Accessibility links

Еуро-турнирге баратын Италия мен Чехия ойыншылары белгілі болды


Чех футболшысы Петр Чех дайындық кезінде. Прага, 10 қазан 2011 жыл.
Чех футболшысы Петр Чех дайындық кезінде. Прага, 10 қазан 2011 жыл.

Италия мен Чехия құрамаларының бапкерлері Еуропа чемпионатына қатысатын футболшылар тізімін жариялады.

Чех бапкері Михал Билек құрамаға Петр Чех, Томаш Росицки сынды мықтыларды шақырған. Ал Италия жаттықтырушысы екі жыл бойы ұлттық командаға ілінбеген Антонио Ди Наталені қатарға қосыпты.

ЧЕХИЯ ҚҰРАМАСЫ

– Құрамаға төрт қақпашыны шақырып отырмын. Петр Чех Чемпиондар лигасының финалында ойнайтындықтан қатарымызға кейінірек қосылады. Ярослав Дробни жарақаттан толық айыққан жоқ. Сондықтан Томаш Григар мен Ян Лаштувканы тізімге қостым. Егер бәрі ойдағыдай болса, чемпионатқа Чех, Дробны және Лаштувка барады, – деді Чехия құрамасының бапкері Михал Билек.

Бас бапкер команда сапына енуге кандидат болған үш жұптың төңірегінде біраз ойланғанын айтады.

– Зденек Поспех пен Франтишек Райторал, Марек Сухи мен Ян Райнох және Даниэл Коларж бен Иржи Штайнер жұптарын көп салыстырдым. Райторал «Виктория» сапында өзін жақсы қырынан көрсетті. Сухи іріктеу жарысында тамаша ойынымен көзге түскен. Ал Коларж – Томаш Росицкидің нағыз ізбасары. Сондақтан мен осы үш ойыншыны құрамаға шақырдым, – дейді бас бапкер.

Чехтар А тобында Ресей, Грекия және Польшамен ойнайды. Ал Еуропа чемпионатына дейін Израиль (26 мамыр) және Венгрия (1 маусым) құрамаларымен жолдастық кездесу өткізеді.

Еуро-турнирге дайындалатын Чехия құрамасының тізімі:


Қақпашылар: Петр Чех ("Челси"), Ян Лаштувка ("Днепр" Днепропетровск), Ярослав Дробны ("Гамбург"), Томаш Григар ("Теплице").

Қорғаушылар: Роман Губник ("Герта"), Михал Кадлец ("Байер"), Томаш Сивок ("Бешикташ"), Даниэл Пудил ("Чезена"), Давид Лимберски ("Виктория"), Франтишек Райторал ("Виктория"), Теодор Гебре Селассие ("Слован" Либерец), Марек Сухи ("Спартак" Москва).

Жартылай қорғаушылар: Томаш Росицки ("Арсенал"), Петр Ирачек ("Вольфсбург"), Даниэл Коларж ("Виктория"), Вацлав Пиларж ("Виктория"), Ян Резек ("Анортосис"), Ярослав Плашил ("Бордо"), Милан Петржела ("Виктория"), Томаш Хюбшман ("Шахтер" Донецк).

Шабуылшылар: Милан Барош ("Галатасарай"), Томаш Пекгарт ("Нюрнберг"), Давид Лафата ("Яблонец"), Томаш Нецид (ЦСКА Москва).

ИТАЛИЯ ҚҰРАМАСЫ

Италия құрамасының бас бапкері Чезаре Пранделли жариялаған тізіміндегі ең жас ойыншылар – 19 жастағы Марко Берратти мен 21 жастағы Маттиа Дестро болса, егдесі – 34 жастағы Антонио Ди Натале.

Антонио Ди Натале «Скуадра адзурра» (құраманың лақап есімі) сапында соңғы рет 2010 жылғы әлем чемпионатында алаңғы шығыпты. Ал биылғы Италияның А
Италия құрамасы Франция командасын жеңгеніне қуанып тұр. Цюрих, 17 маусым 2008 жыл. (Көрнекі сурет)
Италия құрамасы Франция командасын жеңгеніне қуанып тұр. Цюрих, 17 маусым 2008 жыл. (Көрнекі сурет)
сериясында 23 ойын өткізіпті. Соңғы үш маусымда 80 гол соққан «Удинезе» шабуылшысы екі рет Италия чемпионатының мергені атанған.

«Интернационал» футбол академиясының түлегі, 21 жастағы Маттиа Дестро «Сиена» командасында ойнайды. Ол биыл А сериясында 12 голдың авторы атанған ойыншы.

Ал 19 жастан енді асқан Марко Берратти құрама сапында ойын өткізбеген. Сондай-ақ тізімде тағы бір жас ойыншы Фабио Борини де бар. Ол биыл ақпан айында АҚШ-қа қарсы өткен жолдастық кездесуде Италия сапында алғаш рет алаңға шыққан еді.

Италия құрамасында жалғыз ойын өткізгендердің тағы бірі – Алессандро Диаманти. Ол Италия командасының жейдесін бір рет ғана киген. «Вэст Хэмнің» бұрынғы ойыншысы 2012 жылдың қарашасында Румынияға қарсы алаңға шыққан.

Ал қатарға алынған дебютанттардың арасында Эмануэле Джаккерини («Ювентус»), Лука Чигарини және Эзекиль Скелотто (екеуі де -"Аталанта)" бар.

Еуро-турнирге қатысатын Италия құрамасы:


Қақпашылар: Джанлуиджи Буффон ("Ювентус"), Морган Де Санктис ("Наполи"), Сальваторе Сиригу ("Пари Сен-Жермен"), Эмилиано Вивиано ("Палермо").

Қорғаушылар: Игнацио Абате ("Милан"), Давиде Астори ("Кальяри"), Федерико Бальцаретти ("Палермо"), Андреа Бардзальи ("Ювентус"), Сальваторе Боккетти ("Рубин"), Леонардо Бонуччи ("Ювентус"), Джорджио Кьеллини ("Ювентус"), Доменико Кришито ("Зенит"), Кристиан Маджо ("Наполи"), Анжело Огбонна ("Торино"), Андреа Раноккия ("Интернационале").

Жартылай қорғаушылар: Лука Чигарини ("Аталанта"), Даниэле Де Росси ("Рома"), Алессандро Диаманти ("Болонья"), Эммануэле Джаккерини ("Ювентус"), Клаудио Маркизио ("Ювентус"), Риккардо Монтоливо ("Фиорентина"), Тьяго Мотта ("Пари Сен-Жермен"), Антонио Ночерино ("Милан"), Андреа Пирло ("Ювентус"), Эзекиль Скелотто ("Аталанта"), Марко Верратти ("Пескара").

Шабуылшылар: Марио Балотелли ("Манчестер Сити"), Фабио Борини ("Рома"), Антонио Кассано ("Милан"), Маттиа Дестро ("Сиена"), Антонио Ди Натале ("Удинезе"), Себастьян Джовинко ("Парма").
XS
SM
MD
LG