бокс алаңына екі адам шығып, біз соның тек біреуін ғана көріп отырғандаймыз.

Картаға [және] Ресей прогресіне қарап олар сол мақсаттарында қалады деп ойламаймын. Осылайша, алдағы апталарда Ресей әскерінің күші сарқылады, оған үзіліс қажет болады. Соғыстағы тиімділігі азаяды, бөлімдерді толтыруға, қайта ұйымдастыруға және қайта қаруландыруға тура келеді. Жуық апталарда атыс тоқтауы мүмкін, саяси жағдай толық реттелмеуі де мүмкін. Бұл – өз ойым [және] бұл жағдайда менде оптимизм басым.

Осыларды ескерсек, соғыс жағымсыз сипат алуы мүмкін. Ресей Украина билігіне қысым көрсету үшін кей аудандарға шабуылдауы, бейбіт тұрғындарға шабуыл жасауы мүмкін.

Азаттық: Айтқандарыңыздан бөлек, бұл соғыста сізді не таң қалдырды?

Михаил Кофман: Соғыс жайлы Ресей әскерилерінің білмегені [өте таң қалдырды], сондықтан олар материалдық, психологиялық тұрғыда дайындала алмады және моральдық рухы әлсіз болды. Дұрыс әскери операция жүргізу үшін ұйымдасудың шикілігі байқалды. Бұл Украина тарабын жігерлендірді. Украина қарсы тұра білді, жақсы шайқасты, бейбіт тұрғындарды жұмылдырылды [және] Ресейдің ең жанды жерлеріне шабуыл жасады.

Біз Ресейдің әскери мүмкіндіктерін асыра бағалап, Украина мүмкіндіктерін жете бағалай алмағанымызды түсіндік.

[Сарапшылар] Ресей әскерінің биіктігі 12 фут немесе 4 фут әскері жайлы айтады да, олардың қазіргі жағдайы жайлы салмақты әрі ақылға қонымды дерек келтірмейді. Бірінен екіншісіне өтетін мұндай жағдайдан аулақ болғанымыз жөн. Мен осындай қорытынды жасаймын.

Бұл – [Ресей] әскерінің қандай проблемасы болғанын немесе жоспарының дұрыс болмағанын ойлауға жақсы мүмкіндік. Бұл – расымен [президент Владимир] Путинің соғысы. Мені таң қалдырған да осы деп ойлаймын. Ресей әскерилері [оның] эгосына ілесті. Бұл өте анық, бірақ тиімді емес.

Бұл – расымен Путиннің соғысы. Ол соғысты "арнайы әскери операция" деп атағанда шынымен осыны меңзегенге ұқсайды.

Путин расымен арнайы әскери операция болады деп ойлаған сияқты. Олар елге кіріп, режимді ауыстырып, бірнеше күннен соң елден шыққысы келді. Еуропадағы ең ірі елдің билігін құлатуді көздеді. Мұндай болжамға және осы жоспарға қалай [келгенін ойлаудың өзі] феномен, бірақ расымен біз қазір сондай жағдайда отырмыз.

Сұхбат қазақ тіліне ықшамдалып аударылды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG