Accessibility links

Англия мен Францияның футбол құрамалары да анықталды


Англия құрамасының жаңа бас бапкері Рой Ходжсон. Македония, 29 шілде 2010 жыл.
Англия құрамасының жаңа бас бапкері Рой Ходжсон. Македония, 29 шілде 2010 жыл.

Еуропа чемпионатының басты фавориттері саналатын Англия мен Франция құрамаларының бапкерлері құрлықтық турнирге аттанатын футболшылардың тізімін жариялады.

АНГЛИЯ ҚҰРАМАСЫ

Англия құрамасына жаңадан келген бас бапкер Рой Ходжсон тізімге команда сапында бірде-бір ойын өткізбеген Алекс Окслейд-Чемберлен мен Джон Раддиді қосыпты.

18 жастағы Окслейд-Чемберлен биылғы маусымда «Арсенал» сапында тамаша ойынымен көзге түскен еді. Ол биыл чемпиондар лигасында гол соққан ең жас ағылшын футболшысы ретінде тарихқа енді.

Бапкер Ходжсон Англия құрамасында 80-нен астам ойын өткізген Рио Фердинандты шақырмапты. Фердинанд жарақатына байланысты биыл құрама сапында мүлде алаңға шықпаған еді. Сондықтан бас бапкер ортаңғы шепті Джон Терри, Гэри Кэхилле және Джолионе Лескоттеге тапсырып отыр. Ал команда капитаны Стивен Джеррард болмақ.

Саусағын сындырып алған қорғаушы Кайл Уокер және жарақаттанған Джек
«Манчестер Юнайтед» ойыншылары Уэйн Руни (ортада), Рио Фердинанд (сол жақта) және Нани (оң жақта). Швейцария, 7 желтоқсан 2011 жыл.
«Манчестер Юнайтед» ойыншылары Уэйн Руни (ортада), Рио Фердинанд (сол жақта) және Нани (оң жақта). Швейцария, 7 желтоқсан 2011 жыл.
Уилшир, Крис Смоллинг Украина мен Польшаға бармайды. Ал Скотт Паркер жарақатына қарамастан чемпионатқа баратындар қатарына қосылды.

Команда шабуылшыларының бірі Уэйн Руни Еуропа чемпионатының екі ойынына қатыса алмайды. Оның іріктеу турнирінде алған ескертуі бар.

– Бұл команданы жасақтау маған оңай болмады. Қақпашы Джон Радди биылғы маусымда өте керемет ойын көрсетті. Сондықтан оны қатарға қостым. Алекс Окслейд-Чемберлендтің ойынында тың серпіліс бар. Әсіресе «Миланмен» өткен ойында ерекше көзге түсті, – дейді бапкер Ходжсон УЕФА сайтына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, «Энди Кэрролл допқа таласта жанын аямайды. Қорғаныс пен шабуылда өте сауатты ойыншы».

Шабуылшыларды таңдауда да біраз қиналған 64 жастағы бапкер Еуропа чемпионатына баратын құрама толық жасақталғанын айтты.

Англия құрамасы Еуро-турнирге дейін Ослода Норвегиямен (26 мамыр), кейін «Уэмлиде» Бельгиямен (2 маусымда) жолдастық кездесу өткізеді. Ал 11 маусымда Донецкіде Франциямен Еуропа біріншілігіндегі алғашқы матчын ойнайды. Одан кейін Киевте Швециямен және Украинамен алаңға шығады.

Бұрын Швейцария құрамасының жаттықтырушысы болған Рой Ходжсон Англия құрамасын жасақтау ісіне осы аптада кіріскен. Ол ақпан айында отставкаға кеткен Фабио Капеллоның орнына келген еді.

Еуропа чемпионатына қатысатын Англия құрамасының толық тізімі


Қақпашылар: Джо Харт («Манчестер Сити»), Роберт Грин («Вест Хэм»), Джон Радди («Норвич Сити»).

Қорғаушылар: Лейтон Бейнс («Эвертон»), Гэри Кэхилл («Челси»), Эшли Коул («Челси»), Глен Джонсон («Ливерпуль»), Фил Джонс («Манчестер Юнайтед»), Джолион Лескотт («Манчестер Сити»), Джон Терри («Челси»).

Жартылай қорғаушылар: Гарет Барри («Манчестер Сити»), Стюарт Даунинг («Ливерпуль»), Стивен Джеррард («Ливерпуль»), Фрэнк Лэмпард («Челси»), Джеймс Милнер («Манчестер Сити»), Алекс Окслейд-Чемберлен («Арсенал»), Скотт Паркер («Тоттенхэм»), Тео Уолкотт («Арсенал»), Эшли Янг («Манчестер Юнайтед»).

Шабуылшылар: Энди Кэрролл («Ливерпуль»), Джермейн Дефо («Тоттенхэм»), Уэйн Руни («Манчестер Юнайтед»), Дэнни Уэлбек.

ФРАНЦИЯ ҚҰРАМАСЫ

Франция құрамасының бас бапкері Лоран Блан жарақат алған Юнес Кабул мен Ремиді қатарға алмады. Олардың орнына 23 жастағы Мапуэ Янга-Мбивананы шақырған.

– Біз Мапуэні көп зерттедік. Ол құрамада ойнауға қазірдің өзінде дайын. Бұл
Франция мен Беларусь құрамалары арасындағы ойын. 3 қыркүйек 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Франция мен Беларусь құрамалары арасындағы ойын. 3 қыркүйек 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
ойыншы Ремиді алмастырады. Ал Юнестің орнына қазір жаңа ойыншы іздеп жатырмын,– дейді Лоран Блан.

Лоран бұдан бөлек құрамаға «Лион» ойыншысы Йоанн Гуркюффты, «Манчестер Юнайтед» қорғаушысы Патрис Эвраны, «Челси» ойыншысы Флоран Малуданы шақырыпты.

Франция құрамасы Еуро-турнирге дайындық ретінде Исландия (27 мамыр), Сербия (31 мамыр) және Эстониямен (5 маусым) жолдастық кездесу өткізеді. Ал D тобындағы ойынын 11 маусымда ағылшындармен бастайды. Кейін Украина және Швециямен кездеседі.

Еуропа чемпионатына қатысатын Франция құрамасының толық тізімі


Қақпашылар: Седрик Карассо («Бордо»), Уго Льорис («Лион»), Стив Манданда («Марсель»);

Қорғаушылар: Гаэль Клиши («Манчестер Сити», Англия), Патрис Эвра («Манчестер Юнайтед», Англия), Матье Дебюши («Лилль»), Антони Ревейер («Лион»), Лоран Косельни («Арсенал», Англия), Филипп Мексес («Милан», Италия), Мапу Янгамбива («Монпелье»), Адиль Рами(«Валенсия», Испания);

Жартылай қорғаушылар: Флоран Малуда («Челси», Англия), Самир Насри («Манчестер Сити», Англия), Франк Рибери («Бавария», Германия), Йоанн Гуркюфф («Лион»), Алу Диарра («Марсель»), Ян Мвила («Ренн»), Йоан Кабай («Ньюкасл», Англия), Марвен Мартин («Сошо»), Блез Матюиди(«Пари Сен-Жермен»);

Шабуылшылар: Хатем Бен Арфа («Ньюкасл», Англия), Карим Бензема («Реал», Испания);Оливье Жиру («Монпелье»), Жереми Менез («Пари Сен-Жермен»), Лоик Реми, Матье Вальбуэна (екеуі де – «Марсельден»).
XS
SM
MD
LG