Accessibility links

Тьям халқы матриархат дәуірінде өмір сүріп жатыр

Далат қаласындағы ең биік белестердің біріне орнатылған Будда мүсіні.
1/13 Далат қаласындағы ең биік белестердің біріне орнатылған Будда мүсіні.
Вьетнамда болған Азаттық тілшісі матриархатта өмір сүріп жатқан тьям халқының тыныс-тіршілігімен танысты. Жергілікті тұрғындардың қолөнер кәсібі, 8-ғасырда тұрғызылған биік мұнаралары мен Вьетнам табиғатын суреттейтін фотогалерея ұсынамыз.
Далат қаласы биік тау жотасында орналасқан. 27 шілде 2013 жыл.
2/13 Далат қаласы биік тау жотасында орналасқан. 27 шілде 2013 жыл.
Вьетнамда болған Азаттық тілшісі матриархатта өмір сүріп жатқан тьям халқының тыныс-тіршілігімен танысты. Жергілікті тұрғындардың қолөнер кәсібі, 8-ғасырда тұрғызылған биік мұнаралары мен Вьетнам табиғатын суреттейтін фотогалерея ұсынамыз.
«Нақұрыс үй» - Далатқа келген туристер соқпай кетпейтін орындардың бірі. Қалыптан тыс үйдің құрылысы вьетнамдық жоғары лауазымды бір шенеуніктің қызының жобасы бойынша салынған.
3/13 «Нақұрыс үй» - Далатқа келген туристер соқпай кетпейтін орындардың бірі. Қалыптан тыс үйдің құрылысы вьетнамдық жоғары лауазымды бір шенеуніктің қызының жобасы бойынша салынған.
Вьетнамда болған Азаттық тілшісі матриархатта өмір сүріп жатқан тьям халқының тыныс-тіршілігімен танысты. Жергілікті тұрғындардың қолөнер кәсібі, 8-ғасырда тұрғызылған биік мұнаралары мен Вьетнам табиғатын суреттейтін фотогалерея ұсынамыз.
Далат қаласына "тұмандар қаласы" деп аталатын жерден өтіп, бұралаң тау жолымен (серпантин) жетесіз.
4/13 Далат қаласына "тұмандар қаласы" деп аталатын жерден өтіп, бұралаң тау жолымен (серпантин) жетесіз.
Вьетнамда болған Азаттық тілшісі матриархатта өмір сүріп жатқан тьям халқының тыныс-тіршілігімен танысты. Жергілікті тұрғындардың қолөнер кәсібі, 8-ғасырда тұрғызылған биік мұнаралары мен Вьетнам табиғатын суреттейтін фотогалерея ұсынамыз.
&laquo;Пошану мұнараларын&raquo; 8-ғасырда Вьетнамның оңтүстігінде өмір сүретін тьям халқы тұрғызған. Бұл мұнараларды қызыл кірпіштен салған, кірпішті бір бірімен байланыстырған қоспаның құрамын әлі күнге дейін біле алмай келеді.&nbsp;<br />
<br />
Мұнаралар тұрған Биньтхуан провинциясы бір кездері тьямдар мемлекеті - Тямпа патшалығының жері болған. Бірақ солтүстіктен келген вьеттер ол патшалықты күйретіп, жерін жаулап алған.
5/13 «Пошану мұнараларын» 8-ғасырда Вьетнамның оңтүстігінде өмір сүретін тьям халқы тұрғызған. Бұл мұнараларды қызыл кірпіштен салған, кірпішті бір бірімен байланыстырған қоспаның құрамын әлі күнге дейін біле алмай келеді. 

Мұнаралар тұрған Биньтхуан провинциясы бір кездері тьямдар мемлекеті - Тямпа патшалығының жері болған. Бірақ солтүстіктен келген вьеттер ол патшалықты күйретіп, жерін жаулап алған.
Вьетнамда болған Азаттық тілшісі матриархатта өмір сүріп жатқан тьям халқының тыныс-тіршілігімен танысты. Жергілікті тұрғындардың қолөнер кәсібі, 8-ғасырда тұрғызылған биік мұнаралары мен Вьетнам табиғатын суреттейтін фотогалерея ұсынамыз.
Тьям мұнарасының ішіндегі құрбандық қалдыратын үстел. Тьямдықтар құдайларының мейірімін жібіту үшін осында өздері әкелген майшамдар, сый-сияпаттар мен гүлдер қалдырады.
6/13 Тьям мұнарасының ішіндегі құрбандық қалдыратын үстел. Тьямдықтар құдайларының мейірімін жібіту үшін осында өздері әкелген майшамдар, сый-сияпаттар мен гүлдер қалдырады.
Вьетнамда болған Азаттық тілшісі матриархатта өмір сүріп жатқан тьям халқының тыныс-тіршілігімен танысты. Жергілікті тұрғындардың қолөнер кәсібі, 8-ғасырда тұрғызылған биік мұнаралары мен Вьетнам табиғатын суреттейтін фотогалерея ұсынамыз.
&laquo;Тьямның Пошану мұнаралары&raquo; ғибадатхана кешенінен қарағанда теңіз жағалауының көрінісі.
7/13 «Тьямның Пошану мұнаралары» ғибадатхана кешенінен қарағанда теңіз жағалауының көрінісі.
Вьетнамда болған Азаттық тілшісі матриархатта өмір сүріп жатқан тьям халқының тыныс-тіршілігімен танысты. Жергілікті тұрғындардың қолөнер кәсібі, 8-ғасырда тұрғызылған биік мұнаралары мен Вьетнам табиғатын суреттейтін фотогалерея ұсынамыз.
&laquo;Тьямның Пошану мұнаралары&raquo; ғибадатхана кешеніндегі тастан қашалған мүсіндер.
8/13 «Тьямның Пошану мұнаралары» ғибадатхана кешеніндегі тастан қашалған мүсіндер.
Вьетнамда болған Азаттық тілшісі матриархатта өмір сүріп жатқан тьям халқының тыныс-тіршілігімен танысты. Жергілікті тұрғындардың қолөнер кәсібі, 8-ғасырда тұрғызылған биік мұнаралары мен Вьетнам табиғатын суреттейтін фотогалерея ұсынамыз.
Қыштан күйдіріп жасалған тьям құдайларының шағын мүсіндері.
9/13 Қыштан күйдіріп жасалған тьям құдайларының шағын мүсіндері.
Вьетнамда болған Азаттық тілшісі матриархатта өмір сүріп жатқан тьям халқының тыныс-тіршілігімен танысты. Жергілікті тұрғындардың қолөнер кәсібі, 8-ғасырда тұрғызылған биік мұнаралары мен Вьетнам табиғатын суреттейтін фотогалерея ұсынамыз.
Тастан жасалған кеме макеті. &laquo;Тьямның Пошану мұнаралары&raquo; ғибадатхана кешеніне жергілікті зергерлер мен шеберлердің қолынан шыққан көптеген бұйымдар қойылған.
10/13 Тастан жасалған кеме макеті. «Тьямның Пошану мұнаралары» ғибадатхана кешеніне жергілікті зергерлер мен шеберлердің қолынан шыққан көптеген бұйымдар қойылған.
Вьетнамда болған Азаттық тілшісі матриархатта өмір сүріп жатқан тьям халқының тыныс-тіршілігімен танысты. Жергілікті тұрғындардың қолөнер кәсібі, 8-ғасырда тұрғызылған биік мұнаралары мен Вьетнам табиғатын суреттейтін фотогалерея ұсынамыз.
Маңайындағы ауылдардың тұрғындары &laquo;Тьям мешіті&raquo; деп атайтын ғимарат. Оның архитектурасы мен сыртқы пішіні Вьетнамда кездесетін будда пагодалары мен католиктердің костелдерінен өзгеше.
11/13 Маңайындағы ауылдардың тұрғындары «Тьям мешіті» деп атайтын ғимарат. Оның архитектурасы мен сыртқы пішіні Вьетнамда кездесетін будда пагодалары мен католиктердің костелдерінен өзгеше.
Вьетнамда болған Азаттық тілшісі матриархатта өмір сүріп жатқан тьям халқының тыныс-тіршілігімен танысты. Жергілікті тұрғындардың қолөнер кәсібі, 8-ғасырда тұрғызылған биік мұнаралары мен Вьетнам табиғатын суреттейтін фотогалерея ұсынамыз.
Жергілікті тұрғындар &laquo;Тьям мешіті&raquo; деп атайтын ғибадатхананың ішіне қойылған Тьям патшасы мен оның әйелінің мүсіндері.
12/13 Жергілікті тұрғындар «Тьям мешіті» деп атайтын ғибадатхананың ішіне қойылған Тьям патшасы мен оның әйелінің мүсіндері.
Вьетнамда болған Азаттық тілшісі матриархатта өмір сүріп жатқан тьям халқының тыныс-тіршілігімен танысты. Жергілікті тұрғындардың қолөнер кәсібі, 8-ғасырда тұрғызылған биік мұнаралары мен Вьетнам табиғатын суреттейтін фотогалерея ұсынамыз.
Түрлі-түсті құм шағылдарының арасымен өтетін бұлақтың табанындағы қара дақтар - осы маңда өндірілетін титан кенінің белгілері.
13/13 Түрлі-түсті құм шағылдарының арасымен өтетін бұлақтың табанындағы қара дақтар - осы маңда өндірілетін титан кенінің белгілері.
Вьетнамда болған Азаттық тілшісі матриархатта өмір сүріп жатқан тьям халқының тыныс-тіршілігімен танысты. Жергілікті тұрғындардың қолөнер кәсібі, 8-ғасырда тұрғызылған биік мұнаралары мен Вьетнам табиғатын суреттейтін фотогалерея ұсынамыз.
Previous slide
Next slide

Шығыс халықтарының дәстүрінде «ер адам – шаңырақ иесі, ұрпақ жалғастырушы» деген түсінік қалыптасқан. Бірақ Вьетнамда матриархат дәуірін бастан өткеріп жатқан тьям деген жұрт бар.

Кофе өсетін плантациялар мен таулы асу артта қалды. Туристер мінген минивэн келе жатқан жол Оңтүстік-Қытай теңізі жағалауына қарай созылып жатыр. Жол бойында күріш алқаптары мен мал фермалары кезек-кезек ұшырасады. Кенет көлік терезесінен шағын ауыл көрінді. Ауылдың өңі қоңырқай, жүзі биязы тұрғындарының сырт келбеті вьетнамдарға ұқсамайды екен.

– Бұл – тьям ауылы. Тьямдардың тұрмысы вьетнамдарға мүлде ұқсамайды. Оларда отбасын әйел басқарады, – деді лақап аты Борис деген жол бастаушы Азаттық тілшісіне.

«Тьямның Пошану мұнаралары» деген ғибадатхана кешеніне келгенімізде қолдан жасалған тігін станогы бірден көзге түсті. Станокта елулер шамасындағы бір әйел отыр. Есімі Нинь деген осы әйелдің айтуынша, тьямдардың отбасылық тұрмыс-салты вьеттердің де, басқа көршілес халықтардың да патриархат салттарына ұқсамайды.

Тігін станогында жұмыс істеп отырған тьям әйелі

Тоқымашы тьям әйелі
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:34 0:00
Жүктеп алу


ҰЛДАР БАСҚА ҮЙГЕ КЕТЕДІ

– Болашақ күйеуімді бір көргеннен ұнаттым. Кейін туыстарым оның әке-шешесіне барып құда түсті. Екеуміз үйлендік. Бұрын күйеу жігіттің қалың малына буйвол беретін, қазір алтын бұйымдар мен ақша беруге болады. Күйеуім – жақсы адам, маған екі қыз сыйлады, ұрпағымыз үзілмейтін болды, – дейді Нинь.

Нинь тьям халқының жазылмаған заңдары туралы айтып берді. Егер әйел бірінші күйеуінен қыз бала көре алмаса, екінші рет тұрмысқа шыға алады. Егер одан да қыз бала болмаса, әйелдің үшінші, тіпті төртінші рет тұрмысқа шығуына рұқсат етіледі. Бірақ тьям әйеліне төрт күйеуден артық тұрмысқа шығуға болмайды. Бөлек күйеуден туған балалар бірге тәрбиеленеді, олар шешесінің күйеулерін «әке» дейді.

Қыз жақ күйеу жігіттің әке-шешесіне қалтасының қалыңдығына қарай 1 мыңнан 5 мың долларға дейін «қалың мал» төлейді. Вьетнамда орташа айлық жалақы шамамен 200-300 доллардай екенін ескерсек, бұл қомақты ақша деуге болады.

Тьям қыздар көңілі ауған жігітті әке-шешесінің үйіне «түсіреді». Күйеу жігіт те, одан туған балалар да анасының тегіне жазылады. Жас отбасы тұңғыш қызы туған соң әке-шеше шаңырағынан бөлек шығуына болады. Бірақ үлкен қыздары нағашы әжесінің бауырында қалады.

– Ата-анасы қыздардың тәрбиесіне көп көңіл бөледі. Өйткені бізде ұл емес, қыз бой жетіп, әке-шешесіне көмектесіп, оларды асырауы тиіс. Ұлдар басқа үйге кетеді, – дейді Нинь.

Жолсерік Бористің айтуынша, Вьетнамда коммунистік партия билігі орнаған соң мемлекет тьям жұртын полигамиядан бас тартуға үгіттеген. Бірақ тьям «ежелгі заңымызды өзгерте алмаймыз» деп, көп некелік салттарын сақтап қалды. Ресми органдар екінші және одан кейінгі некелерді тіркемейді.

ДІНИ ҒИМАРАТТАР

Тьям жұрты ісмер тігінші ғана емес, шебер зергер, ағаш пен тастан өрнек қашайтын оюшылар да екен. Туристерді көне мұнараларға ертіп келе жатқан
Тьямдардың Пошану мұнаралары. Вьетнам, 31 шілде 2013 жыл.
Тьямдардың Пошану мұнаралары. Вьетнам, 31 шілде 2013 жыл.
Борис «Олардың арасынан тамаша тас қалаушылар да көп шығады» дейді.

Сегізінші ғасырда салынғанымен, Пошану мұнараларының бір бөлігі жап-жақсы сақталыпты. Олар қызыл кірпіштен тұрғызылған. Бірақ кірпіштерді бір-бірімен дәнекерлейтін материалдың құпиясы әлі күнге дейін жұмбақ. Мұнаралардың конус тәрізді дизайны мен ғимараттардың симметриялық пішініне қарағанда, ежелгі тьям халқы күрделі математикалық амалдарды жетік білген сияқты.

Мұнаралар осы күнге дейін діни ғимарат ретінде пайдаланылып келген сияқты. Құдайларынан шапағат тілеген тьямдар мұнаралардың ішіндегі кішкентай үстелге гүл шоқтары мен тағам қойыпты. Біз әңгімелескен тьямдардың көбі «Баламон деген діни ағымды ұстаймыз, біздің дініміз бен индуизмнің ортақ белгілері көп» деп түсіндірді.

Егер осы тақырыпта жазылған аз-маз ғылыми әдебиетке сенсек, тьямның бір бөлігі исламның сүннит ағымын ұстанады. Бірақ қанша іздегенімізбен, мұсылман
Тьям мешітіндегі мүсіндер. Вьетнам, 31 шілде 2013 жыл.
Тьям мешітіндегі мүсіндер. Вьетнам, 31 шілде 2013 жыл.
тьямдарға кездесіп, олардың матриархаттық немесе патриархаттық тұрмыс-салтты ұстанатынын білудің сәті түспеді.

Жергілікті тұрғындардың кеңесімен жұрт «тьям мешіті» деп атайтын ғимаратқа келдік. Ислам қағидаларына қарамастан, діни ғимараттың ішіне ер адам мен әйелдің мүсіндері қойылыпты. Ғимарат Вьетнамда кездесетін буддалық пагода мен католик костеліне ұқсамайды. Бірақ бұл ауылда тьямдар тұрмайды екен. Бізге есік ашқан ғибадатхананың қарауылы, ұлты вьет ер адамның айтуынша, мұсылман тьямдар бұл арадан жүздеген шақырым шалғайда тұрса да, мұнда өтетін діни мерекелерге келіп тұрады.

ОТБАСЫН МОТОЦИКЛ АСЫРАЙДЫ

«Мешіттен» қайтып келе жатып жол-жөнекей шағын қыстаққа бұрылдық. Жалаңаяқ балалар біздің көлігімізді көріп, кімдер келгенін білу үшін жанымызға жүгіріп келді. Тьямдарды іздеп жүргенімізді естіп, бізді тьям әйел тұратын үйге ертіп апарды.

Мэктің жасы 39-да, ұлты вьет жігітке тұрмысқа шыққан. Жолсерігіміздің айтуынша, тьямдардың арасында аралас неке сирек кездесетіндіктен, бұл әйелдің әңгімесін қызыға тыңдадық.

Мэктің айтуынша, ол үш әкесімен де бірге тұрған. Бірақ вьет жігітін сүйіп, әке-шешесінің қарсылығына қарамастан күйеуге шығыпты. Күйеуіне қалың мал
Тьям мұнарасындағы құрбандық орны. Вьетнам, 31 шілде 2013 жыл.
Тьям мұнарасындағы құрбандық орны. Вьетнам, 31 шілде 2013 жыл.
төлемепті. Жас отбасы Мэктің әке-шешесі қалың малға деп жинаған ақшаға сатып әперген үйде тұрады. Мэк пен күйеуі Нидің үш баласы бар – екі ұл, бір қыз. Ұл-қызы бар ерлі-зайыптылардың ұрпағым жалғасады деп көңілі тоқ.

– Ниді кездестіргеніме өкінбеймін. Тьям жігітіне тұрмысқа шықпағаным тағдырдың жазуы болар. Бізде бәрі жақсы, тату-тәтті отбасымыз, – дейді Мэк.

Күйеуі Ни де Мэкті қостап қояды. Бүкіл отбасын үйдегі жалғыз мотоцикл асырап отыр екен. Ни оны күніне 10 долларға жалға береді немесе өзі мініп, көршілердің ыдыстарын қабылдау орнына жеткізеді, іргедегі қалаға көкөніс тасиды. Мотоциклдің арқасында балалардың мектептегі оқуының ақшасын төлеп, үйдің керек-жарағын алады.

Жиһазы жұтаңдау үйде Мэк күріш пен маниок деген өсімдіктің түбірінен кешкі ас әзірледі.

Оның үйінен екі шақырымдай жерде ұшақ жасау мен наноталшық шығаруда пайдаланылатын өте қымбат металл – титан өндіріледі. Титан өндірісі белгісі – қара дақтар қыстақ шетінен ағып жатқан бұлақ түбінен де көрінеді.
Айдар
XS
SM
MD
LG