Accessibility links

Испания мен Польшаның да құрамы белгілі болды


Испания құрамасының жанкүйерлері жеңісті тойлап жатыр. Йоханнесбург, 21 маусым 2010 жыл. Көрнекі сурет
Испания құрамасының жанкүйерлері жеңісті тойлап жатыр. Йоханнесбург, 21 маусым 2010 жыл. Көрнекі сурет

Испания құрамасының бас бапкері Висенте Дель Боске мен Польша жаттықтырушысы Францишек Смуда Еуропа чемпионатына қатысатын футболшылардың тізімін жариялады.

ИСПАНИЯ ҚҰРАМАСЫ

Дель Боске тізіміне «Барселонаның» - жеті, «Реалдың» - бес ойыншысы енді. 2008 жылғы Еуропа чемпионатына қатысқан қақпашылар Икер Касильяс, Пепе Рейна да биылғы біріншілікке барады. Ал Виктор Вальдес Австрия мен Швейцарияда өткен құрлық біріншілігіне жарақаттанып, қатыса алмай қалған еді.

Қорғаушылардан Хорди Альба, Хуанфран, Хави Мартинес ірі халықаралық турнирге алғаш қатыспақ. Қалған қорғаушылардың барлығы 2008 жылғы Еуропа чемпионаты мен 2010 жылғы әлем біріншілігіне қатысқандар. Ал Испания құрамасының капитаны Карлос Пуйоль жарақатына байланысты биылғы чемпионатта ойнай алмайды. Мамырдың 12-і күні тізесіне операция жасалған. Дәрігерлер, Пуйоль енді бір жарым айдан кейін алаңға шығуы мүмкін деп хабарлады.

Жартылай қорғаушылардан «Барселона» ойыншысы Тьяго Алкантра тізімге ілінбей қалды. Ал шабуыл шебінде Фернандо Торрес, Негредо, Льоренте және Родригес төрттігі бар. Дель Боске тізіміне «Валенсия» шабуылшысы Роберто Сольдадо енбей қалды.

Өкінішке орай, өткен Еуропа чемпионатының бас мергені Давид Вилья жарақатына байланысты чемпионатқа қатыса алмайды.

Еуро-турнирге қатысатын Испания құрамасының ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Икер Касильяс («Реал»), Виктор Вальдес («Барселона»), Пепе Рейна («Ливерпуль», Англия);

Қорғаушылар: Альваро Арбелоа, Серхио Рамос, Рауль Альбиоль (бәрі – «Реал»), Хуанфран («Атлетико»), Херард Пике («Барселона»), Хави Мартинес («Атлетик»), Хорди Альба («Валенсия»);

Жартылай қорғаушылар: Серхио Бускетс, Хави, Андрес Иньеста, Сеск Фабрегас (бәрі – «Барселона»),Санти Касорла («Малага»), Давид Сильва («Манчестер Сити», Англия), Хуан Мата («Челси», Англия), Хесус Навас («Севилья»), Хаби Алонсо («Реал»);

Шабуылшылар: Фернандо Льоренте («Атлетик»), Фернандо Торрес («Челси», Англия), Альваро Негредо («Севилья»), Педро Родригес («Барселона»).

Испания құрамасы Еуропа біріншілігінде Италия, Ирландия және Хорватиямен бірге C тобында ойнайды. «Қызыл фурия» (Испанияның лақап аты) Италиямен 30 ойын өткізіпті. 9 матчта жеңіске жетсе, 10 кездесуде ұтылға. Ал 11 ойында тең тарқасыпты. Ирландиямен 26 рет кездесіп, 13 мәрте жеңген. 4 ойында есе жіберсе, 9 ойын тең аяқталыпты. Хорватиямен бар болғаны 4 рет алаңға шығып, екі рет ұтқан. 1 ойын тең, 1 матч жеңіліспен аяқталыпты.

ПОЛЬША ҚҰРАМАСЫ

Чемпионатты өткізуші ел Польша құрамасының бас бапкері Франсишек Смуда жариялаған тізімге ел чемпионатында ойнайтын 4 ойыншы еніпті. Оның екеуі «Легия» командасынан болса, қалғаны «Лех» клубынан.

Қақпадағы негізгі орын 22 жасар Войцех Щенсныға тиесілі. Керек кезінде оны Титонь мен Сандомерски алмастырады.

Қорғаушылардан Марцин Каминьски ірі турнирлерге алғаш рет қатысқалы тұр. Ал қалғандары – құраманың белді мүшелері.

Жартылай қорғаныста ойнайтын Рафал Вольски де Еуропа чемпионатына алғаш шығады. Бапкер биылғы біріншілікте капитан етіп Якуб Блашиковскиді сайлады.
Францияның «Лилль» командасында ойнайтын 31 жасар шабуылшы Иренеуш Елень тізімге енбей қалды

Еуропа чемпионатында ойнайтын Польша құрамасының ойыншылары:

Қақпашылар: Войцех Щенсны ("Арсенал", Англия), Пшемыслав Титонь (ПСВ, Нидерланды), Гжегож Сандомерски ("Генк", Бельгия);

Қорғаушылар: Лукаш Пищек ("Боруссия" Д, Германия), Марцин Василевски ("Андерлехт", Бельгия), Якуб Вавжиняк ("Легия"), Марцин Каминьски ("Лех"), Гжегож Войтковяк ("Мюнхен 1860", Германия), Себастьян Бёниш ("Вердер", Германия), Дамьен Перкис ("Сошо", Франция);

Жартылай қорғаушылар: Эуген Полански ("Майнц", Германия), Дариуш Дудка ("Осер", Франция), Адам Матущик ("Фортуна", Германия), Адриан Мержеевски ("Трабзонспор", Түркия), Якуб Блащиковски ("Боруссия" Д, Германия), Людовик Обраньяк ("Бордо", Франция), Мацей Рыбус ("Терек", Ресей), Камил Гросицки ("Сивасспор", Түркия), Рафал Муравски ("Лех"), Рафал Вольски ("Легия");

Шабуылшылар: Роберт Левандовски ("Боруссия" Д, Германия), Артур Собьек ("Ганновер", Германия), Павел Брожек ("Селтик", Шотландия).

Польша құрамасы Еуропа біріншілігінде Грекия, Ресей және Чехиямен А тобында ойнайды. Поляктар Ресей құрамасымен 3 кездесу өткізіп, 1 ойында жеңген. 1 ойынды тең аяқтап, 1 ойында ұтылыпты. Ал Чехиямен 5 рет кездескен (+3. =0. - 2). Грекияны 14 рет ұтып, 2 рет тең түсіп, 3 ойында есе жіберіпті.
XS
SM
MD
LG