Accessibility links

Соғыс ізі қалған курорт

Югославия халық армиясының элитасына арнап тұрғызылған Купари курортын сол армияның өзі қиратқан. 1960-жылдары елдің әскери бюджеті қаржысы есебінен Адриатика теңізіндегі ең көрікті жағажайлардың бірі, Дубровник қаласына жақын орналасқан Купари шығанағында төрт зәулім ғимарат, Югославия басшысы маршал Броз Титоның жеке резиденциясы және кемпинг салынған.

1991 жылы күзде Югославия халық армиясы мен қарулы жасақ топтары Дубровникті талқандау жөніндегі әскери операция бастады. Шығанаққа енген кемелер хорваттар полициясы бекінген курорт ғимараттарын теңізден атқылады. 20 күннен кейін серб теңіз десанты курорттағы күйреп, қираған қонақүйлерді басып алды. Хорваттар 1992 жылы мамырда Купариге қайта оралған кезде бір кездегі салтанатты курорттың барлық бағалы дүние-мүліктің тонауға түсіп, ғимараттары өртеніп, құлап, қирағанын көрді. 1998 жылдан 2001 жылға дейін үш қонақүйде хорват армиясы орналасты. Бүлінген қонақүйлердегі қалған дүние-мүлікті жергілікті тұрғындар біртіндеп тасып, талан-таражға салды, ал ғимараттардың сәнді де әсем сәулеті табиғаттың әсерінен желініп, мүжіліп, тозды.

Бір кездегі көрікті курорттағы ғимараттар қазір шөп басып, қаңғыбас ит-мысықтың ұясына айналған. Жергілікті командалар ғимараттың сау қалған спорт залдарында жаттығады, қаңыраған нысандарда пейнтбол әуесқойлары да ұшырасады, суретшілер бетон қабырғаларға граффити салады. Соғыс сойқанының ізі қалған Купари жағажайына туристер әлі де жиі келеді – жартылай құлап, қираған қонақүй ғимараттарынан таяқ тастам жерде теңізге шомылып, жағада күнге қыздырынып отырған адамдар сюрреалистік сюжет көрінісіне ұқсайды.
Түгелін оқыңыз

"Пелегрин" қонақүйі ғимараты. Жағажайдан түсірілген сурет.
1

"Пелегрин" қонақүйі ғимараты. Жағажайдан түсірілген сурет.

"Пелегрин" қонақүйінің осы тұсынан 300 метр жүрген соң әскери базаның шлагбаумы кездеседі.
2

"Пелегрин" қонақүйінің осы тұсынан 300 метр жүрген соң әскери базаның шлагбаумы кездеседі.

"Пелегрин" қонақүйінің қазіргі көрінісі.
3

"Пелегрин" қонақүйінің қазіргі көрінісі.

Қаңырап тұрған "Пелегрин" қонақүйі қабырғаларында осындай ою-өрнектер де бар.
4

Қаңырап тұрған "Пелегрин" қонақүйі қабырғаларында осындай ою-өрнектер де бар.

Тағы

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG