2 — 6 қыркүйек 2013 жыл

Қазақстанның білім және ғылым министрі болып Аслан Сәрінжіпов тағайындалды. Бұған дейін Назарбаев университеті атқару кеңесінің төрағасы болған Сәрінжіпов министр қызметін 2010 жылдың қыркүйегінен бері атқарған Бақытжан Жұмағұловтың орнына келді.

Грузияның Телави қаласында екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан жауынгерлерге арналған монументтің жанына СССР басшысы Иосиф Сталинге қайта қойылған ескерткішті ашылғаннан кейін бірнеше сағаттан соң біреулер бүлдіріп кетті.

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі Сириядағы азаматтық соғыстан босып, бас сауғалаған адамдардың саны 2 миллионға жеткенін хабарлады. Суретте: Ирактағы сириялық босқындарға арналған лагерь.

Армения президенті Серж Саргсян (сол жақта) Ресей, Қазақстан және Беларусь құрған Кеден Одағына өз елінің де қосылуға шешім қабылдағанын мәлімдеді. Еуропа Одағы бұндай жағдайда Арменияның ЕО-мен қауымдастық туралы келісімге қол қоюға мүмкіндігі азаятынын ескертті.

Мәскеуде қуғындағы қазақ олигархы Мұхтар Әблязовтың адвокаты Елена Тищенко тұтқындалды, ол "Қазақстаннан заңсыз шығарылған 3 миллиард АҚШ долларына" қатысты іс бойынша қамалып отыр.

Риддер қалалық соты "діни араздық қоздырды" деген айып бойынша жарты жылға жуық уақыт қамауда отырған журналист әрі құқық қорғаушы Александр Харламовты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатуға шешім шығарды.

Санкт-Петербургте әлемдік экономиканың 90 пайыз үлесіне ие дамыған және дамушы 20 елдің (G-20) саммиті басталды. Суретте: саммитке қатысушы кейбір елдердің басшылары.

Индонезияның бірнеше қаласында осы елде «Әлем аруы» шоуын өткізуге қарсылық білдірген жүздеген исламшы наразылық акцияларына шықты. Ол аталған байқауды әдепсіз және порнографиялық шара деп санайды.

АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Саманта Пауэр (суретте) Ресейді "Сирияға қарсы шешім қабылдауға кедергі келтіріп, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін кепілде ұстап отыр" деп сынады. АҚШ Сирия билігін "химиялық қару қолданған" деп айыптап отыр.