Үздік үш комментарий

Көрнекі сурет

Аzattyq.org оқырмандары соңғы аптада сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.

БІРІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Біздің қазақтар нәрестенің жолдасын ешкімге көрсетпей көміп тастайтын бұрын, соған қарағанда, мақалада айтылған ғажап жаңалық ата-бабаларымызға жаңалық болмаған сияқты ғой. Сондай-ақ «кіндіктен тиген көз жаман» деп ырымдап отыратын әжелеріміздің сөзі де осындай сырға байланысты болса керек.

Ақтас, Almati

Нәрестенің кіндікбау қаны таптырмас ем болып шықты» деген баспасөз шолуына жазылған пікір)

ЕКІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Сорлы Мариямыз қазақ тілін басқа тілден ажырата да алмағаны ғой. Жетіскен екенбіз, міне билік желеулеткен ассамблеямыздың жемісі. Негізінде сорлы болып тұрған қазақтың тілі мен өз азаматы білмейтін гимні. Шынында да масқара. Борат артын ашып күліп жатқан шығар.

Ареке, ОҚО

Қазақстанның гимнін Бораттың әнімен шатастырды» атты мақалаға жазылған пікір)

ҮШІНШІ КОММЕНТАРИЙ

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны істейсің деген екен бұндайда қазақ бабамыз. Басшыларымыз бен көшбастаушыларымыз алаяқ ұрылар болса студенттеріміз қалайша қалыспақ?

Ауылдың қазағы, Алматы

АҚШ-та қазақ студенттері «ұрлық жасады» деп айыпталды» деген мақалаға жазылған пікір)